Жетісу облысында көп балалы ана өз-өзіне қол жұмсады. Полиция іс қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға жайлы 3 қаңтар күні журналист Сандуғаш Дүйсенова мәлімдеген. Журналист таратқан ақпаратқа қарағанда, 35 жастағы Балжан Өзбекованы 28 желтоқсан күні кешке құрбысы ауруханаға жеткізген. 

“Ақсу ауданы орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде әйел аспирин дәрісінің он қорабын ішіп, бір күннен кейін қайтыс болғанын мойындады”, – делінген мәліметте.

  • Ақтөбеде 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлын өлтірген күдікті тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсады
  • Діндар күйеуі күн көрсетпей, жиі ұрып-соққан: Алматыда екі баласының көзінше асылып қалған 29 жастағы әйел туралы не белгілі

Жетісу облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

“Іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды”, – деп қосты полиция.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.