Мәскеудегі "Крокус сити холлдағы" концерт залында болған теракт салдарынан қаза тапқандар саны көбейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ресей тергеу комитетінің мәліметі бойынша, қаза тапқандар саны 93-ке жеткен. Оның үшеуі бала. Өлім себебі оқ жарақаты ғана емес, ғимаратта жанған заттардан уланған. 

Сондай-ақ Shot телеграм арнасы террорлық әрекеттің хронологиясы қалай болғанын жариялады. 

Телеграм-арнадағы мәлімет бойынша, террористер ғимаратта 18 минут болған.

  • Сағат 19.55-те "Крокус" ғимаратының алдына "Рено Симбол" тоқтап, ішінен автомат асынған террористер шығып, ғимаратқа қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудырып, күхетшілерді атып тастаған. 
  • 20:03-ке таман террористер концерт залының көрермендер отырған залына кіріп, алдынан шыққан адамдарды атып, креслоларды өртей бастайды. Шабуыл жасаған адамдарда бензин болған. 
  • Террористерден қашып құтылған адамдар терезелерді сындырып, ғимараттан қаша бастаған. 
  • 20:13-те ақ "Рено Симбол" мінген төрт қаскөй "Крокустың" көлік тұрағынан кете бастаған. 

Еске сала кетсек, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Шабуылдаушылар "Крокус" залына бірнеше бөтелке лақтырған. 

Зеленский Кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк Украинаның шабуылға қатысы жоқ деп мәлімдеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда ресейлік құқықтық тәртіп органдарына көмек көрсететінін мәлімдеді. Мәскеуде Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі ашылды.

Ресей Федерациясының бұрынғы президенті Дмитрий Медведев "егер бұл Киев режимінің террористері екендігі анықталса, олармен және олардың идеялық шабыттарымен басқаша әрекет ету мүмкін емес. Олардың барлығы террорист ретінде табылып, аяусыз жойылуы керек. Осындай қатыгездік жасаған мемлекеттің шенеуніктерін қоса алғанда” деп мәлімдеді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.