Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы дербес компьютерлер мен оның құрамдас бөлігі Сілтеме



жүктеу 48.41 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі48.41 Kb.
түріСабақ


Пәні: Информатика

8 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Қазіргі заманғы дербес компьютерлер мен оның құрамдас бөлігі

Сілтеме:

Информатика 8 сынып Е.В. Шевчук, Н.С. Кольева

электорнды оқулық



Жалпы мақсаттар:

Дербес компьютер құрамына кіретін құрылғылар туралы түсінік беру



Оқыту нәтижесі :

Дербес компьютерде жұмыс істей алады. Ойларын ашық айтуға дағдыланады.

Пікір алуға, топтеп жетекшілік жасауға үйренеді.

Сыни ойлауға дағдыланады

Тақырыпты жүйелі түсінеді;

Өзін және өзгені бағалайды .


Түйінді идеялар

.Өз түсініктерінің негізінде әрекет ету , салыстырмалы түрде жұмыс өткізу

Тапсырмалар:

І топ Дербес компьютерлер

ІІ топ Принтер


Бағалау:

Формативті бағалау. Топтық бағалау. Бағалау парағы

Кері байланыс:

1.Не үйрендім? 2.Сұрағыңыз 3.Сабаққа пікіріңіз

Үйге тапсырма:

$ 4 оқу



Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдас-

тыру кезеңі



Амандасу, оқушыларды түгелдеу, оқушы,

Оқушыларды «мозайка әдісімен» топқа бөлу




Оқушылар тұрып амандасады, кезекші сынып туралы мағлұматтарды хабарлайды.

Білу

Интерактивті оқыту әдісін пайдалана отырып жаңа материалдың негізгі

ұғымдарын бұрынғы білімді еске түсіру мақсатында мынандай сұрақтар қойылды. Дербес компьютер құрамына қандай құрылғылар кіреді?

Процессор дегеніміз не?

Процессордің негізгі компоненттері қандай?

Мониторлардың қандай типтері бар? Принтерлердің негізгі түрлері қандай?


Еске түсіреді. Оқушылардың жауаптары тыңдалады, бір –бірімен ой бөліседі, жазады.

1-оқушы: Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та,олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:

1.Орталық процессор;

2.Енгізу құрылғысы;

3.Есте сақтау құрылғысы;

4.Шығару құрылғысы.

2-оқушы: Процессор деп-программаға сәйкес операцияларды орындауға арналған компьютердің негізгі құрылғысы, қызметтік бөлігі.

3-оқушы. процессор, жедел жады және сыртқы құрылымдар

4-оқушы.Монитор (monіtor) — 1) компьютер жадындағы мәтіндерді, бейнелерді экранда көрсететін құрылғы; оны дисплей, экран, ал кейде бейне-блок деп те атайды. Монитор электронды-сәулелік түтікшеден, бейнекүшейткіштен, жайма генераторы, қоректендіру бөлшегі және оларды басқару сұлбаларынан тұрады


Түсіну

  • Ал, енді балалар бүгінгі тақырыпты қаншалықты түсінгендеріңді анықтау үшін Вэн диаграммасын толтырайық. 1-топ. «Дербес компьютер» тобы Сіздерге берілетін тапсырма тасымал компьютерлермен Планшеттік ДК айырмашылығы мен ұқсастықтарын жазады.

  • Ал «Принтер» тобына Принтерлердің түрлерінің негізгі ерекшеліктерін постер түрінде көрсетіңіздер




1-топ. Вэн диаграмасын сызып, ұқсастықтарымен айырмашылықтарын жазу арқылы түсіндіреді. 2-топ. Постер сызу арқылы түсіндіреді.

Қолдану

Оқулықтағы 4.1-тапсырманы компьютерде орындайды.

Оқушылар тапсырмалардың компьютерде калай орындағандарын айтады.

4.1-тапсырманы орындау жолы: Жіберу /Пуск/ батырмасын басамыз және негізгі менюден Программалар-Стандартты-Қызметтік-жүйе туралы мәлімет пунктін таңдаймыз



Талдау

Қазіргі заманда компьютер біздің өмірімізге қаншалықты керек тақырыбында шағын дебат ойыны жақтаушылар «Дербес компьютерлер тобы» даттаушылар «Принтерлер»

Топтық талқыға салады, ойланады. Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады. Ізденеді.Сараптаушы спикерлердің жауаптары тыңдалады, бір –бірімен ой бөліседі

Жинақтау

Негізгі жадының /процессордың/ құрлысымен таныстыру жеке-жеке бөлшектеріне тоқталу. Осы бөлшектерді қайта құру туралы тапсырма беру.


Ойлап табады, байланыстырады,

шығарады. Ойын түйіндейді.

Проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды. Яғни бөлшектерді жинайды жинау ретін дәптерлеріне жазады. 1 — Монитор, 2 — Аналық тақша, 3 — Орталық процессор, 4 — Жедел жад, 5 — Кеңейтілім картасы, 6 — Қоректендіру блогы, 7 — Оптикалық привод, 8 — Қатқыл диск


Бағалау

Материалдың өзі үшін керектігін, құндылығын, анықтау үшін эссе жаздыру.

Эссе оқиды. Өз пікірін айтады.

Кері байланыс:

1.Не үйрендім? 2.Сұрағыңыз 3.Сабаққа пікіріңіз

Стикерлерге жазып, тақтаға іледі

Оқушылар

дың білімін бағалау



формативті бағалау, бағалау парағы

Топтық бағалау

Бір –бірін әділ бағалайды

Үйге тапсырма:

$ 4 оқу.

Күнделіктеріне түртіп алады











Айнабұлақ бекеті №12 орта мектеп Агламова Ш.Б.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет