Сабақтың тақырыбы: Cу. Судың қасиеті. Сабақтың мақсаты: а Оқушылардың су, судың қасиеттері туралы алған білімдерін



жүктеу 47.08 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі47.08 Kb.
түріСабақ

Бекітемін:

Күні:

Класы:2 «Б»

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Cу. Судың қасиеті.

Сабақтың мақсаты:а) Оқушылардың су, судың қасиеттері туралы алған білімдерін

Кеңейте отырып,судың еріткіш екенін, суда еритін және ерімейтін

заттардың

болатындығын тәжірибе жасау арқылы ұғындыру;

ә)Суды ластамауға, оны үнемді пай далана білуге,ұқыптылыққа

тәрбиелеу. Топпен жұмыс істеп, бірін-бірі тыңдай білуге, ортақ пікірге

келуге дағдыландыру;

б) Пәнге деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін, есте сақтау,

шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, сұрақ-жауап, тәжірибе жасау, СТО стратегиялары

Көрнекілігі: қима қағаздар, кесте, аққала,оқулық, суреттер.

Қажетті құралдар: стакан,су,қатырылған мұз, сүт,қасық, кесе, тефал.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.-Балалар, бүгінгі сабақтың ерекшелігі бізге апайлар қонаққа келіп

отыр.Олар жайдан-жай келіп отырған жоқ. Біздің сынып

оқушыларының білімі мен тәртібін көруге келіп отыр. Әркім өзін

жақсы жағынан көрсетуге тырысу керек.



Психологиялық дайындық.

Табиғат – біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалаймыз

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы– деп дүниетану сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

-Үйге берілген тапсырма:Ауа. Ауаның қасиеті.

1. «Ауа» Сен маған, мен саған сұрақ – жауап әдісі. (доп беру арқылы)

-Өткен сабағымызда Ауаның қасиетін білдік. Ауа – мөлдір, түссіз сондықтан көрінбейді, иіссіз, қыздырса ұлғайады, салқындағанда сығылады,сепрінділік қасиетке ие .

Ауа адамға, жануарларға және өсімдіктерге тыныс алу үшін қажет;

Ауа жер бетін Күннің қызуынан ысып кетуден және ғарыш суығының әсерінен суып кетуден қорғайды.

Адам тамақсыз – бірнеше апта, сусыз – бірнеше тәулік, ал ауасыз – бірнеше минут қана шыдайды. Сонымен балалар, ауа – бұл түрлі газдардың араласпасы. Ол 78% азоттан, 21 % оттегіден, 1% көмірқышқыл газынан тұрады.

Қызығушылықты ояту.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі.

-Қыс мезгілі екенін қайдан білеміз?

-Айнала аппақ қарға оранған. Балалар далада шанамен ойнап жүр. т.б

-Ендеше, біздің де сыныптағы терезенің алдына ақ ұлпа қар түсіпті. Бұл жай ақ ұлпа қар емес,сиқырлы қар екен. –Қане қардан домалатып аққала, жасап көрелік.

(3 оқушы шығып қарды алады, ондағы тапсырмаларды оқиды)

1-оқушы: Мына қарда жұмбақ беріліпті.

Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді. Ол-не? –Су.

2-оқушы: Өзі судан жаралған

Бірақ судан қорқады. Ол-не? –Мұз.



3- оқушы: Көзге көрінгенімен

Ұстасаң қолға ілінбейді. Ол –не? –Бу.

-Жарайсыңдар, балалар жұмбақтардың шешуін дәл таптыңдар, жұмбақтар шешуі бойынша 3 топқа бөлініп, сабағымызды одан әрі жалғайық.

1-топ: «Су» тобы

2- топ: «Мұз» тобы

3- топ: «Бу» тобы

ІІІ. Жаңа сабақ.

«Су – өмірдің нәрі» деп халық бекер айтпаған болса керек. Сусыз тіршілік жоқ. Адам, өсімдік, жануарлардың барлығы сусыз тіршілік ете алмайды. Бүгінгі сабағымызда осы тақырыпқа негізделеді.



Кейде судың түсін ақ дейді. Солай ма балалар? Оны білу үшін бірнеше тәжірибе жасап көрейік.

  1. тәжірибе: Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құй. Екеуін салыстыр. Сүт ақ, ал су – түссіз. Таза суды аз мөлшерде алсаң, түссіз. Ал өзен, көл суларының түстері әр түрлі болады. Себебін кейін білесің.

  2. тәжірибе: Су – мөлдір. Оны анықтап көрейік. Екі стаканның біреуіне сүт, біреуіне су құй. Олардың ішіне қасық сал. Қайсысындағы қасық анық көрінеді. Неге?

Бұл тәжірибеден судың қандай қасиетін байқадың?

Суды иіскеп көр. Исі жоқ. Олай болса, су түссіз, мөлдір және иіссіз болады.



  1. тәжірибе: Сен бірнеше ыдысқа: кесеге, шыныға, стаканға су құй. Осы ыдыстардағы судың пішініне қара. Су қандай пішінге ие болады? Әр бір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса, суда тұрақты пішін болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады екен.

  2. тәжірибе: Суды кез –келген беті тегіс нәрсеге құйып көр. Ол жан – жағына аға бастайды, себебі су сұйық. Аққан су түгел жоғалып кете ме? Оның орнында дымқыл, сулы із қалады. Су жұғады екен. Бірақ артынша ол да жоқ болады. Кеуіп кетеді. Кез – келген затты суға малып алсаң, ол су – су болып шығады. Су жабысқақ. Тасты суға салып ал. Олда су болып шығады. Жуылған киімді далаға жаяды. Ол біраздан кейін кебеді. Ойланшы! Оның бойындағы су қайда кетті? Күн көзі жылуынан су буға айналады. Бу ауаға араласты.

Суды үстел немесе жерге құйсақ, ол не істейді?-төгіледі.

-Демек, су-сұйық.

-Суға шүберекті малып алсақ, шүберек не болады? –Су болады.

-Оны далаға жайып қойсақ не істейді? –Кеуіп кетеді.

-Демек, су бу болып ұшып кетеді.

-Ал,сулы шүберекті мұздатқышқа немесе салқынға қойсақ, ол қатып қалады.

-Демек, Су- мұз болады. Сонда судың неше күйі бар екен? –Үш күйі бар.

(Судың үш күйі: Сұйық, мұз, бу )
ІҮ. Ой қозғау. -Судың қасиеттері қандай? Осы сұрақ төңірегінде ой өрбітіп көрейік.

Жер бетінің 70 % - ын су алып жатыр. Адам баласына ең алдымен таза, саф ауа,құнарлы тамақ,тыныш орта,көтеріңкі көңіл-күй,мөлдір су өте қажет.Су – 1 С температурада қатады, + 100 С температурада қайнайды. Су бар жерде тіршілік бар. Су адамға, жан-жануарға, өсімдікке, құстарға яғни тірі табиғаттың бәріне де қажет.(оқушылар судың күнделікті өмірде қажеттілігі туралы өздері айтады)



Ү.Дәптермен жұмыс. (күннің жадын жазып ,сызбамен жұмыс жүргізеді)

ҮІ.Сергіту сәті. Жаңбыр жауар тырсылдап,

Буға айналар бұлдырап.

Қатты аяз болғанда

Мұзға айналар қатырлап.



ҮІІ.Суретпен жұмыс.

Тақтадан көрсетіледі.



1.Берілген суреттер бойынша судың пайдасын айту.

(тақтада бірнеше суреттер көрсетіліп, оқушылар өз ойларын айтады)



ҮІІІ.Сабақты бекітіп, қорытындылау.

а)Шығармашылық жұмыс.

-Міне балалар, сусыз тіршілік жоқ екен. Суды қорғауымыз, үнемдеуіміз керек. Ендеше, үш топ бір ауыздан суды қорғауымыз жөнінде үндеу жолдайық.



1-топ: «Су-саяхатшы»

2- топ: «Сусыз өмір жоқ»

3-топ: «Суды қадірлейік»
ә) Дүниетану сабағы .

Әрбір қызық парағы

Бүгін біздер ұғындық.

Су. Судың қасиетін сабағын-деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.



ІХ. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап,бағалау.

Х. Үйге тапсырма:Мәтіндерді оқып, мазмұндау.

Суға байланысты өлең жаттау.








Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет