Сабақтың тақырыбы: «Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері»



жүктеу 74.88 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі74.88 Kb.
түріСабақ


Кенащы орта мектебі

Ашық сабақ

Алгебра 9-сынып

Тақырыбы: «Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері»


Өткізген: Кешуова Қ.С.

2016/17 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері» жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың «Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері» тақырыбы бойынша білім бере отырып, терең меңгеруіне ықпал ету;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру; біліктіліктерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, білімді және білімін пайдалана білетін, бүгінгіні түсінетін, кешегіні білетін, алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білетін ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстан мемлекеті туралы айта отырып оқушылардың патроиоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың типі: Жарыс сабақ

Оқытудың әдістері: Сұрақ-жауап, деңгейлеп дамыта оқыту, ойын технологиясы элементтері.

Оқытудың формасы: Топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, география, саясат

Сабақтың көрнекілігі: 1. Презентация-слайд

2. Дидактикалық материалдар



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (2-мин).

а) Сәлемдесу;

ә) Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау;

б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

в) Сынып бөлмесінің дайындығын тексеру;

г) Рефлексия. «Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алыңдар.





ІІ. Оқушыларды сабаққа әзірлеу (2 мин).

а) Оқушыларға жұмбақ жасырылады:

Бір нүктеден шыққан екі сәуледе тұратын геометриялық фигура ? (Бұрыш)

ә) Топқа бөлу

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері». Соған байланысты сынып оқушыларын екі топқа бөліп ат беріледі.




«Градус» және «Радиан» топтары өзара жарысқа түседі. Мұғалімнің алдына топтардың аты жазылған екі қорапша қойылады. Топ мүшесінің әрбір дұрыс жауабы бағалау парағына белгілеп отырады. Сабақ соңында бағалау парағы арқылы топтың жинаған ұпай саны анықталады.



б) Топтардың «Алтын ережесімен» таныстыру

  1. Ұран «Кемедегінің жаны бір».

  2. Бағалау топбасшысы арқылы жүргізіледі. Бағалау әділ жүргізілмесе топтан бір ұпай шегеріледі.

  3. Егер топтағы бір оқушы сабаққа атсалыспаса, онда топтан тағы бір ұпай шегеріледі.

  4. Бір оқушының айтқанын екінші оқушы қайталап айтуға болмайды. Қайталап айтқан жағдайда топқа ұпай саны қосылмайды.

в) Сабақтың мақсатын айқындау

Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсаты мен сабақ жоспарын таныстырады.





г) сабаққа кіріспе

Мұғалім оқушыларға мынадай сұрақтар қоя отырып, сабақты бастайды: «Қазақстан қандай ұлы мерекеге дайындалып жатыр? Қазақстан жылдан жылға өркендеп өсіп, дамуда. Жетістіктерінің саны күн санап артуда. Бүгінгі сабақта Қазақстанның тағы да бір үлкен жетістігін сөз етеміз. Олай болса іске кірісейік»


ІІІ. Өткен матералдарға қайталау (10 мин).

а) ауызша есептеулер жүргізу.

1-тапсырма. «Қазақстанның биік белесі». Берілген тапсырманы ауызша есептеп, жауабын төмендегі торкөзге жаз.

1-есеп. 21, 18, 15… арифметикалық прогрессиясының айырмасын табыңыз. (-3)

2-есеп. аn=6n+2 тізбектің екінші мүшесі неге тең? (14)

3-есеп. Егер в1 = 4, q = тең болса, геометриялық прогрессияның үшінші мүшесін есептеңдер (1)



4-есеп. Геометриялық прогрессияда: b1= –3; b2= –6 болса, еселігі нешеге тең? (2)

Жауап парағы

Е

Х

Р

О

-

20

17

2-тапсырма. «ЕХРО-2017». ЕХРО-2017 туралы мәліметті толық оқығыларың келсе әр топ өзіне берілген тапсырманы орындап, жауабын тиісті орынға қояды.



б) Блиц – сұрақтар. Бұл тапсырма «Көрме тақырыбы» деп аталады. Оқушылар сұраққа дұрыс жауап берген сайын «ЕХРО-2017» көрмесіне Қазақстанның ұсынған тақырыбының әріптері біртіндеп кестеге жазылып отырады,

  1. Прогрессия дегеніміз не?.

  2. Тізбектің қандай түрлерін өттік?.

  3. Арифметикалық прогрессия мен геометриялық прогрессияның қандай айырмашылығы бар?

  4. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

  5. Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

  6. Айырманы қалай есептейміз?

  7. Еселікті қалай есептейміз?

  8. Бұрыштың түрлері.

  9. Бұрыштың өлше бірлігі?

  10. Бұрышты өлшейтін құрал?

  11. Толық бұрыш шамасы.

  12. π саны нешеге тең?




Сұрақ №

1

2

3

4

5

6

7



8

9

10

11

12

Көрме тақырыбы

Б

О

Л

А

Ш

А

Қ




Қ

У

А

Т

Ы

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру (10 мин):

  • Бұрыштың екі өлшем бірлігі бар. Олар: градустық және радиандық. Геометрия курсынан бұрыш бір нүктеден шыққан екі сәуледен құралған фигура екенін білеміз. Енді бұрыш деп берілген нүкте бойынша сәулені бұру ккезінде сәуленің алғашқы және соңғы оналасу жағдайына қатысты пайда болған геометриялық фигура.

  • Сәулені қарама-қарсы екі бағытта бұруға болады. Сағат тілі бағытына қарсы бұруды оң бағыт, ал сағат тілінің бағытымен бұруды теріс бағыт деп атайды.

ОМ қабырғкасына бір есем шексіз көп бұрыш сәйкес келеді. Себебі ОМ сәулесі оң және теріс бағытта толық айналым жасаған сайын ол алғашқы орналасқан орнына келе береді.

Демек, β=α+360*k (k=0; ±1;±2;±3;...

Мысалы: ОМ=150° бұрсақ, онда ол мына бұрыштарға сәйкес келеді:

Оң бұрыштар: 150, 510, 870, 1230,...

Теріс бұрыштар: -210, -570, -930,...

(Енді бұрыштың радиандық өлшеміне келсек, геометрия курсында шеңберге іштей сызылған бұрыш ұғымымен танысқан болатынбыз.

Егер бұрыш доғамен өлшенсе, онда ол ұзындығы радиустың ұзындығына тең шеңбердің үлесі немесе бөлігінң үлесі арқылы өрнектеледі. Доғаның мұндай өлшеу түрін радиандық өлшемі деп атайды.

Шеңбер ұзындығы C=2πR екенін біз білеміз. Бұдан жарты шеңбер ұзындығы πR; π/2 ширек ұзындығы;

Бұрыштың радиандың өлшемі ретінде бұрышты құрайтын шеңбер доғасының ұзындығының оның радиусына қатынасын алады. Сонда l/R=α

Егер l=R деп алсақ, онда толық бұрыш шамасы 2πR /R=2π = 360° -қа тең. Сонда жарты шеңбердегі бұрыш π = 180° тең.

Градустық өлшеммен берілген кез келген бұрышты радианға, ал радиандық өлшеммен берілген бұрышты градустық өлшемге аударуға болады.


α:180°=a:π


V . Есептер шығару (15 мин)

1-тапсырма. Жарқын жеңіс. Оқушыларға мынандай мәлімет беріледі:


Қазақстанның жинаған дауысын есептеп табу бірінші топқа, Бельгияның жинаған дауысын есептеп табу екінші топқа беріледі.

І топ ІІ топ


Ауызша есептер:

Ауызша есептер

№260, №263 (1)

№261, №263(2)







Жазбаша есептер:

Жазбаша есептер

В тобынан №265 (а,б)

В тобынан №264 (а,б)

С тобынан №269

С тобынан №269



2-тапсырма. Көрме логотипі.

Көрме логотипінін суретін әр топтағы оқушылар санына сәйкес келетіндей етіп нөмірлеген қағаздармен жауып қоямыз.



Оқушыларға жеке-жеке карточкаға жазылған тапсырма беріледі. Карточка нөмірленген болуы керек. Ал әр тапсырманы мұғалім өзіне алдын ала шығарып, жауаптарын дайындап алу керек (тексеру кезінде уақыт үнемдеу үшін). Оқушы тапсырманы орындап жауабын айтады. Мұғалім өзіндегі жауаппен салыстырып, дұрыс болса карточка нөміріне сәйкес санды ашады. Осылайша логотиптің суреті оқушыларға ашылады.



3-тапсырма. Көрме тарихы және болашағы.

Тақтаға Астанадағы болашақ көрме қалашығының суреттері ілінеді. Бұл суретті қызықты есептер жазылған қағазбен жасырып қоямыз. Оқушылар есептің жауабын тапқанда ғана сол есептің астында жасырылған суретті ашамыз.


V. Бағалау (3 мин)

а) Оқушыларды бағалау. Топ басшылары оқушыларды бағалайды. Басқа оқушылар және мұғалімдер тарапынан бағаның әділдігі талданады.

ә)Топтарды бағалау. Қорапшаға жинаған жұлдызшалар саны есептелінеді. Жұлдызша саны көп топ жеңіске жетеді.
VІ. Үйге тапсырма(1 мин)

№263, 266 тапсырмалар.



VІІ. Қорытындылау (2 мин)

а) Оқушылар сабақты өздері қорытады.



ә)Рефлексия. «Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет