Сабаќтыњ таќырыбы: «Домбыра аспабын алѓашќы ‰йрену сатылары»



жүктеу 28.45 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі28.45 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: «Домбыра аспабын алғашқы үйрену сатылары»
Сабақтың дамытушылық

мақсаты:

Оқушының өнерге деген эстетикалық қызығушылығын арттыру, қиялын дамыту. Домбыра аспабымен танысу, құрлысы, оқушының отырысы мен аспапты ұстауы. Ноталық сауаттылық, оң қолдың қойлымы, сол қолдың қойылымы.


Сабақтың тәрбиелік

мақсаты: Сабаққа жауапкершілікпен қарауға және ұқыпты болуға үйрету.
Сабақтың әдіс тәсілдері:

Түсіндіру, ойнап көрсету, сұрақ-жауап, қолма-қол ескертпелер, оқушының қабылдау қабілетін бақылау.


Көрнекі құралдар: Домбыра аспабының суреті. Ноталар. Домбыра аспабының өзі.

Күй тілі-көп заманның алуан ісі,

Күйлердің әлемге аян бар мәнісі.

Өмірді күймен бірге қоса алмайтын,

Кер құлақ, көрсоқырлар алданысы.

Илияс Жансүгіров.



Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезені

-Сәлеметсіздерме?

Құрметті Ұстаздар бүгінгі ашық сабақ 1-ші класс оқушысы Утегенова Жанеркемен өткізіледі
2.Жаңа тақырып

Домбырашы орындықтың жартысына отырып, оң аяғын сол аяғының үстіне қойып, иығын, кеудесін тік ұстап отырады.

Аспапты әрі-бері сырғытпай, орнықты әрі берік ұстау керек. Ол үшін домбыра шынағының төменгі қырын оң аяқтың үстіне тіреп, негізгі үлкен тиек пен түймеге дейін қақтап бетін оң қолдың қолтығымен демеп, қысыңқырап ұстағаны жөн.

Домбырашы оң және сол қолға еркін табиғи тарту мүмкіндіктері туғызуы керек. Ал домбыра басы сол қол иық тұсымен деңгейлес болуы керек.



Оң қолдың қойылымы:

Оң қолдың білезік қол қоспасы домбыра қатарлас ішке иіледі. Ал сұқ саусақ пен бас бармақ қиғаштана ұсталып, қалған саусақтар алақанға қарай сағанадай сәл ғана ішкері иіліп, тізбектеле орналасады. Кейде ән-күйлердің орындалуы ерекшеліктеріне сәйкес бармақ сүйектері қақпаққа тіреліп, саусақтар шертпе қағыстар жасайды.



Сол қолдың қойлымы

Домбыра пернесін басқан кезде шынтақ, білек, иық бостау және түсіңкі болуы керек. Балалар көп жағдайда пернені басқан кезде шынтағын көтереді. Бұл дұрыс емес. Сол қолдың бүкіл буындарын бос ұстап, шынтақты иіп, бас бармақ пен сұңсаусақ аралығында ойысқа домбыра мойнын сәл тигізу қажет.

Бірақ алақан жағы тимеуі шарт ол тиген жағдайда домбыраның мойындағы қолдың, саусақтың еркін қозғалысына кедергі пайда болады да, білек буыны қысылып,орындаушы тез шаршап қалады. Саусақ перненің дәл үстімен емес, жанынан басылады. Оларды шашыратпай тізілте басылатын перненің тұсында ұстау қажет.

Домбыраның қағыстары
π -сұқ саусақпен төмен қағыс.

-Сұқ саусақпен жоғары қағысы.



π√-Сұқ саусақпен алма-кезек қағыс

-Бас бармақпен жоғары қағыс

-Бас бармақпен төменгі қағыс




Саусақтардың қойылымы:

О-ашық ішек

Б-бас бармақ

1-бірінші (сұқ саусақ) саусақ

2-екінші саусақ (ортаңғы)

3-үшінші саусақ (аты жоқ)

4-төртінші саусақ (шынашақ)
Домбыраны қолымызға алып, төмен қағыстан бастап тартамыз. Біртіндеп жоғары қағысты қосамыз, төмен, жоғары, төмен екі жоғары, төмен үш жоғары, қарапайым қара қағыстарды қолымыз үйренгенше қағамыз. Пернені қатты немесе жай емес, толық дыбыс үні шығу дәрежесіне жеткізе басқан дұрыс. Себебі перне қатты басылса, қолдың қары қарысып қалады, жай басылса, дыбыс сапасы өз дәрежесінде шықпайды. Жалпы алғашқы кезеңде дыбыстың сапасы мен қолдың табиғи еркіндігіне көңіл қойған жөн.

Үйге тапсырма:

Домбыраның қағыстарын қайталап тарту. Айнаның алдында орындыққа отырып, домбыраның қарапайым қара қағыстарына дайындалу.




Сабақты қорытындылау:

Оқушыны бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет