Сабақтың тақырыбы: Бейімделушілік эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі



Дата21.12.2017
өлшемі38 Kb.
түріСабақ



Астана қаласындағы

54 мектеп – лицейінің



биология пәнінің мұғалімі

Тұмарбаева Қызылгүл Қабылқаққызы


11 сынып

Микроэволюция туралы ілім

Сабақтың тақырыбы: Бейімделушілік – эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі.

Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер мен жануарлардың тіршлік ортасына байланысты бейімделу белгілерінің пайда болу себептері мен түрлерімен танысыу;оқушылар биологиялық нысандарды ала отырып, бейімделу белгілерін анықтай білуге үйрету; логикалық дүниетанымдық көзқарасты дамыту, салыстыру және дәлелдеу арқылы оқушыларға өз ойын жеткізуге мүмкіндік беру және шағын-ізденушілік қабілеттерін дамыту;

Керекті құрал-жабдықтар: Ч.Дарвин, К.Линней, Ж.Б.Ламарк портреттері, «Бейімделушілік түрлері» сызба-нұсқа; өсімдіктер мен жануарлардың фото-суреттері; үлестірмелі тапсырмалар;

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.

Сабақ мақсаты мен жоспарымен оқушыларды таныстыру.

Өткен тақырыпқа жалпы шолу: Эволюция. Микроэволюция. Түр. Популяция.

Жаңа тақырыптың өткен тақырыппен байланыстығын анықтау

2. Білімді тексеру кезеңі

- Табиғи сұрыпталу

- Табиғи сұрыпталуды қолдан сұрыпталумен салыстыру (оқулықтың 55-бетіндегі қосымша тапсырмамен жұмыс жүргізу)

- Тіршілік үшін күрестің ағза үшін маңызын түсіндіру.

- Тіршілік үшін күрес түрлері (үйге берілген кесте бойынша жұмыс, талдау)

- №2-зертханалық жұмыстың қорытындысын талдау



3. Жаңа тақырыппен танысу

3.1. Мотивациялық сәт. «Жыртқыш және жемтік»



Жыртқыштар:

- ұстап алу, жұлмалау мүшелерінің дамуы (тіс, тұмсық,тырнақ)

- жасырынушы реңнің болуы

- аңду қасиетінің дамуы (тез және айлалы жүгіру, жүзу, ұшу)

- улы заттарды бөліп шығару

- өрмек ау тоқу сияқты әрекеттер



Жемтіктер:

  • қорғану мүшелерінің дамуы (инесі, жало)

  • механикалық қорғану мүшесі болады (сауыты)

  • қорғанушы рең, қорқытушы мүшелер (көз)

  • қашу қасиетінің дамуы (тез және айлалы жүгіру, жүзу, ұшу)

  • қорқытатын немесе шошытатын улы заттарды бөліп шығару

Паразит жануарлар:

  • қозғалу мүшелері болмайды

  • ауызы немесе жұтқаншағы болмайды

  • арнайы жабысу мүшелері (сорғаштары, ілмектер)

  • пигментациясы болмайды

  • анаэробты

  • көп ұрпақ беру және қамқорлық жоқ

  • метаморфоз

  • аралық және негізгі иесін ауыстырады

Паразит өсімдіктер:

3прямая со стрелкой 10.2. Бейімделу белгілерін анықтау (кластери)

овал 7прямая со стрелкой 8прямая со стрелкой 9


прямая со стрелкой 5прямая со стрелкой 6


прямая со стрелкой 2прямая со стрелкой 4прямая со стрелкой 3

(қоректену типі, қоршаған орта жағдайларының өзгеруі, мутация, гендер дрейфі, табиғи сұрыпталу, тіршілік толқындары, оқшаулану, тіршілік үшін күрес және өзара көмек)

3.3. Төмендегі тұжырымдардың авторын анықтаңыз:

(Линней, Ламарк, Дарвин)


  • Бейімделушілік жаңа мутация нәтижесінде пайда болады. (Дарвин)

  • Ағзалардың бейімделушілігі-бастапқыдан қаланған (Линней)

  • Ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі туғаннан қалыптасқан (Ламарк)

  • Табиғи сұрыпталу нәтижесінде бейімделушілік бекітіледі (Дарвин)

3.4. Бейімделушіліктің пайда болу мехнизмі

Өмір сүру жағдайларының өзгеруі → жеке тұқымқуалайтын өзгергіштік → табиғи сұрыпталу → бейімделушілік

3.5. Бейімделу түрлерімен танысу (түрлі-түсті фото-суреттер көмегімен мысалдарға талдау)



4. Білімді бекітуге арналған тапсырмалар мен сұрақтар:

4.1. Тапсырма: жолбарыстың терісіндегі сызықтар, қоянның құлағының ұзын болуы, шегірткенің денесіндегі белгілер, пілдің тұмсығы, түлкінің қалың терісінің себептерін ортаға салып талдау;

4.2. Оқулықтың 58-60 беттердегі мәтін мен суреттермен танысу.

4.3. Төмендегі кестені толтыру



Бейімделушілік түрі

анықтамасы

себептері

мысалдар













4.4. Оқулықтың 61-бетіндегі қосымша тапсырманы орындау;

«Бейімделушіліктің түрін анықтаңыз»



  • - қанқыз қоңызы

  • - орденді көбелек

  • - қарақоңыз

  • - атбас балық

  • - таңқыбалық

  • - сақалды кесіртке

5. Үйге тапсырма: §15 оқып, сұрақтарға жауап беру, қосымша материалдармен жұмыс жүргізу;
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет