Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның хіү-ХҮ ғасырлардағы мәдениет Пән мұғалімі: Абилова Қ. Т. Сынып: 7



жүктеу 48.12 Kb.
Дата25.10.2017
өлшемі48.12 Kb.
түріСабақ

Ғ.Мұратбев атындағы №17 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы мәдениет
Пән мұғалімі: Абилова Қ.Т.

Сынып: 7 «Б»

Күні: 18.02.2014ж.


Тараз қаласы 2014ж.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті туралы оқушылардың алған білімдерін орнықтыру;

  • Дамытушылық: Оқушылардың тест сұрақтарымен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға, талмай ізденуге , ұжымдық қарым- қатынас жасауға тәрбиелеу.


Сабақтың типі: білім тексеру сабағы

Сабақтың түрі: топтық жарыс сабақ

Әдістері: СТО технологиясы, демонстрациялау, тест.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар.

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу,сабаққа дайындығын тексеру,оқушылардың назарын сабаққа аудару, түстер бойынша топқа бөлу.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

  1. «Ой қозғау» Миға шабуыл ( не білеміз?)

  2. Тест сұрақтары

ІІІ. Постермен жұмыс


1.Тарихи диктант

2.«Кім жылдам?» ойыны





  1. Ой қозғау. Миға шабуыл (не білеміз?)



І-топ


1. ХІҮ-ХҮ ғасырда Қазақстандағы хандықтар шаруашылығының басым

түрі.


2.Қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, құртты, қымызды қалай

жасайтындарын таңдана жазған кімдер?


ІІ-топ

  1. Материалдық игіліктер қандай шикізат көзіне негізделді.

2. ХІІІ ғасырда жазба деректерге қарағанда, киіз үйдің қандай түрі болған?


ІІІ-топ

1. Қазақстанның байырғы тұрғындары аспан әлемін қалай атаған?

2. Қуаңшылық жылдары қандай ырым жасалған?


2. Тест сұрақтары
1. Халықтардың әдет-ғұрпы, салт-санасы, ауыз әдебиеті, қиял-ғажайып әңгімелері , наным-сенімдері қандай мәдениетке жатады?

А) Материалдық мәдениет Б) Рухани мәдениет В) Фольклор

2.Ел ішінде айтылып жүрген ертегілер,аңыз әңгімелер, мақал-мәтел, жұмбақ эпостық жырлар неге жатады?

А) Дін Б) Мәдениет В) Фольклор



3.Ауыз әдебиеті қай дәуірде бастау алған?

А) Түрік дәуірінде Б) Тас дәуірінде В) Қола дәуірінде



4.Ауыз әдебиетінде кең тараған жанрдың бірі.

А) Ертегі Б) Аңыз әңгіме В) Жұмбақ



5. Ауыз әдебиетінде ертеде ел аузында айтылып келе жатқан ірі саланың бірі.

А) Батырлық жыр Б) Эпостық жыр В) Аңыз әңгіме



6.Авторы белгілі ауызша поэзияның үлгілері қай ғасырда дами бастаған?

А)Х-ХІ Б) ХІІІ-ХҮ В) ХІІ-ХІІІ



7. «Кодекс-куманикус», «Оғызнама», туындылары қай тілде жазылды?

А) Қыпшақ Б) Араб В) Түрік



8. «Хұсрау мен Шырын» шығармасының авторы.

А)Абдрахман Жәми Б) Кутб В) Хорезми



9. Тойбастар, беташар қандай бағытта туған әндер?

А) Еңбек ету кезінде Б) Күйініште В) Қуанышта



10.Аталған сәулет өнері ескерткіштерінің қайсысы монғол шапқыншылығынан кейін салынған?

А) Айша бибі Б) Арыстан баб В) Ақыртас ғимараты



11. Әмір Темір бұйрығымен тұрғызылған сәулет өнерінің ғажайып туындысы

А) Боран мұнарсы Б) Алаша хан кесенесі В) Қожа Ахмет Йасауи



12. ХІҮ-ХҮ ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде салынған ескерткіш

А) Аяққамыр Б) Алаша хан кесенесі В) Мырзарабат сардбасы


Тесттің жауаптары:




1.Б

2.В

3.А

4.А

5.В

6.Б
7.А

8.Б

9.В

10.А

11.В

12.Б

ІІІ. Постермен жұмыс



  1. топқа Материалдық мәдениет ( материалдық мәдениетке керекті суреттерді, жазуларды плакатка жазып қорғау)


2.топқа Діни наным-сенімдер ( діни наным- сенімдер туралы мақал – мәтел дайындау)
3.топқа Кесенелер ( кесенелер туралы суреттер, жазуларды

плакатқа жазып қорғау)


4.Тарихи диктант
І-топ
Қолданбалы өнер-________________________________ажырамас бір бөлігі. Кез келген күрделі, алып құрылыс жүйелерін, ғимараттарды сәндеп әшекейлемесе, олардың іші-сырты көз тартатындай безендірілмесе, __________________________________________________. Сондықтан шеберлер өздері жасаған ғимараттарын сән-салтанатты етіп көрсетуде ______________________________________ пайдаланған.

ІІ-топ
ХІҮ-ХҮ ғасырларда _________________________________ жаңа үлгілері қалыптаса бастаған.Ғимарат төбесін жабу ісінде_______________________

жүйесі жетілдірілді,жаңа қаптама материалдар пайда болды. Ғимарат сәнді болу үшін шебер,біріншіден,__________________________________________________және оның көлеміне қатты көңіл бөледі.



ІІІ-топ
Екіншіден, кірпіштердің бір жағына_________________________________ назар аударған.Ғимараттың сыртқы қабырғалары әр түрлі ою-өрнектермен безендірілген.Қожа Ахмет Йасауи, Көккесене, Алаша хан ғимараттарынан____________________________________________________көруге болады. Әйнек сыр жалатылған кірпіштердегі сырдың __________________________________________________________________, күн көзінде қанша ғасырлар тұрса да өшпей, оңбай, өз қалпын сақтауы.
4. «Кім жылдам» ойыны ( ұяшықтар таңдап, суретті әңгімелеу)
ІV. Бекіту сұрақтары: «Мен саған, сен маған» ойыны ( оқушылардың өздері дайындап келген сұрақтары мен жауаптары)
V.Үйге тапсырма: «Сәулет өнері» тақырыбына реферат жазу
VI. Бағалау
VII. Кері әсер парағы



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет