Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш



жүктеу 31.39 Kb.
Дата05.05.2018
өлшемі31.39 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш

Сабақтың мақсаты:

  1. Сөйлемнің бастауышпен байланысты сөйлем мүшесі баяндауыш туралы түсінік беру

  2. Жаттығу орындай отырып, сөзжұмбақ шеше отырып,оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Көркем жазуға үйрету


Көрнекіліктер: Суреттер, оқулық, интерактивті тақта, Венн диаграммасы, сөзжұмбақ.

Сабақтың формасы: топпен және жалпы сыныппен жұмыс

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану

Сабақ барысы.

1. Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық


Әкемнің құты, Шешемнің сүті, Сіңірген тұла бойыма Бар асылын халықтың, Ұлы тарихтың Құйған сана-ойыма, Туған тілім, өркенде! Бола бер, күшті, көркем де! депСәбит Мұқановтың өлеңімен қазақ тілі сабағын бастайық.

— Балалар бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан ерекше болмақ. Себебі бізге қонақтар келіп отыр. Ал мен өте көңілдімін.Сендер қонақтарға өз көңі күйлеріңізді білдіріңдер. Олай болсса қонақтарға сәлем берейік.

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз».

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.


Келгенше қонақ ұялады, келгесін үй иесі ұялады дегендей қонақтарға өз білімімізден тарту жасайық. Сурет. Сөйлем құрастыру. Бастауышты табу . Үй тапсырмасын тексеру.

Бастауыш дегеніміз не?

Қандай сұраққа жауап береді?

Сөйлем бір сөзден құралуы мүмкін бе?

Бастауыштың астын қалай сызамыз? Біз сендермен бастауышпен байланысты тағы да бір сөйлем мүшесімен танысамыз.ОЛ қандай сөйлем мүшесі екенін мына сөзжұмбақты шешу барысында көреміз. Баяндауыш.

Жаңа сабақ түсіндіру

Енді баяндауыш деген не екенін оқып, білейік.

Ол үшін бір ойын ойнайық: «Түсін мені» ойыны

Оқушыларды 3 топқа бөліп, әр топтан бір оқушы шағады. Оларға суреттер көрсетіледі: 1. Биші 2. Сиыр 3. Құс

Интерактивті тақтада 3 сурет көрсетіледі. Осы суреттерді қимыл арқылы тауып алдық. Ендеше, бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді екенбіз.

Биші биледі. Сиыр сүзді. Құс ұшты. Енді осы сөздерге сұрақ қояйық. Не істеді? Қайтті?

Сонымен:

Сөйлемде баяндауыш көбінесе соңында келеді, талдаған кезде баяндауыштың асты 2 сызықпен сызылады.

Кітаппен жұмыс.

Дәптермен жұмыс:

Дәптерлерді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемілеп жазайық.

Дәптерімізге бүгінгі ай-күнді және сабақтың тақырыбын жазайық.

162 жаттығу. Бір оқушы тапсырманы оқиды. Өздерің оқып шығыңдар. Ал, кім мәнерлеп оқып береді? Бір оқушы тақтада, қалғандары дәптерде орындайды.

Кітаптың 59 бетін ашыңдар, 160-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.



Сергіту сәті:

Биші – бұралып билейді,

Күйші – домбыра тартады.

Спортшы – жүгіріп, секірсе,

Оқушы сабақ оқиды.

Шығармашылық диктант.

Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыр.




  1. Аспазшы, дәмді, пісіреді, тамақты

  2. орманда, өмір , аю , сүреді.

  3. маған, тоқыды, әжем, шұлық

Құрастырылған сөйлемдердегі бастауыштың астын бір сызықпен, баяндауыштың астын екі сызықпен сыз.
Жаңа сабақты Венн диаграммасы арқылы пысықтау.

Венн диаграммасы:






Сөйлемнің негізгі мүшелері

Кім? Не? Кімдер? Нелер?

Не істеді? Қайтті?

Бағалау.
Үйге тапсырма. Ереже жаттау 163- жаттығу

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
3 Смирнов орта мектебі

Қазақ тілінен ашық сабақ

Тақырыбы: БАЯНДАУЫШ

3-сынып


Өткізген: Хамзина Р.Қ.

2010 жыл

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет