Сабақтың тақырыбы: Бидай мен Қаңбақ (мысал)



жүктеу 26.1 Kb.
Дата15.07.2018
өлшемі26.1 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Бидай мен Қаңбақ (мысал)
Мақсаттары: 1) Білімділігі: мысалды оқып беру, түсіндіру, бидай мен қаңбақ туралы өзіндік көзқарастарын, рөлдік оқу шеберліктерін қалыптастыру;
2) дамытушылық: Мысалдың мазмұны бойынша тақырыптық көрініс ұйымдастыру, соған байланысты проблемалық ой туғызу, мысал туралы ұғымдарын дамыту, ой – өрісі мен дүниетанымын кеңейту;
3) Тәрбиелігі: оқушылардың ойлау қабілетін оятып, еңбек етуге, кішіпейілдікке, адамгершілікке, тәрбиелеу.
Түрі: Білім мен іскерлікті игеру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, бидай қатырмасы, өскіні, қаңбақ шөбі, автордың суреті, карта.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі.
Қолданылатын стратегиялар: ВЕНН көрсетуі, топтастыру, 5 жолды өлең.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ой – толғау.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру. Қызығушылықтарын ояту. Еңбек туралы мақал – мәтелдер.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ұнатам күзді мен. Жеңіс Қашқынов.
1. Жатқа айту.
2. Түсініктерін сұрау.
3. Сұрақ – жауап алу.
- Даланың түсі қандай? Алма қалай пісті? Аспанда не қаптады? Жел қандай? Тырнасы қайткен? Күздің бірінші айы қалай аталады? Соңғы айы ше? Неге осы бөлімде күз туралы өлең берілген деп ойлайсыңдар?
- Күзде қандай еңбек түрлері атқарылады?
6. Сергіту. Қоюланып тағы бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп,
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек.

ІІІ. Жаңа сабақты өту. 1. Жұмбақтарды шешу. Шешулері: бидай, қаңбақ.


- Осы өсімдіктер туралы не білесіңдер? Оқушылардың білімдерін ортаға салу.
- Өтетін шығармамыз қалай аталады? – Мысал.

2. Мысал туралы түсінік беру.


Мысалда аңдар, құстар, өсімдіктер іс – әрекеті, мінезі, адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап күлкі етеді. Мысалдар өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын шығарманы мысал дейді. Олай болса, бүгін біздер жазушы Асқар Тоқмағамбетовтің «Бидай мен қаңбақ» мысалын өтеміз.
А. Тоқмағамбетов(1905 – 1983). Қызылорда облысы, Тереңөзек ауылында дүниеге келген.

3. Оқулықпен жұмыс.


- Бидай мен қаңбақ суреттері көрсетіліп, мысалды мәнерлеп оқып, түсіндіріп беремін. Алдын ала дүниетану сабағында өсірілген бидай өскінін, бидайдың дәні, қауыздағы бидай, қаңбақ шөбін көрсетемін.
- Мынау не балалар? – Бидай.
- Қайда өседі? – Егісте.
- Қаңбақ дегеніміз не? – Шөп.
- Қайда өседі? – Далада, сайда жатады.
- Көргендерің бар ма?
Көпшілік балалар көрмегендерін айтты. Суреттер арқылы түсініктер беремін.
Бидай – астық тұқымдасына жататын, ең маңызды тағамдық дақыл. Бидайдан ұн тартылып, нан және нан өнімдері жасалады.
Қаңбақ далада өсетін домалақ пішінді шөптекті өсімдік. Жер үстіндегі бөлігі (жемісі) піскеннен кейін, жер астындағы тамырынан бөлініп желдің соғу бағытымен қашып кетеді. Тұқымы жел арқылы алыс жерлерге таралды.

4. Сөздік жұмысы: қанасына – қауызына, қабығына; тұрағың – мекенің;

5. Оқушылардың рөлге бөліп оқуы. Оқу кезінде мәнерлеп оқуға көңіл бөлуі.

6. Сахналық көрініс. Үш оқушыны тақтаға шығарып, үстеріне бидай, қаңбақты бейнелейтін киімдер кигізіп, рөлге бөліп оқыттым. Кейін сұрақтар беріп, жауап алдым.


1. Қаңбақ Бидайға не деп тіл қатты?
2. Бидай не деп жауап берді?
3. Дұрысын айтқан қайсысы? Өлеңнен Бидайдың Қаңбаққа қойған сынын тауып оқыттым. Бидай мен Қаңбаққа ұқсас адамдар болатынын айттым. Балаларға мынадай сөздерді оқыттым.

Мақал – мәтелдер.


1. Абырой – ар еңбегі.
2. Қадірсізден құт қашар.
3. Мақтанған тілге – мың бәле.
4. Күншіл адам – міншіл.
5. Ең жақсы әдет – жомарттылық.
Тыйым сөз. Әркімді бір келемеждеп, мұқатпа. Ойлы сөз: Мақтаншақтық – жаман әдет.

5 жолды өлең.


- Не? – Бидай.
- Қандай? – Сары, пайдалы.
- Не істейді? – Піседі, жайқалады. Сөйлем. – Бидайдан ұн тартылады. Негізгі ой. – Дақыл.
Жеке оқушылармен жұмыстар.
Топтастыру арқылы «Бидай мен Қаңбақтың» қандай пайдасы бар екенін суретпен анықтату.

▪ Бидай → тоқаш сусындар



Алынатын тағамдар: печенье бауырсақ ұн егістікте өседі нан

▪ Қаңбақ → Суға қайнатып тұнбасын көз, бауырға ем ретінде ішеді



шөп

Екі оқушыны тақтаға шығарып, Венн диаграммасы бойынша шығарма кейіпкерлерін салыстырады.


сабырлы ← Бидай ← Өсімдік, пайдалы → Қаңбақ → ақылсыз, мақтаншақ

V. Қорытынды. – Мысалда адам бойындағы қасиеттер бейнеленетін болса, осы мысалдан қандай қорытынды шығаруға болады?


- Қаңбақтың бойындағы қасиеттер ұнады ма?
- Мысалдағы негізгі ой қай жерде айтылған?
- Өздерің қандай қорытынды жасар едіңдер?
VІ. Үйге тапсырма. Мысалды мәнерлеп оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу.
VІІ. Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 000b
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
000b -> 8-сынып биология Күні: 21


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет