Сабақтың тақырыбы: Әдепті болам десең, арлы бол



жүктеу 149.6 Kb.
Дата25.09.2017
өлшемі149.6 Kb.
түріСабақ

ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шалдар ауылы, Абай атындағы

жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Сақыбекова Нұрсұлу
Сабақтың тақырыбы: Әдепті болам десең, арлы бол!

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.

ә) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп

әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

б) Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

-Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

-Бүгінгі болатын 1 «Б» сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатына қош

келдіңіздер!

-Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

(ән ұран орындау)


  1. Психологиялық дайындық.

-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. «Жүректен жүрекке» ойыны

(тілектер айтылады. )

-Денің сау болсын!

-Ұқыпты бол!

-Батыл бол!

-Кішіпейіл бол!

-Ізетті бол!

-Әдепті бол!

-Ақылды бол!

-Білімді бол!

-Сүйкімді бол!

-Қазақтың баласы бол!

-Отаныңның баласы бол!

-Еліңе қорған бол!

-Арманшыл бол!

-Әжеңнің шуағы бол!

-Атаңның ұрпағы бол!

–Өнерлі бол!

-Биші бол!

-Әнші бол!

-Өнерің өрге жүзсін!

-Нұр жаусын!

-Мерейің үстем болсын!

-Білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет!

-Рахмет!

-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралады екен.


3. Жаңа сабақ.

-Ал енді балалар бәріміз тақтаға қарайықшы.

Ситуациялық жағдай. (тақтадан сурет көрсету)



Әдеп

Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.

Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.

Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.

-Ал балалар сендер не істер едіңдер?

-Арманның істеген ісі дұрыс па?

- Әдептілікке жата ма?

Демек, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ұстаздарымыз үйретеді екен.

-Ал біз, осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен , бал тілінен бойымызға сіңіреміз.

-Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуларың керек.

-Ал ,балалар, өздерің ойланыңдаршы әдепті бала қандай болады?

-Әдепсіз бала қандай болады? Өздерің айтыңдаршы?

-Демек, бүгінгі тәрбие сағаты жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. Мектеп жасынан жақсы әдеттерге тәрбиеленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн екен.

-Олай болса, бүгінгі ашық тәрбие сағатының тақырыбы «Әдепті болам десең, арлы бол!» Ал енді, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді топтастырайық.

-Сендер қалай ойлайсыңдар? Жарқырап тұрған күнге қандай баланы жатқызуға болады?

-Ал, мына бұлтқа қандай баланы жатқызуға болады?

-Олай болса, мына тақтада жақсы және жаман қасиеттер жазылған сөздер берілген. Сол сөздерден жақсы және жаман қасиеттерді бөліп алып, күннің шуағы мен бұлттан жауған жаңбырды көрсетейік.

Әдепті шыншыл

тәртіпті білімді

мейірімді


Әдепті бала




таза жүреді ұқыпты

Әдепсіз бала

тіл алмайды нашар оқиды

өтірікші еріншек

әдепсіз

-Балалар, өздерің де білесіңдер, кеше ғана біздің елімізде үлкен спорт жарысы өтті.



-Сендер теледидардан көрген боларсыңдар? Қысқы спорт ойындарының бірнеше түрлерінен жарыстар өтті.

-Қысқы спорт ойындарының қандай түрлерінен жарыстар болды?

-Хоккей, шаңғы, коньки, тұғырдан секіру т.б.

-Ия, дұрыс және бұларға қоса тағы басқа да түрлерінен сынға түсті. Олай болса, сол қалғандарымен бүгінгі тәрбие сағатында танысатын боламыз.

-Ол үшін біз сендермен мынау өздерің көріп тұрғандай таудың биік шыңына шығуға тырысайық. Бірақ бұл шыңға біз бірден шыға алмаймыз. Шыңға шығу үшін біз тапсырмаларды орындауымыз керек.Әр тапсырманы дұрыс орындасаңдар, шыңға шығасыңдар, әрі Азиададағы қысқы спорт ойындарының түрлерімен танысасыңдар.
1-ші тапсырма

Әдепті және әдепсіз бала туралы тақпақтар айтыңдар.

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Сыйлы болмақ өзі де,

Үлкен болған кезінде.


Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні

Сақтап көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

-Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.


-Айтқан тілді аламын,

Айтқан жерге барамын.

Мен әдепті,

Мен әдепті баламын!


-Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,

Қашан да мен үлкендерге жол берем.

Абайсызда қалса біреу сүрініп,

Сол заматта сүйеніш боп қол берем.


Тілін алып кішінің де кәрінің,

Көңілінен шығып жүрмін бәрінің,

Ата-ананың айтқан сөзін тыңдауды,

Әдептілік белгісі деп таныдым.


Сыйластықты іздеген,

Әдеп сақтар ізгі өрен.

Сыпайылық белгісі,

Үлкендерге «сіз» деген.


Атам менің әманда,

Кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.

Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген,

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.


Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпей көлденең,

Ізетімен кішінің,

Сәлемдесіп, қол берем.


Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.


Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.


Әдептілік дегенің,

Әрқашан да керегің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре сарсаң әлегің.


Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,

Әдептілік, батылдық ұранымыз.

Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек.
Әдепсіз балаға тән қасиеттерді бойына жинаған балалар қандай болады екен, осы жайлы сынып оқушыларына сөз берейік.
Етек кетер салақтап,

Бос жүріспен далақтап.

Ұқыпсыз сабақ ұқпайды,

Өз бетімен алақтап.


Кеше ғана қадалған,

Өміртайдың түймесі.

Орнында жоқ апырай,

Қайда кеткен,бұл несі?


Ілгек,түйме жұлынып,

Кешке дейін алысар,

Әркімге бір ұрынар,

Құспен, малмен жарысар.


Шашы түсіп көзіне,

Түсінбей ақыл сөзіне

Мұғаліммен таласар

Дәлел тауып өзіне.


Сумка, дәптер бәрі де,

Дал-дұл болып жыртылып.

Сия төгіп бәріне,

Шимай салған сыртына.


Сабақ бітті мектептен,

Оқушылар тарады.

Бір тентек бір тентекпен

Дабырласып барады.


-Міне, балалар, уәде беріп оны орындамаса, кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондайды жұрт «әдепсіз екен» дейді. Әдепсіз баланы достары да сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады.

-Ал, балалар, сендер бірінші тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Қысқы Азиадада ойналған ойынның бір түрі «Шайбалы хоккей»


2 –ші тапсырма

Өздерің білетін тыйым сөздерді айтыңдар.

-Ал, енді балалар, өздерің білетін тыйым сөздерді айтыңдаршы?

-Қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

-Аталарың, әжелерің айта ма?

Әбес іс жасама.

Әкені ренжітпе.

Босағада отырма.

Босағаны керме.

Үйге қарай жүгірме.


Бүйіріңді таянба.

Бетіңді баспа.

Бас киіміңді аяғыңа киме.

Бос бесікті тербетпе.

Білмесең айтпа.

Бейуақытта жылама,ұйықтама.


Бөркіңді теріс киме.

Баланы басқа ұрма.

Баланы алдама.

Бетіңе сызба.

Баланы шошытпа.

Бөтен үйге рұқсатсыз кірме.


Бала бетіне үрлеме.

Басыңды шайқама.

Досыңды өкпелетпе.

Дөрекі сөйлеме.

Дастарханды аттама.

Үлкеннің алдын кесіп өтпе.

Үлкеннің сөзін бөлме.
-Дұрыс. Сендер екінші тапсырманы да дұрыс орындадыңдар. Тыйым сөздерді жақсы біледі екенсіңдер. Қысқы Азиадада ойналған ойынның келесі түрі «Допты хоккей»
3-ші тапсырма

Жаман әдет туралы қандай мақал білесіңдер?


-Жаман әдет туралы мақал білетін болсаңдар айта қойыңдаршы?

-Ұрлық – түбі қорлық.


-Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаласың.

-Атақты ұры аштан өледі.

-Ұры қарының серігі.
-Міне, балалар, бұл жерден біздің білгеніміз кісі сыйлық жасаса рахмет, біреуді ренжітсең міндетті түрде кешірім сұрау керек екен. Біреудің затын ешуақытта да рұқсатсыз алмау керек екен, бір рет рұқсатсыз алсаң соған әдеттеніп кетесің де, біртіндеп ол әдетті бойыңа сіңіресің. Түбі ол сені үлкен ұрлыққа жетелейді. Ал өздерің білесіңдер «Ұрлық- түбі қорлық» екенін, ұрлық жасасаң заң алдында жауап беруге тура келеді.

-Балалар, біздің Мемлекетіміздің Ата заңы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

Осы күн «Конституция күні» болып белгіленді. Биылғы жылы Ата заңның қабылданғанына 15 жыл толып отыр.

-Ал, енді, балалар осы Ата заң туралы тақпақ білеміз бе?

-Қане, кім айтып жібереді?

Ата заңым,

Ата заңым ардағым,

Аялаған адамзаттың арманын

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Әрбір бабың, тарауларың, тармағың.


Алтын заңым

Тәуелсіз таң,нұрлы үміт

Ортақ бізге қоғамдағы игілік

Ақиқаттың аппақ жолын аттаймын

Алтын заңым,сені ғана ту қылып.
-Ал, балалар, өркениетті Қазақстан елінің тәртіпті, әдепті, мәдениетті азаматы болу үшін үлкенге ілтипатты, кішіге үлгілі болып заңды сақтауымыз керек.

Дұрыс, балалар, сендер бұл тапсырманы да дұрыс орындадыңдар. Бұл ойынның аты «Коньки тебу спорты» екен.



4-ші тапсырма

Музыкалық үзіліс

-Балалар , бәріміз қосылып хормен ән орындайық

-Қандай ән айтамыз?

-Олай болса И.Нүсіпбаев ағамыздың «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін бәріміз орындайық.

Жас дәуірдің түлегіміз

Сөзі: Е:Өтетілеуов

Әні: И.Нүсіпбаев

-Бау-бақша белдер,

Орман тау көлдер-

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан-

Көңілді ауыл, қаламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей,-

Жайнаған гүлдей

Бақытты біздер баламыз.


Өзіміз туған

Көбелек қуған

Өлкеде өсіп, толамыз

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып

Білімді адам боламыз

Қайырмасы:
-Дұрыс , балалар , сендер бұл тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Әнді жақсы айттыңдар. Бұл тапсырмадағы ойынның түрі «Мәнерлеп сырғанау» екен.
5-ші тапсырма

-Ойын : «Жалғасын тап»

- Балалар, мен , мақалдың бірінші жолын оқимын, сендер жалғасын табасыңдар.

(экраннан көрсету)

-Ұқыптының тоны тозбас

............................................

(ұқыпсыздың ісі оңбас)

-Әдептілік белгісі

..............................

(Иіліп сәлем бергені)

-Сәлем түзелмей,

............................

(Әлем түзелмейді)

-Аға әдепті болса

................................ (іні әдепті)

-Әдепті бала ата-анасын мақтатар

........................................................

(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

-Ана әдепті болса

...............................

(қызы әдепті)

Бұл 5-ші тапсырманы да дұрыс орындадыңдар. Бұл ойынның түрі «Шорт трек» екен.


6-шы тапсырма

Сиқырлы сөздер айтыңдар.

-Сәлеметсіз бе?

-Аман-есенсіз бе?

-Армысың!

-Айналайын!

-Өркенің өссін!

-Көп жаса!

-Денің сау болсын!

-Спортпен дос бол

-Рахмет!

-Қайырлы таң!

-Кеш жарық!

-Кешіріңіз!

-Сау болыңыз!
-Ал, балалар, өздерің айтқан сиқырлы сөздерден не пайда болды?

-Дұрыс, өздерің айтқан сиқырлы сөздерден көңілімізді көтеретін әдемі гүл шықты.

Бұл тапсырманы да дұрыс орындадыңдар. Бұл ойын «Биатлон» екен.


7-ші тапсырма

Поэзия минуты

(мәнерлеп өлең оқу)

-Тоғжан , өзің білетін бір өлеңді жатқа оқып бере қойшы.


Біздің сынып

А.Шамкенов

Жұп жазбастан жүреміз.

Біздің сынып -мақтаулы

Өйткені біз сүйеміз

Дәйім тәртіп сақтауды

Біздің сынып –мақтаулы
Оқуда да алдамыз,

Біздің сынып өнерлі

Жақсы үйреніп алғанбыз

Талай би мен өлеңді

Біздің сынып - өнерлі
Еңбекке де қолы епті

Ынтымақты дос ыңғай

Біздің сынып әдепті

Біздің сынып осындай

Біздің сынып осындай.
-Бұл тапсырмадан да сүрінбей өттік.

-Ойынның аты «Фристайл» екен.




8-ші тапсырма

Көрініс


Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре одан да төменірек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы бай.

-Тақсыр,осынша жұрттың әкімісіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз?-деп айтты

Сонда әкім:

-Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып қалайын ба?-депті.


Бұл сыннан да сүрінбей өттік. Шыңның басына жақындап қалдық.

Бұл ойынның түрі «Шаңғымен бағдарлау» екен.


9-шы тапсырма

Музыкалық үзіліс

Қуыршақ

Ай, қуыршақ, қуыршақ

Жуынбайсың жуынсақ.

Беті-қолдың батпағын,

Елең етпей жатқаның

Қашан адам боласың? 2рет


Ой, қуыршақ, қуыршақ,

Біз қуырдақ қуырсақ,

Шікірейіп, шыртиып,

Отырасың бұртиып.


Қашан адам боласың? 2рет
Ой, қуыршақ, қуыршақ.

«Су,әкел»-деп қиылсақ.

Бетті теріс бұрасың.

Бедірейіп тұрасың.


-Қашан адам боласың? 2рет


Ой , мына қыздардың қуыршақтары да, өздері де әдемі екен.
Бұл сыннан өтуімізге Әсемай, Сымбат, Тоғжан, Аружан, Әсел қыздарымыз көмектесті.

Келесі ойынның түрі «Тау шаңғысы спорты». .


10-шы тапсырма

Абай атамыздың жақсы-жаман әдет туралы қандай өлеңін білесің?


-Абай кім?

-Абай Құнанбаев қазақтың ұлы ақыны.

-Біздің мектебіміз кімнің атында?

-Ұлы Абай атында.

-Әсемай өлеңді айта қойшы.
«Адам болам десеңіз»

-Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз. Бұл ойынның түрі «Шаңғымен трамплиннен секіру»



Адам болам десеңіз.


Бес асыл іс бес дұшпан іс

Талап Өсек

Еңбек Өтірік

Терең ой Мақтаншақ

Қанағат Еріншек

Рахым Мал шашпақ
-Бұл тапсырма да дұрыс. Бұл ойынның түрі «Шаңғымен трамплиннен секіру»
11-ші тапсырма

Музыкалық үзіліс

«Қара жорға биі»
-Қазіргі таңда біздің қоғамға дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын, әдепті, тәртіпті адам керек. Ата-бабаларымыз билеген бұл би бүгінгі күні қайта жаңғыруда.

Бұл бидегі қимыл-қозғалыстар сендердің дене бітімдеріңнің дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді.

Қытай елінде осы биді 13 мыңнан астам адам бір мезгілде билеп, Гиннестің рекордтар кітабына енген.

(Би биленеді )



-Балалар, сендер бұл тапсырманы да дұрыс орындап, шыңның басына жеттіңдер.

-Бұл тапсырмадағы ойын «Шаңғы жарыстары»


Қорытынды: Міне,балалар,біз бүгінгі тәрбие сағатында Азиададағы қысқы ойын түрлерімен таныстық және тапсырмаларды дұрыс орындап биік таудың шыңына шықтық.

Кеше Азиада ойынында өздерің көргендей біздің еліміз алтын, күміс, қола медальдарды қоржынымызға салып, спортшыларымыз еліміздің даңқын аспанға көтерді. Ал, енді сендер еліміздің болашақ чемпиондары болатындарыңа сенемін. Бүгінгі тәрбие сағатындағы көрсеткен өнерлерің мен білімдеріңді мен де қысқы Азиада медальдарымен марапаттаймын.


( медальдар тарату)

-Әдептілік, тәрбиелілік-асыл қасиеттер. Адамдарды бір-бірінен осындай жақсы қасиеттері арқылы бағалайды.

Қазақтың мынадай жақсы мақалы бар. «Жақсы бала ата-анасының есіктегі басын төрге, жаман бала төрдегі басын есікке сүйрейді» деген халық нақылын естеріңде ұстаңдар.

Мен сендерді бүгінгі тәрбие сағатынан үйренген, білгендеріңді өмірде пайдаланып , әдепті, жақсы адам болады деп сенемін.

-Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,

Әдептілік, батылдық ұранымыз.



(Тақпақты айтып, жұлдызшалардан шашу шашылады)

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет