Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты


сынып. Қазақстан тарихы (жаратылыстану)



жүктеу 0.9 Mb.
бет3/5
Дата12.09.2017
өлшемі0.9 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5

10 сынып. Қазақстан тарихы (жаратылыстану)

Сабақтың тақырыбы: §13. Қазақстанда көшпелі өркениеттің пайда болуы және оның дамуы

Сабақтың мақсаты:


  • Көшпелі қоғамның өзіне тән белгілерін, шаруашылық, сауда, кәсіптік ерекшеліктерін көрсету. Әлеуметтік-саяси дамуын түсіндіру. Ежелгі көшпелілерде мемлекеттік қоғамдық құрылым болғандығын, ондағы басқару жүйесі мен әскери істің дамуы жетілдіріп отырылғанын түсіндіру.

  • Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:


        1. карта

        2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:



  • Ғалымдар «қазақ» сөзінің шығу тегін немен байланыстырады?

  • «Қазақ» сөзінің шығу тегін зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер?

  • «Қазақ» сөзінің мағынасы нені білдіреді?

  • «Алаш» сөзінің пайда болуы туралы қандай пікірлер бар?

  • Қазақ жүздері қалай және қашан пайда болды?

Сабақтың жоспары:

  1. Қазақстанда еделгі дәуірде мал өсірудің пайда болуы.

  2. Көшпелі мал шаруашылығының дамуы.

  3. Көшпелі өркениеттің Қазақстандағы көріністері

  4. Көшпелілердің қоғамдық құрылысы

  5. Көшпелі қоғамдағы әскери іс.

Б.з.б. 3-мыңжылдық-малды қолға үйреткен.

Б.з.б. 2-1-мыңжылдық-мал өсіру-жер өңдеу

Б.з.б. XVII-XII ғасырлар-көшпелі мал өсіру бастамасы-жер өңдеу.


«Көшпелі шаруашылықтың дамып келе жатқанын қалай дәлелдеуге болады?»- деген сұрақ қоя отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға, оларды ойланып жауап беруге дағдаландыру.

Екінші мәселеде көшпелі мал шаруашылығының үш түріне тоқталу. Оқушыларға кесте толтырту арқылы өздігінен оқып-үйрену жұмысын жүргізу.



Мал шаруашылығының үш түрі

Мал шаруашылығын түрі

Ерекшеліктері

Таралған аймағы

Деректер












Қазақстандағы қола дәуірінің соңы мен алғашқы темір дәуіріндегі кезеңі зерттеу барысында Жетісу, Шығыс Қазақстан, Сырдария бойында мекендеген тайпалар мемлекет дәрежесіне көтерілгенін оқушылардың есіне сала отырып, мемлекеттің пайда болып дамуын дәлелдеу.



Мемлекеттің пайда болуы. Б.з.б. 1-мыңжылдық

  • Әскери демократиялық басқару

  • Көшпелі мал шаруашылығы

  • Отырықшы мал шаруашылығы

  • Рухани мәдениеттің дамуы

  • Әлеуметтік теңсіздік

  • Тайпа, тайпа одақтары

Мемлекеттер

  • Сақ

  • Үйсін

  • Қаңлы

Тарихи, мәдени ескерткіштер

  1. Темірден құрал жабдықтар

  2. «Патша обалары», Алтын киімді адам, т.б.

  3. Күмі тостағандағы жазу

  4. Қытай, грек,иран жазба деректері

Сұрақтар:

  1. Сақтарда қандай әскер түрлері болған?

  2. Сақ жауынгерлері туралы қандай деректер және айғақтар бар?

  3. Сақтардың әскери құрамының сызбасын түсіріңдер.

  4. Әскери өнер қалай жетілдіріліп отырған? Дәлелдеңдер.

Көшпелі халықтардың әскери жүйесі

Әскердің құрамы

  • Атты

  • Жаяу

  • Ауыр қару-жарақты

Басқару ісі

  • Оң қанат

  • Ортаңғы қанат

  • Сол қанат




  • Ондық- жүздік-мыңдық-онмыңдық=бір түмен

  • Қару жарақтары: найза, айбалта, садақ, семсер, күрзі.

Әскери өнерлдің жетілдірілуі

  • Әскери дайындық, байқау өткізу;

  • Майданда әскери шеп құру, айқасты жүргізу тәсілі;

  • Соғыс жүргізу, қорғаныс жүргізу тәсілі;

  • Әскери марапаттау, атақ беру жүйесі;

  • Батырлардың жекпе-жегін өткізу әдістері;

  • Қарулардың жеке түрлерін қолдану тәсілдері;

  • Әскерді қаржыландыру, т.б.

Сабақты бекіту:

  • Көшпелі өркениет қай кезден басталады?

  • Мал шаруашылығы дамуынының қандай кезеңдерін білесіңдер?

  • Көшпелі мал шаруашылығының қандай түрлері бар? Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына не себеп болды?

  • Көшпелі өркениеттің болғандығын қандай археологиялық ескерткіштерден білуге болады?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §13.



10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §14. Көшпелілер мәдениеті

Сабақтың мақсаты:


  • Көшпелі тайпалар-сақ, сармат, скифтердің материалдық және рухани мәдениеті, діни наным сенімдері туралы білімдерін тереңдету. Олардың көшпелі өркениетке қосқан үлесін көрсету.

  • Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:


        1. карта

        2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:



  • Көшпелі өркениет қай кезден басталады?

  • Мал шаруашылығы дамуынының қандай кезеңдерін білесіңдер?

  • Көшпелі мал шаруашылығының қандай түрлері бар? Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына не себеп болды?

  • Көшпелі өркениеттің болғандығын қандай археологиялық ескерткіштерден білуге болады?

Сабақтың жоспары:

  1. Материалдық мәдениет

  2. Рухани мәдениет

  3. Жартылай көшпелілердің діни наным-сенімдері

Материалдық мәдениет

  • Обалар, күмбездер

  • Тастан, шикі кірпіштер тұрғызылған үйлер

  • Киім-кешектер

  • Шеберлердің, әр түрлі материалдардан (алтын, күміс, қола, мыс, қыш, ағаш) жасаған бұйымдары

  • Жазба деректер

Рухани мәдениетті құраушы салалар

  • Әдеп –ғұрыптар

  • Салт-дәстүр

  • Зергерлік бұйымдар /аң стилі, бейнелеу өнері/

Дін

  • Ислам діні

  • Табыну

  • Несториан діні

  • Құрбандық

  • Христиан діні

  • Наным-сенім

  • Будда діні

  • Рух



Наным-сенімдер

  • Ұмай анаға табыну

  • Ата-баба аруағына табыну

  • Күнге табыну

  • Отқа табыну

  • Жер-суға табыну

Қазақстанда тараған діндер

  • Будда

  • Несториан

  • Ислам

  • Христиан

  • Зороастризм

  • Манихей

Сабақты бекіту:



  • Материалдық мәдениет деген не?

  • Көшпелілердің материалдық мәдениетінің түрлерін атаңдар.

  • Рухани мәдениеті дегеніміз қандай мәдениет?

  • «Аң стилі» үлгісінде зергерлер нені көрсетуге тырысқан?

  • Көшпелі тайпалардың қандай наным-сенімдерін білесіңдер?

  • Әлемдік діндер көшпелілер арасына қалай ене бастады? Ислам діні көшпелілер арасына тез орныға бастауының себебі неде?

Бағалау:

Үйге тапсырма:§14.



10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §15. Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс

Сабақтың мақсаты:


  • «Көшпелі өркениет» ұғымын, сонымен қатар алғышқы көшпелілерден бастап, орта ғасырларда жалғасып, одан әрі дамып отырған көшпелілер мен отырықшылардың арасындағы өзара байланысын, ықпалын, әсерін ашып көрсету.

  • Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:


        1. карта

        2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:



  • Материалдық мәдениет деген не?

  • Көшпелілердің материалдық мәдениетінің түрлерін атаңдар.

  • Рухани мәдениеті дегеніміз қандай мәдениет?

  • «Аң стилі» үлгісінде зергерлер нені көрсетуге тырысқан?

  • Көшпелі тайпалардың қандай наным-сенімдерін білесіңдер?

  • Әлемдік діндер көшпелілер арасына қалай ене бастады? Ислам діні көшпелілер арасына тез орныға бастауының себебі неде?

Сабақтың жоспары:

  1. Алғашқы көшпелілер кезіндегі байланыс

  2. Теміс дәуірінің соңғы кезіндегі (б.з.б. ІІІ-б.з. V ғғ.) көшпелі және отырықшы өркениетті елдер арасындағы байланыстар.

  3. Ерте орта (б.з.VI-XІ ғғ.) және орта ғасырлардағы (Х-ХV ғғ.) байланыстар.

  4. Қалалардың өсуі, жартылай көшпелілермен қарым-қатынастың дамуы.

Сабаққа «б.з.б. ІІІ-б.з.V ғғ. Қазақстанның» және «Дүние жүзінің саяси картасы» пайдаланылады. Сабақтың бірінші мәселесін түсіндіру кезінде, «өркениет», «көшпелі өркениет» ұғымдарына түсінік беріп, оқушылардың өткен материалдарын естеріне қайта түсіріп, қорытындылау.

Қытаймен

  • Елшілік

  • Одақ құру

  • Шапқыншылық

  • Жібек саудасы

Үйсін, қаңлы, ғұн

  • Қытай

  • Сасандықтар

  • Кушан

Қаладағы күрделі құрылыстар

  • Қолөнер шебеханалары

  • Мешіттер

  • Моншалар

  • Наубайханалар

  • Қыш көзе жасайтын шеберханалар

  • Сарайлар

  • Сауда орталығы

  • Үйлер

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Көшпелі өркениет дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Отырықшы өркениет дегеніміз қандай өркениет?

  • Бұл өркениеттер арасындағы байланыстар қандай қажеттіліктерден туды?

  • Қандай ірі қалалар өсіп шықты? Олардың ішкі құрылыс жүйелерінде қандай жаңа құрылыстар салынды?

Бағалау: Үйге тапсырма: §15.

10-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:


  • ІІ тоқсанда өтілген материалдарды қайталай отырып, алған білімдерін пысықтау.

  • Ұлтжанды, білімді жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Көшпелі өркениет дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Отырықшы өркениет дегеніміз қандай өркениет?

  • Бұл өркениеттер арасындағы байланыстар қандай қажеттіліктерден туды?

  • Ерте орта ғасырлардағы көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыстарға тоқталу.

  • Қала мәдениетінің даму себептерін атаңдар.

  • Қандай ірі қалалар өсіп шықты? Олардың ішкі құрылыс жүйелерінде қандай жаңа құрылыстар салынды?

Қайталанатын материалдар:

      1. Қыпшақ мемлекеті

      2. Қазақтардың халық болып қалыптасуының аяқталуы

      3. «Қазақ» атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы

      4. Қазақстанда көшпелі өркениеттің пайда болуы және оның дамуы

      5. Көшпелілер мәдениеті

      6. Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс

Сабақты бекіту:

  • «Ия жоқ»

  • БҮҮ

  • Бетпе-бет

  • Венн диаграммасы

  • Эрудит

Бағалау:

Үйге тапсырма: § ІІ тоқсан материалдарын қайталау.


10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §16. Көшпелі қоғамдағы мемлекет

Сабақтың мақсаты:


  • Көшпелілерде мемлекеттің пайда болуын, қоғамдық құрылысын көрсету, алғашқы мемлекеттік бірлестіктерді жазба, археологиялық деректер арқылы түсіндіру.

  • Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:


        1. «Б.з.б. V - б.з. І ғасырлардағы Қазақстан» картасы

        2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау:



  • Көшпелі өркениет дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Отырықшы өркениет дегеніміз қандай өркениет?

  • Бұл өркениеттер арасындағы байланыстар қандай қажеттіліктерден туды?

Сабақтың жоспары:

  1. Көшпелілерде мемлекеттің пайда болуы.

  2. Көшпелі мемлекеттерде қоғамдық таптардың пайда болуы.

  3. Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер.

Қоғамдық таптардың жіктелуі

Теңсіздіктің пайда болуы

Ру ақсақалдары

Тайпа көсемі

Әскербасылары

Қолбасшылар

Қауым мүшелері-

Кедейлер,

құлдар

Қоғамдық құрылысы

Патша

  • Ірі ақсүйектер, байлар

  • Қолбасшылар, әскербасылар

  • Тәуелді адамдар, қызметшілер, жауынерлер

Тақырыптың үшінші мәселесі-Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Қазақстан аумағындағы б.з.б. V-II ғасырларда өмір сүрген сақ, сармат тайпалары мемлекет дәрежесінде өмір сүргендігін түсіндіру. Картаны пайдаланып, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру.

Сабақты бекіту:



  1. Әскери демократия органдары не себептен үстемдік ету органына айналды?

  2. Билік етудің жаңа қандай формасы ұйымдастырылды, оған қандай қолайлы жағдай туды деп ойлайсыңдар?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §16



10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 17. Қазақстандағы алғашқы мемлекеттер

Сабақтың мақсаты:


  • Б.з.б. ІІІ-б.з. IV ғасырларда Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарындағы алғашқы мемлекеттердің дамуын, олардың қоғамдық құрылысын, алып жатқан аймағын көрсету, мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:


        1. карта

        2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:

Сабақтың көрнекілігі:


  1. «Қазақстан Республикасының саяси картасы»

  2. «Б.з.б. ІІІ-б.з. V ғасырындағы Қазақстан картасы»

  3. Кітап көрмесін ұйымдастыруға болады.

Сабақтың жоспары:

  1. Ғұн мемлекеті, қоғамдық құрылысы

  2. Үйсін мемлекеті

  3. Қаңлы мемлекеті.

Сабақ барысында оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару мақсатында алдымен сұраққа жауап алып, әңгімелесу әдісін қолданған дұрыс.

Сұрақтар:



  1. Қазақстан жерінде мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген қандай тайпаларды білесіңдер?

  2. Олар қай ғасырарда өмір сүрген? Олардың мемлекеттік дәрежеге дейін көтерілгеніне қандай айғақ келтіре аласыңдар?

Мұғалім өзі әрі қарай жалғастырып, картаны пайдалану арқылы осы сақ, дай тайпалары мекендеген Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда б.з.б. ІІІ-б.з. Ivғасырларында Ғұн, Үйсін Қаңлы мемлекеттері өмір сүргенінайта отырып, сабақ жоспарының бірінші мәселесі «Ғұн мемлекетіне» тоқталады.

Ғұн мемлекеті туралы деректер қытай жазбаларында кездесетіндігіне оқушылардың назарын аудару керек. Онда ғұн тайпалары туралы б.з.б. 1-мыңжылдықтан бастап жазылған деректер кездеседі. Мұғалім оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетіне үнемі қозғау сала отырып, Ғұн мемлекетінің алып жатқан аймағын пайдаланып түсіндіреді.

Ғұн империясының басқару жүйесін түсіндіру кезінде 43-беттегі сызбаны пайдалануға болады.

Мұғалім сабақты жалғастыра отыры, ғұндарда азаматтық құқық жүйесі болғанын, ауыр қылмысы үшін өлім жазасы қолданылып отырғанын түсіндіріп, Ғұн мемлекетінің сыртқы саясатына тоқталады.

Тақырыптың екінші мәселесі-Үйсін мемлекеті. Мұғалім үйсіндер туралы деректерінен Қытайдың «Дауан шежіресінен», қазақ шежіресінен, жер-су аттарынан, Орхон-Енесей ескерткіштері жазуларынан кездестіруге болатынын жер аумағын, астанасы Қызыл Аңғар қаласын картаны пайдалана отырып түсіндіреді.

Үйсіндердің мемлекеттік дәрежеде өмір сүргенін, басқару жүйесінің әр түрлі дәрежелері болғанын сызбаны пайдалана отырып, дәлелдейді.

Мұғалім үйсіндердің көрші елдермен қарым-қатынасына да тоқталады және дидактикалық материалдардағы «Үйсіндердің қарым-қатынас жасаған елдері» деген сызба түрінде берілген тапсырманы орындау.

Сабақ жоспарындағы үшінші мәселе-Қаңлы мемлекеті. Мұғалім оқушылардың Қаңлы мемлекеті туралы білімін тереңдете отырып, олардың өзіндік ой-пікірлерінің қалыптасуына ықпал етуі керек.

Қаңлылар туралы б.з.д. ІІІ ғасырда қытай жазба деректерінде жазылған, сонымен қатар парсы, үнді деректерінде, қазақ шежіресінде, түркі жазуларында, археологиялық ескерткіштерде кездеседі. Мұғалім мәтінді осы айғақтарға сүйене отырып түсіндіреді.

Түсіндіру барысында Қаңлы мемлекетінің Қытаймен қарым-қатынасына байланысты мына сызбаны пайдаланса (оқушылар-дәптерін, мұғалім тақтаны пайдаланады), оқушылардың есте сақтау қабілеті дами үседі.

Қаңлы мемлекеті қытаймен қандай қарым-қатынаста болған? /бейбіт елшілік, мәдени, шапқыншылық/

Түсіндіру барысында мұғалім қаңлылардың Қазақстан жеріндегі мәдени ескерткіштеріне ерекше көңіл аударуы керек.



Ескерткіштері

Орналасқан жері, уақыты

  1. Қауыншы

  2. Жетіасар

  3. Отырар-Қаратау




Жеке қағазға жазылған сөздерді пайдалануға болады. Түсіндіру барысында оларды тақтаға іліп отырады.

Хан би

Даш би


Ханның үш уәзірі

Жазба заңы

Мұғалім жаңа сабаққа қорытынды жасап, үйге тапсырма береді.

10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 18. Ерте орта ғасырлардағы империялар

Сабақтың мақсаты:


  • Ерте орта ғасырларда құрылған Түрік империясының дамуы, өз шекарасын Қара теңізге дейін жеткізгені, империяның әлеуметтік, экономикалық жаңдайы және ыдырауы туралы білімдерін тереңдету.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:


        1. карта

        2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:

Сабақтың жоспары


  1. Түрік империясының құрылуы

  2. Түрік империясының дамуы

  3. Түрік империясының әлеуметтік, экономикалық жағдайы

  4. Түрік империясының ыдырауы

  5. Батыс Түрік қағанатының империялық дәрежеге көтерілуі

Мұғалім жаңа сабақты түсіндірер алдында оқушылардан Түрік қағанаты туралы білетіндерін естеріне түсіріп, олардың жауаптарын өзі толықтырады.

Түрік империясының құрылуын түсіндіру барысында оқушыарға мынадай сұрақ қоюға болады: «Жалпы тарихты өту барысында ежелгі дәуірдегі империялық дәрежеге жеткен қандай елдерді білесіңдер?» Мұғалім әрі қарай Батыста Грекияда, Рим империялары құрылып, дамыса, осы кезеңде Шығыста Ғұн империясы болғанын айта отырып, VI-VIII ғасырларда Түрік империясының да құрылғанына тоқталады. Империяның негізін қалаған, шекарасын кеңейтіп, империяны құрған қағандар жөнінде ереше атап кеткен жөн.

Сабақ жоспарының екінші мәселесі-Түрік империясының дамуы

Мұғалім Түрік империясының дамуы мәселесін жазба деректер (қытай, түрік), археологиялық мәдени ескерткіштер арқылы дәлелдей отырып түсіндіреді. Оқушы білімі тереңдей түскен сайын, өз ойын қорытындылап, өзіндік сараптама жасай алатын болуы керек.

Осы мақсатта оқушыларға «Түрік империясының дамуы» тақырыпшасындағы екі абзацты әр қатарға бөліп беріп, оқып шыққаннан кейін, мына сұрақтар бойынша жауап алынады.

Сұрақтар:



  1. Түрік қағандары империяны дамытуда көрші елдердегі қандай жағдайларды шебер пайдалана білді?

  2. Түрік империясы қандай елдерді бағындырған, оны қандай деректерден білуге болады?

Сабақ жоспарының үшінші мәселесі-Түрік империясының әлеуметтік, экономикалық жағдайы.

Мұғалім оқушылардың Түрік қағанатының басқару жүйесіне ерекше мән беруіне көңіл бөледі. Мұнда айрықша бір басқару белгісі- әскери және тайпаолық құрылыстың бір-бірімен байланыстылығы, яғни әскери-демократиялық басқару.



Мемлекеттік басқару жүйесі

Қаған-хан

  1. «Тегін»- мұрагер -//- Бектер

  2. Жабғу (ябғу)-бас уәзір-//-еріктілер

  3. «Шад»- ханзада -//- Тектілер

Сонымен қатар, мұғалім айғақтарға сүйене отырып, Түрік империясында құлдықтың болғанын және Еуропа елдеріндегі құлдықтан өзіндік ерекшелігін айыра отырып түсіндіреді.

Түрік империясының экономикасы дамып, күш-қуатының өсуіне Ұлы Жібек жолы мен басқа да керуен жолдарының ықпалын, экономикалысын негізі-мал шаруашылығы дамығандығын оқушыларға ұғындыру.

Түрік империясының ыдырауын түсіндіру кезінде, оқушылардың басты көңіл бөлетіні мына жағдай болуы тиіс: біріншіден, империяның кең байтақ жерді-шығыста Хинган тауынан батыста Қара теңізге дейін алып жатуы; екіншіден, қағанның өз ішінде билік үшін талас-тартыс; үшіншіден, Қаған тағына талас; төртіншіден, осы жағдайды пайдаланып Қытайдың адым-салық төлеуден бас тартып, бағынбауы.

Ішкі алым-салық төлеуден бас тартып, бағынбауы.

Ішкі талас-тартыс, саяси бытыраңқылық, ашаршылық ел экономикасын күйзелтіп, империя VII ғасырдың басында (603 ж.) Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінді.

Сабақ жоспарының келесе мәселесе-Батыс Түрік қағанатының империялық дәрежеге көретілуі.

Батыс Түрік империясының мемлекеттік басқару жүйесін түсіндіруде дидактикадағы сызбаны пайдалануға болады.

Мұғалім қағанаттың жүз жылдан астам өмір сүріп, ішкі талас-тартыстар нәтижесінде орнына жаңа мемлекет Түркеш қағанатының құрылғаны туралы түсіндіріп, бекіту сұрақтарын қояды.



  1. Түрік империясы қай жылы қай қаған кезінде құрылды?

  2. Түрік империясының алып жатқан аумағы туралы қандай жазба деректерде келтірілген?

  3. Қағанат ішкі талас-тартыстың салдарынан қай жылы екіге бөлінді?

Беуіту сұрақтарына жауап алғаннан кейін үйге тапсырма беріледі.

10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §19. XIV ғасырларда және XV ғасырдың бірінші жартысындағы қазақстан аумағындағы хандықтар

Сабақтың мақсаты:


  • Қазақстан аумағында XIV-XV ғасырларда құрылған хандық мемлекеттердің олардың әлеуметтік, экономикалық жағдайын, әкімшілік құрылысы туралы білімдерін тереңдету.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. «Қазақастан 14-15 ғасырларда» картасы

  2. «Қазақстан Республикасының сяси картасы».

Сабақтың жоспары:

  1. Қазақстан аумағында хандық мемлекеттердің құрылуы.

  2. Мемлекеттердің әлеуметтік дамуы.

  3. Экономикалық дамуы.

  4. Мемлекеттердің әкімшілік құрылысы

Сабақ жоспарының бірінші мәселесі-ХІІІ ғасырда Шыңғыс хан жаулап алғаннан кейінгі Қазақстан аумағында құрылған хандықтар.

Мұғалім, алдымен, оқушыларға мына сұрақтар ды беріп, өткен сабақтарын естеріне түсіреді. Шыңғыс хан Қазақстанды қай жылдары жаулап алды? Жаулап алған жерлерін төрт баласына қалай бөліп берді?

Мұғалім оқушыларды қатыстыра отырып, Шағатай, Жошы және Үгедей билеген аумақты картадан көрсетіп, олардың жеке ұлыс болып өмір сүргені жайлы айтады. Сонымен қатар Бату хан кезінде Алтын Орда құрылып, кейіннен оның Ақ Орда және Көк Орда болып бөлінгенін, онда билік жүргізген хандарға, оқиғаларға тоқталады.

Алтын Орда, Ақ Орда ыдырағаннан кейін Қазақстан аумағындағы мемлекеттер туралы түсіндіру барысында төмендегі сызбаны пайдалануға болады.



Алтын Орда

  1. Ақ Орда –Әбілқайыр хандығы- Моғолстан мемлекеті

  2. Көк Орда

  3. Ноғай Ордасы

Сабақ жоспарының екінші мәселесі-мемлекеттердің қоғамдық құрылысы, әлеуметтік дамуы.

Мұғалім оқушыларға бұл мемлекеттер орналасқан аймақта, әсіресе оңтүстік аудандарда өндірістік қатынастар жақсы дамығандығын, оның себебін көрсету керек.

XIV-XV ғасырларда бұл мемлекеттердегі таптың құрылымын, мемлекеттің басқару жүйесі түсіндіргенде тірек-сызбаларды пайдалануға болады. Бұл оқушылардың танымдық, есте сақтау қабілетіне ықпал етіп, білімін толықтырып отырады.

Мұғалім Алтын Орда, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, НоғайОрдасы және Моғолстан мемлекетінің экономикалық дамуына тоқталғанда, экономиканың негізгі қайнар көзі жерге және оны иелену ерекшелігіне, салықтар мен оның түрлеріне ерекше көңіл аудару керек.



Жерге иелік түрлері

  • Икта

  • Інжу

  • Сойырғал

  • Тархандық

  1. Мемлекеттік жер (диуандық)

  2. Інжу-ірі жер иелену

  3. Вакуфтық- дін иелігі

  4. Миліктік-шаруалар

XIV-XV ғасырлардағы салық түрлері

  • Тағар

  • Қалан

  • Құшыр

  • Зекет

  • Сауын

  • Хараж

  • Баж

  • Соғым

  • Сыбаға

Сабақ жоспарының төртінші мәселесі-мемлекеттердің әкімшілік құрылысы және этностық құрамы.

Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы әкімшілік басқару жүйесінің көп жағдайда бір-біріне ұқсас болғанын, жоғары тап, ірі тайпа өкілдерінен тұратын хан кеңесінің рөлін ерекше атап өту керек. Мұғалім бұл мемлекеттердегі халықтың шаруашылығы , мәдениеті, тілі, діні, әдет-ғұрыптарының ұқсастығына тоқталып, қазіргі осы аймақтарда құрылған мемлекеттер халықтарының ұқсастықтары, айырмашылықтары туралы оқушыларды қатыстыра отырып әңгіме өткізуге, пікір алысуға болады.

Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету мақсатында, ізденісін дамыту бағытында қырғыз, өзбек, башқұрт, түрікмен, татар, қалмақ, т.б. халықтар туралы баяндама, реферетжазып келуді тапсыру да тиімді.

Әбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы ыдырағаннан кейін, осы аймақта Қазақ хандығы құрылып, дами бастайды. Қазақ хадығының құрылуының қазақ халқы үшін тарихи маңызы зор.



10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 20. XV-XVII ғасырлардағы қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты:

Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, XV-XVIIIғасырларда оның дамуы жайында баяндау, хандардың саяси бағыттарын көрсету, сыртқы жаудан елін, жерін қорғап, тәуелсіздігін сақтап қалған қазақ хандары туралы айта отырып,, білімдерін тереңдету.

Сабақтың жоспары:


  1. Қазақ хандығының құрылуы

  2. Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдағы саяси жағдайы

  3. XVII-XVIII ғасырлардың 30-жылдарына дейінгі Қазақ хандығы

Сабақты мұғалім өткен сабақпен байланыстыра отырып, мына сұрақтарды қояды:

  1. Алтын Орда ыдырағаннан кейін қандай мемлекеттер құрылды?

  2. Моғолстан, Әбілқайыр хандығы және Ноғай ордасының әлсіреуіне не себеп болды?

Оқушы жауаптарын мұғалім толықтыра отырып, сабақты әрі қарай жалғастырады. Қазақ хандығының құрылуын XV ғасырдың 60 (70)-жылдары деп көрсетудегі дәлелдің бірі-М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» деген еңбегінен үзінді келтіре отырып түсіндіреді. Жәнібек пен Керейдің Жетісуға қарай көшуінің түпкі негізі-біріншіден, хандықтың ішіндегі әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар, екіншіден, этностық байланыстар. 1465-1466 (1470-1471) жылдары Қазақ хандығы құрылып, дүние жүзіндегі мемлекеттерге таныла бастағанын деректерге сүйене отырып әңгімелеу.

Тақырыптың екінші мәселесі-Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысы мен –XVI ғасырдағы саяси жағдай.

Бұл ғасырларда қазақ хандары Жәнібек пен Керей сол кездегі Әбілқайыр хандығындағы саяси жағдайларды пайдалана отырып, Оңтүстік Қазақстандағы Созақ, Сығанақ, Сауран, т.б. қалаларды жаулап алады. Қазақ хандығының аумағын ұлғайтуда Қасым ханның рөлін мұғалім деректерге сүйене отырып, ерекше атап өтеді. «XV-XVIII ғасырлардағы Қазақстан», «XIII-XVII ғасырлардағы Жетісу» карталарын, «Қазақстан Республикасының саяси картасын» пайдалану керек.

Мұғалімнің қазақ хандары Хақназар, Тәуекел, Есім тұсінда олардың батыста, солтүстік-шығыста, +Орталық Азияда хандықтың шекарасын кеңейтудегі рөлін, көрші елдермен саяси, сауда қарым-қатынастарын жасап, ел экономикасының дамуына на назар аударып отырғанын ерекше атап өтуі тиіс.

Сабақта төмендегі сызбаны пайдалануға болады.

XV-XVIғасырлардағы қазақ хандығы



Хандықтың байланыс жасаған елдірі

  • Моғолстан

  • Өзбек хандығы

  • Сібір хандығы

  • Орыс мемлекеті

Қатынас жасау түрлері

  • Бейбіт, дипломатиялық

  • Соғыс жағдайы, шапқыншылық

Сабақ жоспарындағы үшінші мәселе-XVІІ-XVІІІ ғасырлардың 30-жылдарына дейінгі Қазақ хандығы.

Мұғалім оқушылардың назарын қазақ хандығының өз ішінде жүріп жатқан саяси бытыраңқылығына аударуы керек. Бұлғасырларда күшейген көрші Жоңғар мемлекетінің шапқыншылықтары, оған қарсы қазақ халқының тәуелсіздігін қорғау жолындағы күресі ерекше орын алады.

Сонымен қатар мұғалім Жәңгір хан, Тәуке ханның ішкі, сыртқы саясатта жүргізген іс-шараларына тоқталады. Оқушылардың қызығушылығын артыру мақсатында тарихи, әдеби шығармалардан үзінділер оқып, сабақта немесе сабақтан тыс уақытта талқылауға болады.

Мұғалім сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалап,бекіту сұрақтарын қояды.



  1. Қазақ хандығы қашан құрылады, алғышқы хандары кімдер?

  2. Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

  3. Бұрындық пен Қасым хан кезінде Қазақ хандығының шекарасы қай жерлерге дейін ұлғайды?

  4. Қазақ хандығы көрші қандай мемлекеттермен қарым-қатынас жасады?

  5. Парсы тарихшысы Ескендір Мұңшы Тәуекел ханның қай елге шапқыншылығын суреттейді.

  6. Шоңғарларға қарсы Орбұлақ шайқасы қай жылы болды, ерекшелігі қандай?

  7. Тәуке хан ішкі саяси билікте қандай өзгерістер енгізді?

  8. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қандай жылдарды еске түсірді?


10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 21. XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы

Сабақтың мақсаты:


  • XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының басқару жүйесін, ұлыстық құрылымын, әкімшілік-құқықтық нормаларының ерекшеліктерін көрсету. Сот жүйесі, салықтар мен міндеткерлік түрлері туралы білімдерін тереңдету.

Сабақтың жоспары:

  1. Хандық өкіметтің басқару жүйесі

  2. Ұлыстық құрылым

  3. Әлеуметтік құрылым

  4. Әкімшілік-құқық нормалары мен қылмыстық іс.

  5. Сот жүйесі

  6. Меншік мәселесі

  7. Салықтар мен міндеткерліктің түрлері

Бірінші мәселеде хандық өкіметтің басқару жүйесінің ерекшелігіне, хан сайлауына тоқталу қажет.

Ханның бес түрлі құқығы мен міндетін түсіндіру кезінде төмендегі сызбаны пайдалануға болады.



Құқығы

  • Мемлекеттің жеріне билік жүргізу

  • Соғыс жариялау, билік жасау

  • Шет мемлекеттермен келіссөз жүргізу

  • Өзіне бағынышты адамдарды өлім жазасына кесі не тірі қалдыру

  • Заң шығару, бұйрық беру

Міндеті

  • Елді сыртқы жаудан қорғау

  • Әскерді басқару

  • Мемлекеттің сыртқы саяси бағытын белгілеп отыру

Сабақ жоспарындағы екінші мәселе-ұлыстық құрылым. Ұлыс-саяси-экономикалық басқару жүйесі. Мұғалім ұлысты шыңғыс хан тұқымдары басқарып отырғанын айта отырып, оқушыларға «Шыңғыс хан империя құрғанда аймақты басқаруды қалай бөлген?» деген сұрақ қоя отырып, өткен тақырыптарын еске түсіріп, ұлыстық құрылым туралы деректерге сүйеніп, толық түсіндіреді.

Мұғалім қазақ халқының әлеуметтік құрылымы 2 топқа бөлінгенін, оларға жеке-жеке тоқтала отырып түсіндіреді.

Тірек-сызбаны пайдалануға болады, бұл оқушылардың материалды терең ұғынып, есте сақтау қабілетін арттыра түседі.

Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы

І. Феодалдар


  1. Сұлтандар, қожалар

  2. Билер, бай-шонжарлар, батырлар, ақсақалдар

ІІ. Қарапайым халық

  • Қараша,

  • қара кісі,

  • шаруа,

  • бұқара

  • құл құтан

ІІІ. Құлдар, күңдер-бас бостандығы жоқ адамдар.

Төртінші мәселе бойынша мұғалім Тәуке ханның кезінде шығарылған «Жеті Жарғы» заңдарының әкімшілік-құқықтық нормалары мен қылмыстық істі қарау, реттеуде алатын орны, маңызы жайында айтады. Бұл заңдар жинағына «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» әдет-ғұрып, қағидалары енгізілгенін түсіндіре отырып, сабақтың әрі қарай «Жеті-Жарғы» кітапшасына, оның қағаз бетіне түсірілген немесе техникалық құрал арқылы көрсетілген баптарына тоқталады.

Сабақ жоспарының бесінші мәселесі-сот жүйесі.

Қазақ хандығында сот үкімін шығару ханда, биде, сондай-ақ ру-тайпа басшыларының қолында болған. Егер айыпкер билердің өзіне тағып отырған айыбын әділетсіз немесе күмәнді деп тапса, онда билердің ауыстырылуын талап етуге құқылы болған. Сот үкімін орындататын орган болмағандытан, оны жүзеге асыру жеңіп шыққан жаққа берілетінін түсіндіре отырып, мұғалім оны қазіргі өмірмен байланыстырса, сабақтың тиімділігі арта түседі.

Мұғалім оқушыларға қазақ қоғамында жерге, малға деген меншіктің болғанын деректемелер келтере отырып түсіндіреді.

Салық, міндеткерлік түрлерін түсіндіруде мұғалімнің сызбаны пайдалануына болады.



Салық түрлері

  • Зекет- мал басынан ханға төленетін салық

  • Хараж-жер салығы

  • Тағар-әскер үшін алынатын салық

Халықтың атқаратын міндеткерлагы

  • Хан мен сұлтанға сыбаға, соғым беру.

  • Ақсүйектерді қонақ етіп күту

  • Салық жинаушыларды, т.б. көлікпен қамтамасыз ету.

Мұғалім бекіту сұрақтарын қойып, қорытындылар, сабақты аяқтайды. Үйге тапсырма беріледі.

§ 22. Орта ғасырларда қазақ жерінде рухани мәдениеттің дамуы

Сабақтың мақсаты:

-VI-XII ғасырлардағы қазақ жеріндегі рухани мәдениеттің дамуын, оның бағыттарын көрсету. Ғылым мен әдебиеттің дамуына өз үлесін қосқан ғалымдар, әдебиет өкілдері туралы мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.

Сабақтың жоспары:


  1. Орта ғасырлардың ерте және орта кезіндегі рухани мәдениеттің даму бағыттары

  2. Ежелгі жазба ескерткіштері

  3. Ғылым мен әдебиеттің дамуы

  4. Сыр бойының даналары

Сабақ жоспарындағы бірінші мәселе-орта ғасырлардың ерте және орта кезіндегі рухани мәдениеттің даму бағыттары. Орта ғасырлардың бұл кезеңіндегі ерекшелік-қалалық отырықшылықтың дамуы, жартылай көшпеліліктің отырықшылыққа ауыса бастауы. Мұғалім бұл жағдайдың мәдениеттің дамуына үлкен әсері болғаны туралы түсіндіреді. Сонымен қатар ислам дінінің қабылдануын, оның мәдениет салаларына ықпалын айтып өтуі өте маңызды. Құрылыс ғимараттары әшекейленіп, өрнектеліп жасалатын болды. Сәулет өнерінің ғимараттары-Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан кесенесі суреттерін көрсете отырып, олардың өзіндік ерекшеліктеріне, көркемдік безендірілуіне тоқталып, оқушылар бойына рухани тәрбие берілуіне көңіл аудару керек.

Діни наным-сенімге байланысты дамыған мүсін өнері бойынша мұғалім түркі дәуіріндегі балбал тастар деп аталатын тас мүсіндерге тоқталады. Тас мүсіндердің суретін көрсете отырып, оқушылардан: «» Осы мүсіндерге қарай отырып, қандай деректер алуымызға болады?

Деген сұраққа жауап алуға болады. Бұл оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады.

Жоспарыдағы екінші мәселе-ежелгі жазба ескерткіштер.

Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін естеріне түсіре отырып, ежелгі және орта ғасырлар кезеңдерінен бізге жеткен қандай жазбаларды білесіңдер?-деген сұрақ қойылады. Мұғалім оқушылар жауабын тыңдап, Есік жазуы, Күлтегін, Тоныкөк жазулары туралы толығырақ мәлімет беріп, олардың білімдерінің тереңдей түсуіне мән берілуі тиіс.

Сонымен қатар мұғалім тарихи маңызы зор шығармалар-«Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама», «Кодекс Куманикусқа» тоқталып, бұл еңбектердің қазақ таризы мен тіл тарихында алатын орны жайлы айтады.

Сабақ жоспарындағы келесі мәселе-ғылым мен әдебиеттің дамуы тақырыпшасын түсіндіру кезінде алғашқы ғалымдарымыздың бірі-математик, ірі философ Әбунасыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұниді т.б. портреттерін тақтаға іліп, «Ғалымдар мен жазба әдебиеттің өкілдері» деген кестені пайдалануға болады.

Сабақ жоспарының төртінші мәселесе-Сайрам мен Түркістаннан шыққан данаар және Сыр бойының даналары.

Сабақты түсіндіргенде Сайрам қаласынан шыққан даналардың есімдерін тақтаға жазып қоюға болады. Мұғалім Түркістан қаласы мен Сыр бойы даналарын сызба арқылы түсіндіреді.

Сондай-ақ оқушылардың өздеріне кейбір шығармалардан үзінді оқытып, талдап, пікір алыса отырып, олардың сабаққа қызығушылығын арттытып, мәтінмен жұмысын ұйымдастыруға болады.

Ғалымдар мен жазба әдебиетінің өкілдері




Аты-жөні

Еңбектері

1

Әбунасыр әл-Фараби (870-950)

«Даналықтың жауһарлары», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы», «Музыка туралы үлкен кітап»

2

Жүсіп Баласағұн (1021-1075)

«Құтадғу білік»

3

Қожа Ахмет Йасауи

«Даналық сөздер»

4

Ахмет Иүгінеки

«Ақиқат сыйы»

Сабақты қорытындылап, бекіту сұрақтары қойылады.

Үйге тапсырма : §22

§23. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар

Сабақтың мақсаты:



  • Қазақ даласында туған шығармалар-«Тарих-и Рашиди», «Жылнамалар жинағы», «Шыңғыснама» еңбектерінің қазақ тарихы үшін маңыздылығын көрсету.

  • Әбілғазы шежірелері қазақ халқының тарихы, тіршілігі мен мәдениетін тануда құнды деректер болып табылатынын түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: ғалымдардың портреттері, ҚР саяси картасы

Сабақтың жоспары:



  1. «Тарих-и Рашиди».

  2. «Жылнамалар жинағы».

  3. «Шыңғыснама».

  4. «Әбілғазы шежіресі»

Сабақтың жоспарындағы алғашқы тақырыпша «Тарихи Рашиди » атты М.Х.Дулатидің шығармасы туралы, сонымен қатар ғалымның өмірі туралы да баяндалған. Мұғалім ғалымның өмірінен үзінділер келтіре отырып, оқушыларды қызықтырып, оларды оқу, білім, ғылым жолында қажімай еңбек етуге тәрбиелейді.

Жоспардың екінші мәселесі бойынша мұғалім Қадырғали би Қосымұлы Жалайыридің өмірбаянына, еңбегіне жалпы тоқтала отырып, еңбектің 3-бөлімі-Қазақ хандығының тарихына арналған аса маңызды бөлім екендігіне оқушылардың назарын ерекше аударуы тиіс. Еңбек қазақ хандарына қатысты хандар-Орыс ханның ұлы қажы-Керей, Едіге би, т.б. ірі тұлғалар туралы құнды дерек беретінін атап өтіп, еңбекте «Алаш» атауының қолданылғанын оқушылардың есіне салады.



«Тарих-и Рашиди» еңбегінің құндылығы

  • Қазақ хандығының құрылуы туралы мәліметтер

  • XV-XVI ғғ. Қазақ-Моғол хандықтарының арасындағы қары-қатынас

  • Қазақ-өзбек халықтарының арасындағы қарым-қатынас

  • Қазақ хандығы мен қырғыздар арасындағы қарым-қатынас

  • Қазақ-қалмақ, Моғол-қалмақ арасындағы қарым-қатынас

  • Қазақ халқының этностық құрылымы

  • Жетісу аймағындағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы

  • Географиялық атаулар, қазақ халқының тарихи жайлы деректер.

«Шыңғыснама» еңбегінің авторы-Өтеміс қажы бек Маулан Мұхаммед Дос. Мұғалім оқушыларға шығарманың қалай жазылғанын айта отырып, шығармада қазақ тарихы үшін маңызды деректер мол екеніне тоқталады. Шығармада автордың қазақтың көшпелі мал шаруашылығына ерекше назар аударғанын айта отырып, құнды деректің бірі-Алтын Орда ыдырап, Қазақ хандығының құрылуына тарихи алғышарт болғанын түсіндіреді.

Төртінші мәселе- Әбілғазы шежірелері. Оқушыларға бұл шежірелерден қазақ халқының тарихы, құрамына кірген ру-тайпалар туралы құнды деректер табуға болатынын түсіндіре отырып, Әбілғазының өзінің жеке өміріне тоқталып өтуге болады.

Сабақты қорытындылау кезінде оқушыларды қатыстыра отырып, төмендегі кестені толтыруға болады.


Сұрақтар

«Тарих-и Рашиди»

«Жылнамалар жинағы»

«Шыңғыснама»

Әбілғазы шежірелері

Қазақ халқы, оның тарихы, экономикасы туралы қандай мағлұматтар бар?













Үйге тапсырма беріледі.

§24. Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті

Сабақтың мақсаты:


  • Қазақ халқының шығармашылық дәстүрінің ерекшеліктерін, ауыз әдебиетінің түрлерін, олардың тарихи маңызын түсіндіру. Ауыз әдебиетінің жастарға беретін тәрбиелік мәнін ашу, жастарды еңбекке, Отанына сүйіспеншілікке, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. «Қазақстан Республикасының саяси картасы».

  2. Кесте, сызбалар.

  3. Кітап көрмесі

Сабақтың жоспары:

  1. Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі

  2. Ауыз әдебиетінің түрлері, олардың тарихи маңызы.

Сабақтың алғашқы қарастырылатын мәселесі-қазақ халқының шығармашылық дәстүрі. Мұғалім оқушыларға төмендегі сұрақтарды қоя отырып, сабақты бастайды:

  1. Ауыз әдебиеті дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Қазақ ауыз әдебиетінің ерекшелігі неде?

  3. Ауыз әдебиеті арқылы жеткен қандай жырларды білесіңдер?

Сұрақтарға жауап алып, пікір алысып, сабақты әрі қарай жалғастырып, ауыз әдебиетінің қандай салалардан тұратыны айтылады. Бұл жерде дидактикалық материалдардағы «Ауыз әдебиетінің салалары»сызбасын пайдалануға болады.

«Алпамыс», «Қобыланды батыр», т.б. жырлардан үзінді келтіріп, мазмұнын оқушыларды қатыстыра отырып талдау жасалады.

Сабақ жоспарының екінші мәселесе-ауыз әдебиетінің түрлері, оның маңызы. Бұл тақырыпшаны мұғалім оқушыларға тұрмыс –салт өлеңдерінен үзінділер келтіре отырып түсіндіреді.

Тақырып мәселесе өлең-жырлар болғандықтан, жырлардың әр түріне жеке-жеке тоқталып, жырдан үзінділер келтіріліп, оның мазмұнын, тәрбиелік маңызын көрсете отырып түсіндіріледі. Кейбір жырларды үнтаспадан тыңдауға болады. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқушылардың өздері білетін және кітаптағы жұмбақтардың мазмұнына қарай бөлініп, талдап түсіндіріледі. Сабақты қотырындылап, үйге тапсырма беріледі.

§ 25. Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар

Сабақтың мақсаты:



  • Эпостық аңыздардың тарихи маңызы және XV-XVIII ғасырлардағы ақын-жазушылардың шығармалары, ерекшеліктері, маңызы жөнінде оқушыларға түсінік беру.

Сабақтың жоспары:

  1. Эпостық аңыздар.

  2. XV-XVI ғасырдағы қазақ жыраулары

  3. XVII-XVIII ғасырдағы қазақ жыраулары.

Сабақты жоспарда қаралатын мәселе бойынша алдын ала оқушыларға тапсырма беріп өткізуге болады.

І. Тапсырманың мынадай түрлерін ұсынамыз:



  1. Тарихи оқиғаларға байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?

  2. Өзің мекен еткен жердегі тарихи атаулар туралы не білесіңдер?

ІІ. Сабақты рөлдік немесе театрландарылған сабақ түрінде өткізіп, эпостық жырлардан көрініс көрсетуге болады.

ІІІ. Сабақты кіріктірілген сабақтүрінде өткізуге болады. Ол үшін алдын ала әдебиет пәнінің, музыка пәнінің мұғалімдерімен жоспар құрып, оқушыларға ақын-жыраулар туралы қосымша тапсырмалар беріледі. Қандай жағдайда да оқушылардың білімдерін толықтыратын мағлұматтар көбірек берілгені дұрыс.

IV. Мұғалімнің оқушыларға негізгі мағлұматтардан алдын ала тапсырма беруіне болады. Сұрақтарға карточкалар бойынша ауызша немесе жазбаша түрде жауап береді.

Сұрақтарды төмендегідей түрде дайындауға болады:



  1. Эпостық аңыздар нені білдіреді?

  2. «Жырау» атауы нені білдіреді?

  3. Асан қайғы өз өлеңінде Жәнібек пен Керейді не үшін кіналады? Пікірлеріңді білдіріңдер.

  4. Ақжол би деп кімді атаған?

  5. Едл мен Жайықты мақтап, елге, малға жайлылығын суреттеген кім?

  6. Доспанбет жырау өз жырларында негізінен жастарға қандай насихат айтады? Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?

  7. Әскери жорықтармен Кавказдың терістігін, Қырым, Дон бойын аралап шыққан ақын-жырауды атаңдар.

  8. Жиембет жырау Есім ханның әскербасы, кеңесші қызметін атқарғанда қандай көзқараста болды?

  9. 17 жасында соғысқа қатысып, 54 жасында өлім жазасына бұйырылып, 93 жасында Семей өңірінде қайтыс болған кім? Ол өз жырларында не туралы жырлады?

  10. Абылай ханға жақын жүрген ақын. Оның жырларының ерекшелігі неде?

  11. Үмбетей жыраудың бізге қандай жырлары жеткен?

  12. Бұқар жырау туралы не білесіңдер, оның жырларының ерекшелігі неде?

V. Тақырып бойынша осындай бірнеше сабақ өткізуге болады. Немесе оқушыларға алдын ала тапсырма беріп, реферат жазып келуді тапсырып, оқушылардың шығармашылықпен айналысуына көңіл бөлген жөн.

Үйге тапсырма



  1. Оқулық соңындағы сұрақтарға жауап беру

  2. Ақын-жыраулардың өздеріңе ұнаған өлеңін жаттап келу.

  3. Қосымша деректерді пайдаланып, ақын-жыраулар жөнінде мәлімет, баяндама дайындап келу.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»
attachment -> Мен өз елімнің патриотымын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет