Сабақтың тақырыбы: «Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер»



жүктеу 72.64 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі72.64 Kb.
түріСабақ

Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер Сыныбы 7


Сабақтың тақырыбы: «Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтауды үйрете отырып, білім дағдыларын қалыптастыру; сұйықтың тығыздығын анықтайтын құралмен танысу, жалпы мағлұмат алу. 

Дамытушылық мақсаты:оқушылардың ой-өрісін дамытуға, өз бетімен ізденуге, қорытынды жасауға, өзін-өзі бағалап, сын көзбен қарауға машықтандыру; 

Тәрбиелік мақсаты:оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, сыйластыққа, ізденушілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 

Сабақ көрнекіліктері: Интерактивті тақта.
Сабақтың типі: жаңа материалды хабарлау.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: АКТ, дамыта оқыту технологиясы, әңгімелеу, баяндау.

Құрал-жабдықтар: су, мензурка, тығын, ареометр, мұз кесегі, қант кесегі (рафинад). 

Пәнаралық байланыс: информатика, биология, ағылшын, орыс тілі.
Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру.


1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Жаңа сабаққа бас бұрмас бұрын алдымен өткен сабаққа шолу жасайық.

Өткен сабақта 3 топқа бөлініп жұмыс жасағанбыз.

қант шақпақ, тығын, мұз кесегі осы заттармен Архимед күшін есептеген болатынсыңдар.


  1. Өткен сабақта біз қандай тақырыппен танысып едік?

  2. Кез – келген сұйыққа батырылған денеге қандай күш әсер етеді?

  3. Архимед күшінің шамасын анықтауға болатын қандай тәжірибе білесіңдер?

  4. Сұйыққа терең батырылған денеге әрекет ететін Архимет күшін қалай есептеуге болады?(формуласын жазу)

1. Неліктен денені суға батырған кезде динамометрдің көрсеткіші өзгереді? (Виртуальды зертханамен жұмысты интербелсенд і тақтада бір оқушы көрсетеді)

(Ауырлық күшімен қатар денені судан ығыстыратын ығыстырушы күш әрекет етеді) 

2. Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күшті қалай атаймыз? (Архимед күші) 

3. Архимед күші қандай шамалардан тәуелді? (ρс– сұйықтың тығыздығы және Vд – дененің көлемінен) 

5. Архимед күшінің бағыты қалай бағытталады? (жоғары)


Зерттелетін дене

g , Н/кг

ρсу,

кг/м3

Vд3

m , кг

FA ,Н

Fa , H

Батады

Жүзеді

қалқиды

Қант

  9,8

  1000

 




 




батады

Мұз кесегі

  9,8

  1000

 




 




жүзеді

тығын

  9,8

  1000

 




 




қалқиды

Сонымен денелердің 3 шарты орындалды. Заман барған сайын күрделеніп келе жатыр.Елбасының саясаты бойынша біз 3 тілді меңгеру керекпіз.

батады

тонет




Жүзеді

плавает




қалқиды

парит




ІІІ Мотивация: 

Кейбір денелер сұйық бетінде жаңқа тәрізді қалқып жүрсе, екіншілері батып кетеді, ал үшіншілері сүңгуір қайық тәрізді оның ішінде жүзіп жүре алады. 

Тәжірибе жасап көрейік (Тақтаға бір оқушыны шығару) 

Шыны ыдысқа су толтырып, оның ішіне мұз кесегін саламыз. 

 

IV Проблемалық сұрақ: 



Неліктен мұз суға батып,оның ішінд е жүзеді? (Оқушылар тығырыққа тіреліп, өз ойларын айта бастайды) 

 

V Тақырыпқа шығу, мақсат қою: 



М: Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай? 

О: Денелердің жүзу шарттары 

М: Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз? 

О: Денелердің жүзу шарттарын анықтау 

М: Сұйықтың ішінде қандай күштер денеге әрекет етеді? 

О: Екі күш әрекет етеді: жоғары бағытталған Архимед күші және төмен бағытталған ауырлық күші 

М: Дұрыс. Ал кім тақтада мысал келтіріп, суретін салады? 

М: сұйықтың және қатты денелердің тығыздықтарын қайдан аламыз? 

О: Кітаптың артындағы 6-7 кестелерден аламыз. 
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер»
Бүгінгі сабағымыз денелердің жүзуі және оның қасиеттері жайлы болмақ. Кейбір денелер сұйық бетінде жаңқа тәрізді қалқып жүрсе, екіншілері батып кетеді, ал үшінші біреулері сүңгуір қайық тәрізді оның ішінде жүзіп жүре алады.Сұйық ішіндегі денеге екі күш – тік төмен бағытталған ауырлық күші Fa = mg (m - дененің массасы) және тік жоғары бағытталған Архимед күші FA = m ы.с.g (m ы.с.- дене ығыстырған сұйықтың немесе газдың массасы) әрекет етеді. Дененің сұйық бетіне қалқып шығуы кезінде оның суға батқан бөлігі азая бастайды, сондықтан да ығыстырушы күш те кеми береді.

Сонымен біз дененің сұйық ішінде жүзуі, оның бетіне қалқып шығуы немесе батып кетуі сұйық пен дене материалы тығыздықтарының арақатысына байланысты екенін анықтадық. Олай болса, дененің сұйыққа бату тереңдігі бойынша дене мен сұйықтың тығыздықтарын салыстыруға болады.

Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған құрал – ареометр деп аталады .

Ареометр тығыздығы өлшенетін сұйыққа батырылған кезде оның құтысы Архимед күші ауырлық күшіне теңескенше белгілі бір тереңдікке дейін сұйыққа батады. Сұйық тығыздығы неғұрлым аз болса, соғұрлым ареометр сұйыққа тереңірек батады да, оның шкаласы бар шыны түтікшесі сұйық бетіне аз көтерілетін болады. Тығыздығы жоғарырақ сұйық жағдайында оған ареометр азырақ батады.


 Ареометрлер-сұйықтың тығызығын анықтауға арналған құрал.

Құрылысы: 1-шыны құты. 2-металл кесектері. 3-жіңішке түтікше. 4-шкала.

Сүттің майлылығын анықтау үшін қолданылатын ареометрлер-лактометрлер деп аталады.

 

М: Бізде барлық жағдайларда сұйықтығымыз су болды. Ал егер судың орнында басқа бір белгісіз сұйық болатын болса, онда біз сұйықтың тығыздығын анықтай аламыз ба екен?



О: тығырыққа тіреліп, ойланады, өз ойларын айтады. 

М: Анықтай аламыз екен. Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған құрал – ареометр деп аталады. Ол сұйықтың тығыздығын, сүттің сапасын, оған су қосылғанын, не қосылмағанын, қант және тұз ерітінділерінің пайыздық мөлшерін анықтау үшін қолданылады. 

Шарты: Су құйылған ыдыста массасы 30 кг қайың ағашы мен массасы

50 кг мыстан жасалған екі кесек бар. Екеуінің қайсысының ауырлық күші басым?

Сонымен, біз бүгін денелердің жүзуі үш түрлі күйде болатынын білдік. Олар:


1) Ға = ҒA, дене сұйықтың кез келген жерінде тепе – теңдік қалпын сақтай алады.
2) Ға>ҒA, дене сұйыққа батады.

3)Fa<ҒA, дене сұйықтың бетіне көтеріледі.

 Оқушыларды үш топқа бөліп, тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтарды таратты. Әр топ дененің батып кететінін, судың бетінде қалқып жүретінін 

және суға батып, оның ішінде жүзіп жүруін  формулалар арқылы анықтап, суретін салып, қорытынды жасау керек. 

1 топ: Суға қант кесегін салу 

2 топ: Суға тығынды салу 

3 топ: Суға мұз кесегін салу 

 Суда рафинад: Суда тығын: Суда мұз кесегі: 

 ρқант = 1600 кг/м3

 ρтығын = 240 кг/м3

 ρмұз = 900 кг/м3

 ρсу = 1000 кг/м3

 

 Fa > FА. Fa < FА. Fa = FА.



.ρқант>.ρсу. ρтығын<.ρсу. ρмұз =.ρсу.

 

Қорытынды: 



- Ауырлық күші Архимед күшінен үлкен болған жағдайда, дене сұйыққа батып кетеді: Fa > FA 

- Ауырлық күші Архимед күшінен кем болған жағдайда, дене сұйықтың бетінде жүзіп жүреді: 

Fa < FА

- Ауырлық күші Архимед күшіне тең немесе жақын болған жағдайда, дене сұйыққа батып, оның ішінде жүзіп жүреді: Fa = FА



 

Егер денеге әрекет етуші ауырлық күші мен архимед күшіне тең болса, онда дене сұйықтың кез келген жерінде тепе-теңдік қалпын сақтай алады.


 Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық болса, онда дене сұйыққа батады.
 Егер ауырлық күші архимед күшінен кем болса, онда дене сұйықтың бетіне көтеріледі.

Қорытынды: 

- Денелердің жүзу шарттары қандай шамаға байланысты? (ρсұйық және ρдене ) 

- Сұйықтың тығыздығын қандай құралдың көмегімен анықтайды? (Ареометр) 

- Сүттің майлылығын анықтайтын ареометр? (Лактометр)

 

 М: Сонымен денелердің жүзу шарттары қандай? 



О: Тақтаға шығып тірек-схема сызады 

Денелердің жүзу шарттары 

 Дене батады Дене ортасында жүзеді Дене бетінде қалқып жүреді 

 Fа > FА. Fa < FА. Fa = FА


IX Рефлексия 

1. Бүгін сабақта қандай тақырыпты өттік? 

2. Денелердің жүзу шарттары қандай? 

3. Неліктен мұз суға батып, оның ішінде жүзіп жүреді? 

4. Денелердің жүзу шарттары қандай шамаларға байланысты? 

5. Сұйықтың тығыздығын қандай құралдың көмегімен анықтайды? 

6. Сүттің майлылығын қандай ареометрмен анықтайды? 

Эксперименттік тапсырма. Құм және пробирка алып, өздерің ареометр жасаңдар. Оны таза суды пайдаланып градуирлеңдер. Осы ареометрді пайдаланып, тұз және қант ерітінділерінің тығыздығын анықтаңдар. 
Үйге тапсырма 

§45, §46, 24 -жаттығу 

Эксперименттік тапсырма (картоп)

Бағалау 


Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0a62
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0a62 -> Сабақтың тақырыбы: «Ақ орда(хііі-хүғ. б.)»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет