Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Бишімбаев соты президенттің жеке бақылауында екенін, онда бұзушылықтар болмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Мәжіліс кулуары

Қоғам Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот әділ өте ме деп алаңдап отырғаны белгілі. Себебі Бишімбаевтар отбасы осал емес. Осы тұста Ерлан Қошанов журналистің “Бишімбаев жауапкершіліктен сытылып кетпей ме, оған әділ жаза тағайындалады деп ойлайсыз ба” деген сұрағына жауап берді. 

Мәжіліс төрағасы сот процесіне депутаттың да, журналистің де, басқа лауазымды тұлғалардың да араласуға құқығы жоқ екенін айтты. 

“Бұл іс үлкен резонанс туғызды. Шынында, жантүршігерлік оқиға. Қоғамның ерекше бақылауында. Президент осы оқиғаға қатысты тергеу дұрыс жүргізілсін деп тапсырма берді. Қоғамдық бақылау бар кезде ешқандай бұрмалаушылық болады деп ойламаймын. Сот шешім шығаруда дербес, сол себепті әділ үкім шығатынына сенеміз”, – деді Қошанов. 

Бұған дейін Ерлан Жақанұлы ресейлік депутаттардың Қазақстанның жері туралы қоқан-лоқысына екі жақтап тосқауыл қоямыз деп мәлімдеген еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.