Сабақтың тақырыбы: Әке- асқар тау



жүктеу 56.76 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі56.76 Kb.
түріСабақ

Күні:26.01.2017 ж

Сабақтың тақырыбы: Әке- асқар тау.

Сабақтың мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту,әке тәрбиесінің

маңызын ұғындыру. Ата-ананы сыйлап, құрметтей білуге, парызын өтеуге баулу.



Көрнекілігі: Нақыл сөздер

Хормен «Әкем-әнім»

1-жүргізуші: Халқымыз «Әке-асқар тау» деп, әкелерімізді жақсы дәріптеген. Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі –баланың әкесін ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауына араналды.

2-жүргізуші: «Әке-асқар тау» атты ашық тәрбие сағатын бастаймыз

1-жүргізуші: Қош келдіңіздер аяулы ұстаздар, ардақты әкелер.

2-жүргізуші: Әке! Осы бір ауыз сөзде қанша мағына жатыр десеңші! Иә, әке-қорғаның, қамқоршың, айбатың, сүйенішің, үлгі-өнегең емес пе? Әке алдында өскен бала бақытты. Соғыс жылдардағы балалар әкесіз өсті. Жазушы Дулат Исабеков бір сөзінде: «Біз әкесіз өстік «Әке» деп айтып көреміппіз.Өйткені ес білгілі әкемізді көргеніміз жоқ. Бізді әпкеміз бақты. Әке қандай болды екен?- деп ойлаушы едік.» дейді.

1-жүргізуші: Әкенің қадірін әкесі жоқтар жақсы біледі. «Баланың бақыты-әкемен. Ендіше, әкені аялай біліңдер! Әке көңіліне қаяу түсірмеңдер. Әке-асқар тауларың, әке-жасыл бауларың, әке- келешігі сұрапыл соғыста қасық қанын қиған батыр, әке-бейбіт өмірді жырлаған ақын, әке- желтоқсанда жанын қиған асыл ер, келешекті көре білген кемеңгер. «Қанша мектеп, институт оқығанмен, жақсы әкесіз жақсы тәрбие жоқ» дегендей әкенің ақылын тыңдап, өсиетін орындап жүріңдер.

Ән: «Жан әкем» Орынбасарова Жансұлудың орындауында

2-жүргізуші: Оқушыларды ортаға шақырайық. Әкелерге арнап қандай шешендік сөздер айтар екен

Ә - әділ, әзілқой, әдемі, әсем.

К - көркем, кішіпейіл, көңілді, кербез.

Е - еңбекқор, ержүрек, елгезек, епті.

А - адал, ақкөңіл.

С - сенімді, сабырлы, сергек, сыпайы, сезімтал, сүйікті.

Қ – қайырымды, қайсар, қайратты.

А- ақылды, ардақты, абройлы.

Р- рақымды, райшыл.

Т- табыскер, талантты, талғампаз, тиянақты, турашыл.

А- адамгершілікті, ақынжанды.

У- уәдешіл, уағызшыл.



Күй «Балбырауын» Айтқалиева Жанияның орындауында

1-жүргізуші:Әке ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа әкеледі. «Әкеге бағыну - аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Әкені ренжітпей, оның айтқанын тыңдау әрбір перзенттің басты парызы екен.

2-жүргізуші: Оқушыларды ортаға шақырайық әке туралы өлеңдерін оқиды

Ақжүніс:Жан әке, Сіз жүргенде көзіңді сап,

Өсеміз бәйтеректей өзің құсап.

Ортада Сіздер барда дара шыңдай,

Бізге ашық, кең пейілді сезім құшақ.

Жан әке, үйреткен Сіз ерлікті де,

Ұғындық Сізге қарап елдікті де.

Жүреміз жалғастырып дәстүріңді,

Дарытып дархандықты, кеңдікті де.



Әлия: Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл
Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл.
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің
Жанымдасың, қамқорымсың білемін
Қабыл алғын бала жүрек тілегін
Мәншүк: Қамқорсың әке өмірде,
Қуатым сенсің көңілге
Әлпештеп мені өсірдің
Ұшармын ертең көгіңде.
Жания:Әке қатал болса да,
Сыйлау оны – бір құрмет.
Әке қандай болса да,
Қорқу одан – бір құрмет.
Әкенің бір сөзіне
Ешқандай тыйым жетпейді.
Әке қатты сөз айтса,
Есіңнен еш кетпейді.
Әкесін сыйлай білгендер
Көгереді, көктейді.

Нұрбек: Жапырақ жайған бәйтерек

Тереңге тартқан тамырың

Сезбеппін әке, ертерек,

Жаныңның ыстық жалынын.



Бауыржан: Ертеңім үшін көз ілмей,

Атқыздың әрбір таңыңды,

Түсінер кім бар өзіңдей,

Сағыныш толы жанымды



Қанатбай:Махаббат нәрін жиыпсың,

Көңілге қуат беретін

Жолыма менің қиыпсың

Бақытты өзің көретін.



Қаламқас: Мейірім шашқан жүзіңнен

Өмірдің ізін көремін.

Әкелік асыл сөзіңнен

Жолымды тауып келемін.



Бексұлтан: Әке,әке, әке қымбат әрине

Сол қамқоршы жанұяға, әр үйге

Көп жыл болды ол кеткелі өмірден

Бірақ менде елесі жүр әлі де



Ән: «Жан әкем» Бахтыбекова Мадина мен Аманжолова Сымбаттың орындауында

Жүргізушілер ортаға әкелерді шақырып Сіз балаңызды жақсы білесіз бе?» сұрақтар қояды

  1. Балаңыздың туған күні, айы, жылы

  2. Балаңыз нешінші сыныпта және қай сыныпта оқиды

  3. Балаңыздың сүйікті пәні қандай

  4. Балаңыздың сынып жетекшісінің толық аты-жөні кім

  5. Балаңыздың аяқ киім өлшемі?

  6. Балаңыздың парталас көршісі?

  7. Кеше қандай пәндерден, қандай баға алды?

  8. Балаңыздың  сүйікті асы қандай?

  9. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

  10. Балаңызға қандай еркелететін сөз айтасыз?

  11. Балаңыздың ең жақын досы?

  12. Балаңыз 1 сыныпқа қай жылы барды

Ситуациялық сұрақтар:

- Бір күні балаңыз таяқ жеп келді. Сіздің әрекетіңіз қандай?

- Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-5 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады… деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдар көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде елеусіз қалдырасыз ба?

- Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

- Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?


  • Жанұяда бала тәрбиесіне кім жауапкершілікпен қарайды?

  • Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектеп жауапкершілігі басым ба?

  • Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

  • Балада өзімшілдік мінездің қалыптасуы неден?

Ән «Әкелер»Назарханова Албинаның орындауында

1-жүргізуші: Дін мұсылман жолында әкені құрметтеу - айрықша парыз «Әкенің алдында күнаһар болу - Алла алдында күнаһар болу» - дейді Пайғамбарымыз. Халқымыздың мақал-мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді табар едік. «Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас», -деген сөзде терең ой жатыр.

2-жүргізуші:Ата ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Ақыры, ең қастерлі тілектері: бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, дейді. Осындай ата ананы сыйлау, оларды алақанға салып аялау, құрметтеу қандай ғанибет!

Жүргізушілер ортаға әкелерді шақырады

Сұрақтар қойылады.

  1. Балдан тәті не? (бала)

  2. Қара шаңырақ иесі кім (кенже ұл )

  3. Балаға кім сыншы (әке)

  4. Әкеден балаға берілетін зат (мұра)

  5. Бес дұшпанды атаңыздар (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

  6. ҚР баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды? (2002ж 8-тамыз)

  7. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (14 жас)

  8. Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)

  9. 16 жасқа толмаған адам (жасөспірім)

  10. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы (достық)

  11. Қазақстанда қандай білім алу міндетті түрде? (орта)

  12. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

  13. Үш арсызды атаңыз. (Ұйқы, тамақ, күлкі)

  14. Мемлекеттік рәміздерді атаңыз. (Елтаңба, ту, әнұран)

Ән: «Әкем-анам» Шектібаева Жанайнаның орындауында

1-жүргізуші:Шешесін ұқпайтын

Әкеден ықпайтын

Ұл болмайды.

Шешеге тартпайтын,

Әкеге жүк артпайтын

Қыз болмайды-деп тегін айтпаған. Оларды жақсы тәрбиелеп, өнегелі еңбекке баулып, еліне пайдалы азамат етіп өсіру сіздердің абзал борыштарыңыз. Ертеме, кешпе сіздің тәрбие беру жолындағы еңбегіңіз белгілі бір табыстарға жеткізері сөзсіз.

2-жүргізуші:Өсіріп баптап баласын

Әкелер әркез «Жарайсың»

Бар өнерін үйреткен

Оздырған да жүйріктен



Осымен бүгінгі «Әке – асқар тау» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет