Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау



жүктеу 33.12 Kb.
Дата23.04.2018
өлшемі33.12 Kb.
түріСабақ

Облыс, аудан, ауыл: Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы
Мектеп: «Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп» КММ
Пән мұғалімі: бастауыш сынып мұғалімі
Аты-жөні: Смагулова Алия Мухаметказиевна
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушылардың өтілген тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтау. Үш таңбалы сандарды оқу, салыстыру, разрядтық қосылғыштарға жіктеу.

Дамытушылық: Логикалық ойлауын, жадын, байқампаздығын дамыту.Топпен жұмыс жасауға төселдіру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: білімді тиянақтау.

Сабақтың типі: сайыс сабақ

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі


  1. Кіріспе бөлім:


1) Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.

Бүгінгі сабақта «Мың көлеміндегі сандарды қосу және азайту» тақырыбы бойынша алған білімдеріңді тиянақтап, бекітеміз.



  • Сабақ «Білімді мыңды жығар» атты интеллектуалды ойын түрінде өтеді. Бұл ойынға 2 топ қатысады.

  1. топ - «Білімділер».

  2. топ - «Тапқырлар»

Әр топ мүшелері өз ұрандарын атап, өздерін таныстырып шығады.

I топтың ұраны: «Білімді мыңды жығар,

Білекті бірді жығар»

II топтың ұраны: «Тапқыр болсаң тауып көр.»



2) Әділқазылар мүшесімен таныстыру.

- Халық даналығында «Ойнай білмеген , ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөз бар.



3) Ойын ережесімен таныстыру.

Ойын 4 айналымнан тұрады.


II. Негізгі бөлім:

  1. айналым.

«Төменде айтылғандар дұрыс па?»

Әр топқа 10 сұрақтан қойылады.Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай берілді. Екі топтың да жауабы тыңдалады. Содан кейін тақтадан дұрыс жауабы шығады.



1-топтың сұрақтары

  1. Дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді.( Иә, Қатаң, Ұяң,Үнді.)

  2. Периметр дегеніміз – төртбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы (Иә)

  3. Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың құны деп аталады. (иә)

  4. Судың 4 күйі бар. (Жоқ, 3 күйі бар: Қатты, сұйық, газ.)

  5. 1сағ = 60 мин бар. (Иә)

  6. Көкжиектің негізгі 4 тұсы бар. (Иә, Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс)

  7. Жұмбақ – үлгі - өнеге ретінде айтылатын әрі қысқа , әрі нұсқа нақыл сөз. (Жоқ. Бір затты , жайды ойлап табу үшін астарлап айтылатын қысқаша өлең)

  8. Ұшып жүрген 3 түйеқұсқа тағы да 4 түйеқұс келіп қосылғанда, барлығы 7 түйеқұс болды. (Жоқ)

  9. Ең ауыр ойыншық – қонжық. (Иә)

  10. Асқабақтың массасы – 5кг.(Жоқ. 4 кг)


2-топтың сұрақтары

  1. Км, м, дм, см ,мм – масса бірліктері. (жоқ)

  2. Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: үй, киім, көлік, теледидар.(жоқ. Тамақ, ауа, су, жарық, жылу.)

  3. 300+60+5=370 (Жоқ)

  4. Ауаның температурасын өлшейтін құрал- компас. (Жоқ )

  5. Батбат дегеніміз жердің аты. (Жоқ, Кесірткенің бір түрі)

  6. Қазақ алфавитінде 42 әріп бар. ( Иә)

  7. 1кг мақтадан 1кг тұз ауыр. (Жоқ)

  8. Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын, білдіреді.(Иә)

  9. Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгереді. (жоқ)

  10. Біздің сыныпта 2 Аружан бар. (Иә)




  1. айналымның нәтижесі айтылады.


2- айналым.

Топпен жұмыс.

    • Цифрларды пайдаланып, 3 таңбалы сандарды жаз, сонда әр санның жазылуында

1 цифр 2 рет қайталанбайтын болсын.

1 – топ: 4, 3 , 5

2- топ: 4,5,0


    • Бірін – бірі тексеру.

    • Ең үлкен санды разрядтық қосылғыштарға жікте.


3 - айналым

Дәптермен жұмыс.

Оқулықтарыңның 181- бетін ашып, 3-тапсырмадағы бірінші топ 1-2 өрнекті, екінші топ 3-4 өрнекті құрып және мәнін табу керек.

Тексеру.
4- айналым

Ұяшық таңдау.

Ұпайды көп жинаған топ ұяшықты бірінші болып таңдайды.



  • 20 ұпайдың тапсырмасы: х+30 = 580

  • 30 ұпайдың тапсырмасы: Мөлдір мен Талшынның бұрымдары бар. Талшын мен Сәуле шалбар киген.Суреттегі қыздардың әрқайсысының есімін ата.

  • 40 ұпайдың тапсырмасы: Кекілік 550г, шүрегей 350 г кем тартады. Шүрегей неше грамм тартады?

  • 50 ұпайдың тапсырмасы: Кекілік 550 г, шүрегей 350 г кем тартады. Қасқалдақ шүрегейден 400 г артық тартады. Қасқалдақтың массасы неше грамм?


5- айналым.

Қай топтың жауабы дәлірек болса, 10 ұпайды сол топ жеңіп алады.Берілген пияздарды

1- топ: 4 ыдысқа тең бөліп салып, әр ыдыста неше пияздан болатынын түсідіріңдер

2- топ: Пияздарды төрт – төрттен неше ыдысқа салуға болады?



Сөз әділқазы алқасына беріледі.
III Үй тапсырмасы: 182- бет №4.

IV Қортындылау, бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет