Сабақтың тақырыбы: Бірлігіміз жарасқан Қазақстан! Мақсаты



жүктеу 72.92 Kb.
Дата16.11.2018
өлшемі72.92 Kb.
түріСабақ

Қызылорда облысы, Арал қаласы,

2 Облыстық арнайы санаториялық



мектеп-интернатының тәрбиешісі: Кужаева Гульнур Киясовна
Сабақтың тақырыбы: Бірлігіміз жарасқан – Қазақстан!

Мақсаты:

«Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру



Міндеттері: -Сыйластық,татулық,бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңйту. -өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту. -өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстанның рәміздерінің суреттері, елімізде тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен суреттері, глобусь (жер шары), жүрекше,бейбітшілік құсы,күн,әртүрлі гүлдер суреттері. 

Флеш – моб.



<<Мәңгілік ел>> композициясы
1 оқушы: Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
2 оқушы : Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
3 оқушы: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.
4 оқушы: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.
5 оқушы: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
6 оқушы: Баршаңызға, әр отбасына береке бірлік, бақыт байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Барлығы хормен: Бірлік болсын - ел аман,

Тыныш болсын бұл заман.

Берекесін бере берсін,

Бейбіт жатқан бұл адам!


1 оқушшы. Жиырма жылдай тәуелсіздік туғалы,

Қазақ елі бірлікке бел буғалы.

Жиырма жылдай Қазақстан халқының,

Өз тағдырын өзі шешіп тұрғаны.


2 оқушы. Көгінде тұр, көк байрағың желбіреп,

Ел таңбаға қараймыз біз елжіреп.

Әнұранды шарықтата шырқаймыз,

Бабаларды еске алып, ержүрек.


3 оқушы. Тілі бөлек болғанымен тілек бір

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

Шайқалмастан шаттығымыз тілеп тұр.


4 оқушы. Қуаныштан желпілдейді түндігім

Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Хор. Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!


1 жүргізуші. Қазақстан – ежелгі ел, бірақ

әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана,

яғни 1991 жылы орын алды.

Біздің отанымыз – егеменді,

тәуелсіз Қазақ мемлекеті.
2 жүргізуші. Біз – қазақстандықтармыз!

Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен

ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен

ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын

күн санап түлетіп, күн санап өркендете

түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз.


1 жүргізуші. Ынтымақ, бірлік, достық, татулық,

Бабалардан қалған дәстүр айтулы

Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр

Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы!


2 жүргізуші. Қазақстан – татулықтың,

достықтың, бірліктің киелі бесігі.

Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті

қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері

қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен,

теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ, біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғынын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.

(Көрініс)
1 жүргізуші. Елбасшымыз Н. Назарбаев

«Қазақстан 2050» Стратегиясы:

Бір халық – бір ел – бір тағдыр»!

Деп сөйлеген сөзінде:

«Бір халық» - бұл барлығымыз үшін

орта ұлттық мүдделер,

«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін

ортақ отан. «Бір тағдыр», бұл – біз бірге

жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Міне, қазақстандық қоғамдық келісілді

шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай

үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір

адым да ілгері жылжи алмайды» деді.

2 жүргізуші. Қоғамдық келісім мен саяси

тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз!

Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында

аянбай еңбек ету әр бір Қазақстан азаматының

міндеті болып табылады.

Ән: «Аға, қазақстан» 6 сынып оқушысы Сейітмұратова Бекзат.
1 жүргізуші. Ұлыстармыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтайын ер елден

Достығымыз ғасырларға жарасқан

Туғанелім, шарықтай бер кемелден!


2 жүргізуші. Ағайын – туған – бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Қымбат бізге туыстық

баянды болсын тыныштық!


Есеналиева Надира: Корей ақыны Ен Сен Нен
1937 жыл еді.

Поезд жүйіткіп келеді.

Терезеден тұрмын қарап таңдана:

Дала, дала, кең дала.

Одан кейін азаптан торыққаным есімде,

Содан кейін қазақтарға жолыққаным есімде.

Құшақ жайып қарсы алғаны есімде,

Құрмет қылып ән салғаны есімде.

Жоқ, ұмытпан,

Ұмыта алман жандарды ол,

Достықтың отымен жүрегімді жылатқан.

Қазақстан! Гүлстан! Ғажапстан! Күнстан!

Жеттім сенде арманыма аңсаған. Қарыздармын. Бас иемін мен саған.

Бас иемін сенде туып,

Сенде ержетіп оқыған,

Саған келіп ес жинаған өзімдей

Кәрістердің атынан.
1 жүргізуші. Жақсылыққа, бақытқа

Талпынған әр уақатта

Бала біткен дос – бауыр

Болмасын еш тосқауыл


2 жүргізуші

Жер – анасыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
1 жүргізуші. Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы. Біз осы достықты нығайта білуіміз керек, бір – бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызымет етуіміз керек. Жасасын, жүрегі бауырмал қазақ елі!
2жүргізуші. Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қасақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.

Тәуелсіс Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып – тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ – береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.



Отанымыз әрқашанда тыныш болсын!
Ән «Атамекен» (Барлық оқушылар ортаға шығады. Қолдарында Жалаушалар, шарлар болады.)


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет