Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты


§33. Патша өкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясаты



жүктеу 0.9 Mb.
бет5/5
Дата12.09.2017
өлшемі0.9 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5
§33. Патша өкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясаты

Сабақтың мақсаты:

-ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан басталған Қазақстанға жаппай қоныстандырудың мақсатын көрсету, мәнін ашу. Қоныстанушылардың жағдайын, қоныстандырудың қазақ халқына тигізген зардаптарын, ұйғыр, дүнгендердің Жетісу аймағына қоныс аудару себебін түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:



  1. «ХІХ ғасырдағы Қазақстан» картасы.

  2. Кесте, сызба.

Сабақтың жоспары

  1. Көші-қон саясатының басты мақсаты.

  2. Қазақ жеріне қоныстандырудың алғашқы кезеңі

  3. Қоныс аударудың жаңа кезеңі

  4. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы

  5. Қоныстанушылардың кәсіптері

Сабақ басында мұғалім Ресейдің 1861 жылы ақпандағы «Басыбайлылық құқықты жою» Ережесін оқушылардың есіне түсіреді. Сабақты әрі қарай жалғастырып ереже шыққаннан кейінгі Ресейдегі шаруалар толқуын, шаруалардың жаппай шет аймаққа көше бастауын, Ресей үкіметінің «Қоныстандыру басқармасын» құрып, қоныстандыруды заңдастырғанын айта отырып, оның түпкілікті мақсатын ашып көрсетеді. Төмендегі сызбаны пайдалануға болады.

Патша өкіметінің шаруаларды Қазақстанға қоныстандырудағы мақсаты

  1. Ресейдің орталық аудандарындағы күшейіп келе жатқан толқуды әлсірету.

  2. Жерсіз қалған шаруаларға шет аймақтардан құнарлы жер беріп, жер мәселесін шешу.

  3. Шет аймақтарға қоныстанушылардың санын көбейтіп, олардың арасынан бай-кулактарды шығарып, өзіне тірек дайындау.

Екінші мәселені оқушылардың өздігінен оқып-үйренуін ұйымдастыру арқылы мәтінмен жұмыс істеуге болады. Оқушыларға оқулықтағы екінші тақырыпшаны оқып шығу ұсынылады (5 мин беріледі). Екі оқушы оны өзара талқылайды (3 мин). Одан кейін оқулықты жауып қойып, төмендегі сұрақтар арқылы пысықтау жұмысы жүргізіледі. Сұрақтарды карточкаға жазып, әр партаға жеке беруге болады.

Сұрақтар:



  1. Қазақ жеріне казактар мен орыс шаруаларын қоныстандыру қашан басталды?

  2. Батыс Сібір Бас басқармасының 1866 жылғы 20 қазандағы мәлімдемесі қандай мәселе көтерді?

  3. Ресей үкіметі тағайындаған жергілікті билік басында отырған басшылардың қоныстандыруға байланысты пікірі қандай болды?

  4. ХІХ ғасырдың 70-жылдарының ерекшелігі неде?

  5. Жетісу облысында қоныстандыруға байланысты қандай «ереже» шықты, ол бойынша қоныстанушыларға қандай жеңілдіктер беріледі?

Керекті жерінде картаны пайдаланып, оқушылар сұрақтарға жауап береді (5 мин). Оқушылардың сұраққа нақты, тез, тұжырымды жауап беруін қадағалап, үйрету керек.

Үшінші мәселе- «Қоныс аударудың жаңа кезеңі»

Тақырыпшаны оқып, талқылауды ұсынамыз.

Сұрақтар:



  1. Қоныс аударудың жаңа кезеңі қай кезден басталды, ерекшелігі неде?

  2. Қоныс аударудың қазақ халқына қандай зардабы болды? Оны немен дәлелдейсіңдер?

Мұғалім «Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы» туралы мәселені түсіндіру кезінде мына мәселеге тоқталғаны жөн: Қытай мемлекетінің қол астында болған ұйғыр халқының жағдайы зорлық-зомбылыққа қарсы күресі, тіпті олардың жеңіске жетуі, Ресей үкіметінің әрекеті, 1881 жылғы орыс-қытай келісімі, ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуы. Одан әрі қарай түсіндіру барысында сызбаны пайдалануға болады.

Оқушыларды қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендердің әлеуметтік жағдайымен таныстыру.



Қоныстанушылардан құрылған болыстар

  • Жаркент

  • Кетпен

  • Ақсу-Шарын

  • Малыбай

  • Қарасу

Оқушылар мәтінді, яғни «Қоныстанушылардың кәсібі» тақырыпшасын оқи отырып, сұрақ-жауап әдісі арқылы өткізуге болады.

Сұрақтар:



  1. Ұйғырлар мен дүнгендердің негізгі кәсібі қандай болған?

  2. Қандай көкөністер өсірген?

  3. Қоныстанушылар мен жергілікті халықтар арасында қандай қатынастар болған?

Үй тапсырмасы

1.§33 оқып, түсінгенін айту.

Төмендегі сызбаны толтыру

Қазақ жеріне қоныстандыру арқылы отарлау саясатының көріністерін атаңдар

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

§ 34. Патша өкіметінің қазақ жеріне орыстандыру саясатын жүргізуі

Сабақтың мақсаты:


  • Патша өкіметінің Қазақ жеріндегі орыстандыру саясатын қандай жолдармен жүргізгенін және Қазақстанға жер аударылған орыс демократиясы өкілдерінің, жергілікті халыққа көрсеткен ықпалын ашып көрсету.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. «ХІХ ғасырдағы Қазақстан» картасы

  2. Кесте

Алдымен, мұғалім үйге берілген тапсырманы тексеріп шығады. Жаңа материалды түсіндіру барысында оқушылар дәптерлеріне сабақтың тақырыбын, жоспарын жазады.

Сабақтың жоспары:



  1. Қазақ халқын орыстандырудың басталуы

  2. Оқу-ағарту саласындағы қазақтарды орыстандыру

  3. Орыстандыру саясатының үстем тап өкілдері арасында жүргізілуі

  4. Орыстың демократиялық өкілдерінің Қазақстанға жер аударылуы.

Оқушылар жоспарды жазып болғаннан кейін, оқулықтағы мәтіннің бірінші тақырыпшасын оқуға тапсырма беріледі. Оқушылар оқыған материалдары бойынша бір-біріне сұрақ дайындайды. Мұғалім кезекпен оқушылардың сұрақтарын және жауаптарын тыңдап, басқа оқушыларды қатыстырып, жауаптарды толықтырып отырады.

Матариалды толық меңгеріп бекіту үшін кесте толтырылады. Мұғалім кестені тақтаға не қағазға оқушыларды қатыстыра отырып жаып толтырады.



Орыстандыру саясатының бағыттары

Жүргізген әдіс-тәсілдері, іс-шаралары

Мақсаты

Нтижесі

Діни бағытта-христиан дініне кіргізу

Отырықшылыққа көшіру-бірінші кезекте христиан дінін қабылдағандарға отырықшылыққа көшті деп жер беруі. Әскери міндеттен босату

Шоқындыру, христиан дініне кіргізу

1897 ж. христиан дінін қабылдаған қазақтарға-8235 десятита жер бөліп берді.

Мұсылман дінін таратпау, шек қою

Мұсылмандардың қасиетті жерлерге зиярат етуіне қатаң талап қою, Жер аудару, қуғын-сүргінге ұшырату.

Мешіт салуға, Орталық Азиядан діни адамдардың келуіне тыйым салу. Шығыс тіліндегі кітаптарға қатаң сын айтылды.



Мұсылман дінін таратпау, дамытпау.

Мешіттер салынбады. Кітаптар өте аз таратылды.

Екінші, үшінші мәселелерді де оқушылар өздері оқып, сұрақтар дайындайды, талқылау жүргізеді. Кестені толтыру жалғастырылады.

Оқу-ағарту саласында

«Уақытша ереже»-қазақ орыс мектептерін ашу. Мұғалімдердің мектепте, мектептен тыс кезде орыс тілінен басқа тілде сөйлеуге тыйым салу. Орыс тілі сағаттарын көбейту.

Орыс тілінде сөйлету. Ұлттық рекшеліктерді жою

Орыс тілі сағаттары көбейді, мұсылман мектептері мен медреселерінде де орыс тілі сағаты көбейді.




Араб алфавитінің орнына орыс кирилицасын енгізу. Шіркеу-приход мектепетірн ашу.

Орыстандыру

Ақтөбедегі екі жылдық қазақ-орыс училещесінде сыныптарға иконалар іліп қойылды. Орал облысында шіркеу-приход мектептерінің саны 1889 ж.-9 болса, 1892 ж. 16 жетті.

Христиан діні мейрамы жаппай атап өтілді.



Үстем тап өкілдері арасында жүргізу

«Ережеге» сай ордендер мен медальдар беру, жыл сайын арнайы қаржы бөлу. Болыстық басқаруды енгізу.

Үстем тап өкілдерін өз жағына тарту

4 адам алтын медальмен, 6 адам орденмен, 10 адам күміс медальмен марапатталды. 1861 ж.-1429 сом

1870 ж.-5000 сом бөлінген. 1869 ж.-28 болыс, 1897 ж.-47 болысқа көбейген



Төртінші мәселе-орыстың демократиялық өкілдерінің Қазақстанға жер аударылуы. Оқушылар мәтінді оқып, өзара бір-бірімен талдау жасау ұсынылады. Берілген сұрақтарға жауап дайындап, айтып береді.

Сұрақтар:



  1. Қазақ жерінің патша өкіметінің демократиялық кұ\үрескерлерінің түрмесіне айналғанын немен дәлелдейсіңдер?

  2. Айдауда болған демократиялық бағыттағы адамдар күрескерлер қазақ жерінде қандай із қалдырды?

Үй тапсырмасы:

  1. §34 оқып, тақырып соңындағы сұрақтарға ауызша дайындалу

§

§



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»
attachment -> Мен өз елімнің патриотымын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет