Сабақтың тақырыбы: е дыбысы мен әріпі



жүктеу 115.45 Kb.
Дата07.03.2018
өлшемі115.45 Kb.
түріСабақ

ОҚО, Сарыағаш қаласы

135 жалпы орта мектебі



Бастауыш сынып мұғалімі:

Инкарбекова Айнур Мамыралиевна

Сыныбы: Мектепалды дайындық сыныбы \

Пәні: сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әріпі.

Сабақтың мақсаты: а) Е дыбысы мен әріпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету.

ә) Е дыбысаы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың ой- өрісін, тілін дамыту.

б) Бірігіп жұмыс істеуге, бірінің пікірін бірі зер салып тыңдауға, табиғатты сүюге, оларды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ой-қозғау, сұрақ-жауап, топ, жұппен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, е әріпінің баспа, жазба, түрі, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру. Психологиялық треннинг.

Әрбір адам- досым, сыныптасым

Әрбір ісің- тіршілік, адамдық.

Әрбір сабақ үйрену, оқу, іздену

Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық




  • Балалар, бүгінгі сабағымызды зерттеуші болуды үйренеміз. Ғалымдарды да зерттеушілер деп атайды. Себебі ғалымсдар да, ата-бабаларымыз да түрлі техника, түрлі жайттарды табиғатқа қарап ойлап тапқан.

Ұлы ғұлама Әл-Фараби атамыздың мынадай қанатты сөзі бар:



« Адамның негізі білім алатын көзі- табиғат.»
Біздің бүгінгі сабағымыз тай байланысты болмақ. Қазір көптеген қызықты

тапсырмалар, ойындар ойнаймыз. Оның барлығын орындап үлгеруіміз

сендердің жылдамдықтарыңа, зеректіктеріңе, білімдеріңе байланысты. Алға

қойған мақсатымызға қалай, ненің арқасында жете аламыз? ( ауызбіршілік, бірлік)

Бірлік туралы қандай мақалдар білеміз? « Бірлік болмай- тірлік болмас»

Бұл мақалды қалай түсінесіңдер? ( оқушылардың ой-пікірлері)

Өте жақсы, біз міне « Бірлік » аялдамасында тұрмыз.

Енді « Бірлік » аялдамасынан сайын далаға саяхатқа шығамыз. Көзімізді жұмып, ойша көз алдымызға елестетейік, далада нелерді көруіміз мүмкін. ( шөптер, құм, ағаш, аңдар т.б.). Енді көзімізді ашып, табанымыздың астына қарасыақ нелер екен балалар? ( Іздер)

Үй тапсырмасын қорыту

Әрине іздер, бұл балалар жай іздер емес, сиқырлы іздер, іздерге сөздерді

қатесіз оқысақ бұл іздің қай аңдікі екенін анықтай аламыз.

Қане тездетіп оқиық ( аң, оң,таң,)

Яғни, бұл түлкінің ізі екен. Түлкі туралы не білеміз? ( Қу, айлакер,

жыртқыш, далада, өмір сүреді т.б.)

Біз бұның бәрін қайдан үйрендік?

Кітаптан, кітап туралы қандай мақал білеміз.

« Кітап- білім бұлағы»

Қалай түсінесіңдер? ( ой-пікір) « Білім» аялдамасына келген екенбіз.

Ендеше кітаптан алған білімімізді корсетейік көрсетейік?

Тақтаға қандай? Кім? Сұрақтарына ілінеді

Менің қолымдағы не? ( доп,шар)

Доп қандай? ( ауыр) шар қандай? ( жеңіл)

Алма қандай ( қызыл, тәтті). Пияз ( Ащы, сары)

Қарындаш қандай, ( жуан), қылқалам ( жіңішке)

Сонда қандай сұрағы арқылы заттардың несін білдік? (түрін, дәмін, көлемін,

салмағын)

Келесі сұрақты оқиық ( кім?)

Оқулығымыздың 80 бетін ашайық. Сұрақты бір бала, жауабын келесі бала,

мамндығын

үшінші балаға оқытамын.



  • Кім сұрағы тек ғанаадамдарға қойылады екен.

Кітаптан алған білімдерімізді өте жақсы көрсеттік.

Сергіту жаттығуы.

Әсем әнге саламыз

Буынға бөліп сөздерді,

Білімге білім қосамыз.



3. Жаңа сабақ.

  • Саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз. Балалар жолда біз тағы іздерге кездестік, бұл іздерге қай аңдікі екенін белгілерің келе ме? Ендеше іздегі сіреттерге қарайық. Бұл не екен?

