Сабақтың тақырыбы Қазақстандағы пайдалы қазба түрлері Мақсаты Білімділік



жүктеу 43.13 Kb.
Дата13.12.2017
өлшемі43.13 Kb.
түріСабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 сынып Мұғалім: Ж.Тасходжаева


Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы пайдалы қазба түрлері

Мақсаты


1. Білімділік:

Оқушыларға қазақстанның пайдалы қазба-

ларының түрлері туралы жан-жақты кеңейтіп

түсінік беру.



2. Дамытушылық:

Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру барысында оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, ойлау, танымдық, қызығушылық қабілеттерін дамыту.



3. Тәрбиелік:

Оқушылардың бойында табиғаттағы пайдалы қазбаларды қорғауға деген жауапкершілігін арттыру барысында пайдалы қазбаларды тиімді пайдалануға және қорғай білуге тәрбиелеу.




Психологиялық ахуал

Қайырлы күн деп айтамыз

Түсте бірге қайтамыз

Отбасының гүліміз

Көңілді өтер күніміз





Қызығушылықты ояту

Пайдалы қазбалардың түрлерін бірнеше топқа бөле отырып, олар туралы білім түсініктерімізді кеңейтеміз

Оқушыларды 3 топқа бөлу

1-топ - «Көмір» тобы

2-топ - «Темір» тобы

3-топ - «Алтын» тобы

«Ой қозғау»

Сұрақ-бізден, жауап сізден.

«Қарлы-кесек» ойыны

Ойынның шарты: оқушылар бір-біріне допты лақтырып, сұрақтарға жауап береді.

-Тау жыныстарына нелер жатады?

- Гранитті қайда қолданамыз?

-Құмды қай жерде қолданамыз?

- Сазды қай жерде қолданамыз?

-Құм мен саздың қандай айырмашылығы бар?

- Мұнайдан не аламыз?

-Көмірді қайда қолданамыз?

-Құмның қандай түрлері бар?




Мағынаны тану

- Көмір қандай зат? Оның қасиеті (жанады)
- Темір нелерден жасалады, қалай аталады? (металлдан)
- Ас тұзы не үшін қажет? Жерді тыңайту үшін қандай қазбаның түрін қолданамыз?
Оқушылардың ойларын тыңдай отырып, осы әрбір айтылған қазбаның түрлі топтарға бөлінетіндігін айту.

Жаңа сабақ


Пайдалы қазбалар қолдануына қарай үшке бөлінеді
(жанғыш пайдалы қазба, кенді пайдалы қазба, кенге жатпайтын пайдалы қазба)
Жанғыш - тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ.
Кенді - алюминий, мыс, қорғасын, күміс, мырыш
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар - ас тұзы, фосфор, құм, саз, цемент
- Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?
- Геологтар
- Қазақтың тұңғыш геологі кім еді?
- Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (түсіндіру)
Жанғыш пайдалы қазбалар
Тас көмір - ең көп өндірілетін пайда қазба. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды.
Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.
Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген заттар бөлініп алынады.
Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.

Кенді пайдалы қазбалар


Бұларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий сияқты металдар алынады. кенді пайдалы қазбалар орталық Қазақстанда өте көптеп кездеседі. Әсіресе, Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Олар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс материалдары үшін өте қажетті. Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы орындардың бірін алады. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит ұны тыңайтқышын өндіреді. Мәрмәрдан әртүрлі ескерткіштер, үй баспалдақтары жасалады. Әктас, құм, саз құрылыс салу үшін өте қажетті.
Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар қоры көп өндірілетін орындарды көрсету.
Тас көмір - Қарағанды, Екібастұз
Мұнай - Атырау, Ақтау, Орал өңірінде
Газ - Ақтау, Орал облыстарында
Алюминий – Арқалықта
Мыс кені – Жезқазғанда
Ас тұзы - Қызылорда, Павлодар, Алматы өңірінде
Темір кені - Қостанай өңірінде
Фосфорит - Ақтөбе, Тараз өңірлерінде
Біз осындай тамаша пайдалы қазбаларымыз арқылы мақтана аламыз және мақтаныш сезіммен
« Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 - ы біздің еліміздің кен қойнауында бар. 70 элементтің қоры барланып зерттелген. Ал өндіріске 60 - тан астам элемент тартылған. Бүгінгі күнге дейін минерал шикізатының 1225 түрі бар 493 кен орыны белгілі.
Пайдалы қазындылар қорының көлемі жағынан Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында: күміс, хромит, қорғасын, мырыш өндіруден бірінші орында, мұнай көмір, мыс, никель, фосфат шикізатын өндіруі бойынша – екінші, ал алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр. Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі қоры бар, жыл сайын мұнда 32 млн. тонна мұнай өндіріліп отырады екен»
«Бақытты ұлы Отан» әнін шырқаймыз.
Пайдалы қазбалардың шартты белгісімен таныстыру

Сергіту сәті

Бір мен екі алмаңдар!
Үшке алданып қалмаңдар!
Кілең төрттік алғандар,
Мені ғана армандар. (С. Сауытбеков)

Ой толғаныс

Дәптермен жұмыс
Пайдалы қазбалардың түрлерін жаздырту
Шығармашылық тапсырма
Пайдалы қазбалардың қажеттілігі туралы өз ойларынан өлең шығару
Көзге сергіту (планета) Планетамызда қанша пайдалы қазбалар болса, соның бәрін біздің жерімізден, яғни жер қойнауынан табуға болады екен.

Үйге тапсырма

Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар өндірілетін жерлерді көрсетуге дайындалу. Шартты белгілерін жатқа жаза білуге дайындық жасау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Каталог: uploads -> doc -> 0d5d
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0d5d -> Сабақ. География- 11сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) Мұғалім : Наушабаева Динара Сейткаримовна Тақырыбы: Чехия Сабақтың ақпараттық картасы: Мақсаты
0d5d -> Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау Сабақтың мақсаты
0d5d -> Өз іс-тәжірибеме енгізілген өзгерістер туралы Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Измагамбетова Райхан Амандыковнаның рефлективтік есебі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет