Танымал әзілкеш, КВН ойындарының жұлдызы, блогер Мереке Қалбаева қыз-келіншектермен отбасылық қағида туралы ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/merekusha.k/

Осыдан жеті жыл бұрын, актриса өзінен 8 жас кіші жігітке тұрмысқа шығып, көпшіліктің сынына ұшыраған еді. 

"Қыздар, менің түсінгенім, сен мың жерден мықты әйел бол, қырып-жойып ақша тап, тауды қопарып тірлік қыл, бірақ күйеуіңнен бір саты төмен тұрмай, сыйламасаң, онда ақшаңның берекесі болмайды. "Ақылдылар көбейген" демеңдер. Басымнан өткен соң бөлісейін дедім. Үйленген соң бастапқы жылдары Арекеңді (күйеуі Арсен) тыңдағым келмей, сөз қайтарып, а десе мә деп, болмайтын жерден ұрыс шығарғым келіп жүргенде, нәтижесі ажырасуға бір қадам болды. Ол кезде үйіміз жоқ, қарыз көп, пәтердің жағдайы нашар,береке де, тыныштық та жоқ еді. Одан соң өзіме "Мереке, сен қуасың ба? Ол ішпейді, шекпейді, ұрмайды, басқа қыздарға қарамайды, сені ғана сүйеді. Сонда саған не керек? Таңда! Арсенді алға шығарып, өзің соған арқа сүйейсің. Болмаса, ажырасасың!" деп өз-өзіме таңдау жасаттым. Не керек, Арсен іске кірісіп еді, бірден байып кеттік, шүкір!", – деп жазды белгілі блогер.

  • "Үш сағат қана ұйықтаймыз": Алматылық автобус жүргізушісі бір күнінің қалай өтетінін көрсетті (фоторепортаж)

  • Кінәсін мойындап, өз ісіне өкінетінін айтты: Сот Самат Әбішке не себепті шартты жаза берілгенін түсіндірді

Сонымен қатар, актриса тұрмысқа шыққан әйелдерге, декретте отырған аналарға күтімнің маңызды екенін еске салды.

"Өзіңе үнемі қарап, күтімі бар қатын болып жүр. Мың жерден ақылды болсаң да, "ақымақтың" рөліне кір. Түнде риза қыл. Бала-шағаң, үйің таза болсын. Тамақты тәтті қылып жаса, бірақ өзің аз же, ешқашан семірме. Еркелеп жүр, бірақ асыра сілтеп, жиіркендіріп жіберме. Қалауыңды түнгі ризашылықтан кейін айт. Дәл осылай істеп жүріп, күйеуің біреуге кетсе немесе ұрса, онда маған айт", – деді әзілкеш-актриса. 
 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Мереке Калбаева (@merekusha.k)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.