Кесіртке, елік, етік, ешкі. Осы сөздерді буынға бөлейік, қанша буын бар, і дыбысы қай

буында келеді? Осылайша барлық сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз.

Өте жақсы, тапсырманы орындадық.

Енді іздің қай аңдікі екенін білейік (кірпі). Осы із бізді қайда әкелді?

Әр ине інге, ін аңдарға не үшін керек? ( суықтан қорғану, азық- қорын жинау, жауларынан

қорғану үшін)

Балалар біз ой-пікірімізді не арқылы білдірдік. ( Тіл)- дұрыс айтасыңдар, тіл қарым- қатынас

құралы екен.

Ендеше біз « Тіл» аялдамасына да келіп жетіппіз. Қазір мен сіздерге « Емен» мәтінін

мәнерлеп оқимын, сіздер зер салып, мұқият тыңдаңыздар.

Мәтін қалай аталады?

Емен қандай ағаш?

Еменнен нелер жасалады?

Еменнен тағы не істейді?

Оқушыларға іштей, сонан соң тізбектей оқыту.

Өте жақсы енді бойымызды сергітіп ойын ойнайық. Жоғалған әріпті тап: ж.. л, ж...р, б..л,

б...с.

Енді осы сөздерді дәптерімізді ашып, жазайық.



Өте жақсы, енді сол сөздерді астына емен, еден сөздерін жазып, дыбысчтық талдау жасай

қойыңыздар ( 2-3 балаға оқыту)



Сергіту жаттығу. Жаздық, Жаздық бәріміз.

Шаршап қалды қолымыз,

Аз ғана дем алайық

Сосын қайта жазайық

Шығармашылық тапсырма: іс-іс-іс,

Аппақ екен тіс

Іл-іл-іл

Сөйле қызыл тіл

Біз бүгінгі сабағымызды аңдар мен ағаштар туралы көп мағлұмат алдық.

Қазір қай аңның қайда мекендейтінін тауып көрейік. Тақтаға плакат ілінеді. Ол үшін көп

нүктенің орнына керекті сөзді табуымыз керек.

...беу, ..ден, ...мен



4. Жаңа сабақты қорыту.

  • Қандай мәтінмен танысайық?

  • Емен не үшін керек

  • Мәтін неше сөйлемнен құралған?

  • Е- дыбысы қандай дыбыс?

  • Мысалдар келтірейік?

5.Бағалау.

6. Үйге « Емен» мәтінін оқу, мазмұнын айту.Кім? Не істеді? Қандай? Сұрақтарына

Жауап беру.

Балалар, бірлік, білім, тіл, кітап, ерлік,сөздері өте қастерлі, қасиетті сөздер.

Осы қасиетті сөздер сендердің серіктерің, достарың болсын.

Бүгінгі көңіл күйіміз қандай болды? ( көтеріңкі)

Күлімдеп күн бүгін қарады маған да,

Күлімдеп бүгін қарады саған да

Шуақпен нұр төгіп,

Көңілді кетті көтеріп

- Рахмет балалар, сау болыңыздар.



ОҚО, Сарыағаш қаласы

135 жалпы орта мектебі



Бастауыш сынып мұғалімі:

Инкарбекова Айнур Мамыралиевна

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен табиғаттың бөлшегімін.

Тәрбие сағатының мақсаты:

  1. Табиғат туралы түсінік беру, ауаны ластанудан сақтауға, табиғат бөлшектерінен жақсы қасиеттерді алуға үйрену.

  2. Экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

  3. Қоршаған ортаны ластамауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер.

Өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Психологиялық дайындық «Тек жақсылық ойлаймын»

«Біз ақылдымыз»

Қызығушылықты ояту.

Бейне таспадан табиғат көрінісін, табиғаттан үйренейік көрінісін тамашалау.

Ой қозғау.


  • не көрдік?

  • Нені байқадық?

  • Сені қоршаған табиғатта үнемі өзгерістер бола ма?

  • Табиғат нешеге бөлінеді?

Жұмбақ жасыру арқылы тақырыптың мазмұнын ашу.

Жұмбақтар.



  1. Тауда өсер, таста өсер,

Көктем менен жазда өсер,

Қыста өшер (Шөп)



  1. су астында жұмыртқа ағарар,

Ұсақ мейлі, ірі мейлі,

Мәңгілік иірімейді Тас)

Табиғат

Тірі өлі
Шөп Тас


Көбейеді көбеймейді.

Мазмұнын ашу.

Айналамызға көз жіберсек, алуан түсті бояуға малынған сұлу көріністерді байқаймыз. Ол суреттің ішінде ағаш та, бұта да, шөп те, гүл де, өзен – көл де, тау мен тас та кіреді.

Бұлардың бәрі сені қоршаған дүние немесе табиғат деп аталады. Осы дүниенің ішінде сен де барсың.

Сен де табиғаттың бір бөлшегісің.


Экология әліппесін слайдтан оқып беру.

Сурет бойынша әңгімелеу. Оқушыларға суреттер беріледі сол бойынша әңгімелейді.



  1. Табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады ма?

  2. Адамдар табиғатта қалай қорғайды?

  3. Табиғаттың бір бөлшегі ретінде қандай пайда келтірер едің?

  • суреттер арқылы топтастырады, әңгімелейді.

  1. Бір түкті кілем. 2. таңмен көзін ашады.

Бір түксіз кілем. Әлемге нұрын шашады.

(жер, аспан) (күн)



  1. Күндіз бәрі қашады,

  2. Түнде аспанды басады

(су)

  1. Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен (су)
«Ауаны ластаудан сақтау»

Слайдтан оқып беру.


Жер бетіндегі ауа үнемі қозғалыста болады. Жел арқылы лас ауа екінші жерге жетеді. Лас ауамен дем алу адам өміріне өте зиян. Өсімдіктер мен жануарларға да таза ауа керек.

Сондықтан ауаны таза ұстау бүкіл халықтық іс. Ол үшін жерді көгалдандыру, гүл өсіру, ағаш отырғызу пайдалы.



Слайдтан тыйым сөздер оқу.

  1. Өзіңді қоршаған ортаны ластама.

  2. Ағашты сындырма, шөпті жұла берме.

  3. Құстың ұясын бұзба.

  4. Жан-жануарды жәбіплеме.

Әдеби мрнтаж.

Табиғат – мәдениеттің табиғи үлгісі. Бүгінгі таңда қарсы қою – балаңдылыққа саяды.



    1. «Табиғат – біздің анамыз,

Біз – табиғатқа панамыз!»

    1. Адам табиғатқа тәуелді болса,

Табиғат та оған тәуелді.

3.Табиғат – ол анамыз,

Табиғатқа баламыз

Құшағында ойнаймыз

Шаттық әнге саламыз.


  1. Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді.


  1. Гүлдер, гүлдер пәк қандай

Жаңа жауған ақ қардай

Таудың гүлі – таңның нұры,

Дала төсін кілем болып жапқандай

Халық болжамдары.

«Шөптің буыны тез қатайса, қыс ерте түседі»

«Құстар топталып төмен ұшса күн жылы болады»

«Қыс аязды болса, жаз ыстық болады»



  1. Қоршаған орта – біздің ортақ үйіміз. Оны таза ұстау керек. Кез келген жерге қоқыс тастама.

Ой шақыру.

  1. Табиғат нешеге бөлінеді?

  2. Табиғаттан не үйрендің?

  3. Табиғать бөлшегі деп нені түсінесің?

Қорытынды:

Адам табиғаттың бір бөлшегі.

Табиғатты аялап сүйе білу азаматтық боршымыз.

«Табиғатты қорғау - өз өміріңді қорғау» дегеніміз сондықтан



ОҚО, Сарыағаш қаласы

135 жалпы орта мектебі



Бастауыш сынып мұғалімі:

Инкарбекова Айнур Мамыралиевна

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Анамызды аялайық»

Мақсаты: 8 наурыз мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру,анаға деген мейірімді,сүйіспеншілікті арттыру,ана туралы өлеңдерді айтуда мәнерлі, анық оқуға үйрету.Сөздік қорын молайту.Адамгершілікке баулу.

Көрнектілігі: гүлдер,шаралар,даналық сөздер,презентация.

Барысы:Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қандай биік болса-дағы бақ асу?

Қандай биік

Болса-дағы дар шың?

Бәрінен де сен биіксің анашым! – дегендей 8 наурыз – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің апаларымыз,аналарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн.Құрметті аналар өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен,сыпайлықтарыңызбен өмірді шуақтандырып,жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар.

Әлемде нәрестеге өмір сыйлап,оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер нәрсе жоқ.Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!

Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын.Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып,әрдайым әдемі,жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін.Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сүлулық тілейміз!

Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған,ерлермен бірге ерлік жасаған.Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес,бүкіл өмірін,ұрпағын сақтаған,ерліктің үлгісін көрсеткен.Бесік тербейтін,батырды өсіретін,ұлтымызды сақтайтын,ертеңгі ерлерді өсіретін әйел,келін,ана.Өздеріңізге арналған ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!

«Ана – сен қымбатсың маған» презентациясы

1 жүргізуші: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар!

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар

Алдыңызда жауқазындай құлпырған,

Алаңсыз балғын шақты балалар.

2 жүргізуші: Бас иген ғаламда дана да

Ізгілік бастауы анада

Ана – өмір,бала-гүл

Анадан асыл бар ма екен

1жүргізуші: 1910 жылы Даниядағы Копенгаген қаласында әйелдердің халықаралық конференциясы өтті .Мінбеге Клара Цеткин шықты.Ол өз сөзінде капиталистік елдердегі бейбітшілік, демократия, теңдік жолындағы күрестің

ынтымақ күнін жыл сайын наурыз айының 8 – де атап өтейік дед.

2 жүргізуші:Бұл ұсынысты жиналған жұрт бірауыздан қабылдады.Кейін бұл күн 8 – наурыз –Аналар мерекесіне айналды.

Сізден өскен балалар,Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен Құрметті біздің Аналар!

Тойды бүгін ашайық!Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық :

1) Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

2) Құтты болсын,ардақты ана

Асыл анам мерекең

Құтты болсын теңдік алған

Қуанышты берекең

3) Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

4) Ана өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

5) Ай қабақты анашым

Күн сәулелі мамашым

Ақ сүтіңмен суғардың

Бөбегіңнің санасын

6) Ойладыңба бүлдіршіндей бала қамын

Сипады маңдайымнан алақаның

Сөзіңді екі етпейді,қадірлейді

Қарайды қабағыңа балапаның

7) Апатайым анашым

Ақылы мол данасың

Қамқоры сен сәбидің

Гүлі де сен әр үйдің

8) Кіршіксіз жүрегіндей жас баланың

Апатай өзің – менің асқақ әнім

Өсірдің әлдиледің аяладың

Ойыңнан бір сәт мені тастамадың

9) Ананың әрбір сөзі,ой талабы

Жүректің тереңінде сақталады

Өсеміз елін сүйген ұландар боп

Ардақты ана еңбегі ақталады

10) Әкемізге еркелеп

Анамызды тыңдаймыз

Әжем айтар көп ертек

Атамызды сыйлаймыз



Би «Қыздардың орындауында»

11) Мен мектепте оқимын

Інім болса бақшада

Ақ апама кім жетсін

Әлемдегі жақсы ана

12) Анамызды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжемізді ардақтап

Әдеппен бас иеміз

13) Ана деген адамға құтты мекен

Әр адам ана менен адам екен

Бір өзіме көрсеткен жақсылығың

Бір күнгі тәтті ұйқымнан садаға екен

14) Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ анам

15) Мәпелеп өсірген

Ол менің анашым

Ақ сүтін аямаған

Ол менің анашым

Басымды иемін

Асылым анама

16) Менің әжем,бұл әжем

Айтқан сөзі бал әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем

17) Ана десем – алғыс алам халқымнан

Ана десем – теңіз болам шалқыған

Ана десем – ашылады қабағым

Ана десем - әділдікті ұғамын

18) Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен

Мәпелеп әлдилеген пейілің кең

Аналық махаббатың кәусар бұлақ

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ

Би «Боз жорға»

19) Бала,бала бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

20) Өмірдің иесі сен ана

Келтірдің дүниеге нелер дана

Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ

Өмірдің алтын кілті сенде ғана

21) Дүниенің жарық күні анамыз

Дана болсақ анаменен данамыз

Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын

Анаға арнап тағы бір ән саламыз

Ән. Хор «Біз үшін»

22) Бұл өмірге әкелген

Аяулы менің анашым

Күлімдеген көздерің

Нұр шашады анашым

Көрініс

«Әже мен немересі»

Жүрегім кім менің?

Мен!

Тірегім кім менің?



Мен!

Сәнім кім менің?



Мен!

Ботақаным,бағлан қозым

Не деген тәтті баласың, өзің!

Ой қарғам менің



Жоқ,әже қарға мен емес!

Жо жоқ, қарға болмаймын

Керегі жоқ ондайдың

Қарға «қарқ-қарқ» етеді

Алысқа ұшып кетеді

Қасыңда боп әрдайым,

Мен ешқайда бармаймын

«Хор»

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсаулық мол бақыт



Тілейміз біз, балалар

Ойын «Кімнің даусы табайық»

5 бала шығады да теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем , сол адам бір сөз айтады. Мысалы : ботақаным – дейді. 5 баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айту керек. Дұрыс тапқан бала анасымен отырады.

Енді балалар өздерінің аналарына деген сыйлықтарын тапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет