Сабаќтыњ таќырыбы: Білімді мыњды жыѓар, білекті бірді жыѓар



жүктеу 44.62 Kb.
Дата30.03.2019
өлшемі44.62 Kb.
түріСабақ

№ 46 А.С.Пушкин атындағы қазақ орта мектебі

Сыныптан тыс жұмыс


Тақырыбы: Білімді мыңды жығар,

Білекті бірді жығар
Күні: 6.02.2007

Сыныбы: 5» д»

Пән мұғалімі: Нуркеева Әлия

2007 ж.


Сабақтың тақырыбы: Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру

2. Дамытушылығы: Оқушылардың ой- өрісін және логикалық ойлау қабілетін кеңітіп,

шығармашылық қабілетін дамыту.



3. Тәрбиелігі: Адамгершілікке, алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Математикалық сайыс.

Сабақтың әдісі: Топ бойынша жұмыс.
« Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» атты сайысымыздың бағдарламасында:

1- бөлім. Жүргізуші сөзі.

Бүгінгі шәкірт ертенгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

« Білімді азамат- ел ертеңі» , « Білекті бірді, білімді мыңды жығар», « Білімділермен дос бол – тарыққанда ақыл береді», «Білгіштермен дос бол – адамшылығынды біледі» деген халықтың даналық сөзі бар. Бүгінгі сайыста 5»д» сынып оқушылары қатысқалы тұр.

Бүгін біз математика және әр түрлі пәндерінің жұмбақты да, тартымды әлемімен танысамыз. Біз бұл әлемнің қаншалықты,қызықты әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз. Біздің сайысымыздың ерекшелігі « Алғырлар» және « Тапқырлар» топтарының арасындағы жарыстың бірден басталуында. Сайыста біздерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

Асып әсте саспайық

Батыл қадам бастайық

Еркіңді билеп барынша

Жарыста сірә қалыспа!

Сайыс қызығын балалар

Осылайша шабытпен,

Кәне енді бастайық.

Алдарыңызда Алғырлар және Тапқырлар тобы.

Әділ қазылар алқасын сайлап, таныстыру.

2- бөлім. «Таныстыру»

Тапқырлар тобы:

Дайындықпен келіп тұрмыз жарысқа

Есеп білсек жетеміз ғой табысқа

Сайыстарда біз оңай беріспейміз

Тең ойынға тағы да келіспейміз

Тапқырлықпен алдыға жан салмаймыз

Алғырлардан ешқашанда қалмаймыз.

Алғырлар тобы:

Білімге толы счанамыз

Бүгінгі күн жеңісте

Алғырлықпен аламыз

Есепті біз шешміз

Оны мақтан етеміз

Тапқырларға бүгінгі

Кете қоймас есеміз.

Эмблемалармен таныстыру және ұрандарын айту.

3- бөлім. « Санап көріңдер» сайысы.

1 топ. 2 топ

1) Бір-бірімен жарысқа 1) Түйе, бота маң басқан

Төрт аю бір арыстан Төрт аяғын тең басқан

Екі қой мен бір түлкі Шұнақ құлақ бес ешкі

Бәрі нешеу кім білді? (8) Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (15)

2) 2)




3) 3)




4 бөлім. « Тіл - өнер» сайысы

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр беете

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

Алғырлар тобы. Тапқырлар тобы.

1. Жұт . . . . . . . . ағайынды. 1. Айдағаны . . . . . . ешкі ысқырығы жер

( жеті- семь- seven) жарар.(бес-пять- five)

2. Өзі сөйлей білмейді, 2. Алты қырлы, Алты сырлы.

Салған ізі сөйлейді. ( Карандаш- карандаш- pensl)

( қалам- ручка-pen) 3. Ел құлағы нешеу?

3. Екі қолға . . . . . күрек. ( елу- пятьдесят- fivty)

( бір- один-one) 4. Қабат-қабат қаттама

4. Отыз тістен шыққан сөз- неше Ақылың болса аттама.

Рулы елге жайылады? ( кітап- книга-book)

( отыз- тридцат-soty)

5. . . . . . . . . теңгең болғанша, 5. Білекті . . . . . . .. жығар,

. . . . . . . досың болсын Білімді мыңды жығар.

( жүз-сто- one handred) (бір-один-one)

5 бөлім. « Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір!» Мақал- мәтел және жаңылтпаштар сайысы

Оқушылар өздері нің білімдерін көрсетіп жарысады.



6 бөлім. «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп!»

Жаңылмаймын сайысы.

1 топ. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді?

( атасы, баласы, немересі)

2 топ. 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше?(12 минутта)

1 топ. Ұшақ А қаласына В қаласына дейін 1 сағат 20 минут ұшады, қайтқанда 80 минут ұшты. Себебін түсіндір. ( Екеуі бірдей 1 сағ 20 мин-80 мин)

2 топ. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? (6)

1 топ. Ең кіші жай сан. ( 2 )

2 топ. 9-ға кері сан. (1/9)

1 топ.14 қандай сан? ( жұп)

2 топ. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан.

( 1*2*3 ; 1+2+3)

1 топ. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. ( бұрыс бөлшек)

2 топ. Жай сан деп қандай санды айтамыз? ( 1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандар)

7 бөлім. « Өнерлі бала өрге жүзер» Өз өнерлерін көрсету сайысы.

8 бөлім. « Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар!»

Топ бсшыларымен сайыс.

Алғырлар тобы.

1. Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен, ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсысы?

А) Қайрат Ә) Жанар Б) Талғат В) Ажар (В)

2. Кім барлық тілде сөйлейді?

А) қазақ Ә) жаңғырық б) Қытай в) әнші (Ә)

3. Тіктөртбұрыштың периметірінің формуласы?

А) P= a*b Ә) P=a+b Б) P= 2(a+b) В) P=4(a+b) (Б)

4. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан.

А) дұрыс Ә) бұрыс б) натурал сан В) аралас сан. (в)

5. 2 * 3 ; А) 6 Ә) 5 Б) 1 В) 20

15 8 15 8 20 1

Тапқырлар тобы.

1. Қорада тауықтар және қояндар бар. Оларда барлығы 15 бас, 50 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар?

А) 5 тауық, 10 қоян Ә) 6 тауық, 9 қоян Б) 7 тауық, 8 қоян в) 8 тауық, 7 қоян

(А)


2. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?

А) суда Ә) құс жолымен б) трассада В) тауда (Ә)

3. Суда қандай тастар табылмайды.

А) кішкентай тас Ә) қисық тас Б) құрғақ тас В) үлкен тас (Б)

4.Санның бөлігін табу үшін, санды осы бөлшекке

А) бөлу керек Ә) азайту керек Б) көбейту В) қосу керек (А)

5. 7 : 7 ; А) 1 ә) 4 Б) 1 В) 7

16 4 2 1 4 16



9 бөлім. Оқушылардың шығармашылығы

Қорытындылай келе қазылар алқаларының қорытындысы бойынша мақтау қағаздарымен марапаттау.
Каталог: doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Егемен Қазақстан. – 2014. №176. – 10 қыркүйек Біржан С. Елім менің – Қазақстан
doc -> Республиканский форум «Технологические инновации библиотек для информационного общества», Усть-Каменогорск, 10-11 октября 2012 г
doc -> Әож 373. 016;821. 512. 122 Қолжазба құқығында
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет