Алматыда Сингапур азаматтарына қарақшылық шабуыл жасаған бес күдікті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: polisia.kz

Полицияның мәліметінше, белгісіз бес ер адам шетелдіктердің жалдамалы үйіне басып кіріп, оларды қарумен қорқытып, ақша беруді талап еткен. Осылайша күдіктілер шетелдіктердің 3 миллион теңге және 13 мың доллардан астам қаржысын тартып алған.

“Шабуыл жасағандар анықталып, ұсталды. Бұл – 1999, 2001, 2003 жылы туған Алматы облысының бес тұрғыны. Қылмыстың негізгі ұйымдастырушысы Т.есімді азамат бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған. Айтпақшы, ол зардап шеккен шетел азаматтарымен жұмыс істеген, олардың табысы туралы білген. Айғақты заттар, оның ішінде екі ойыншық тапанша тәркіленді”, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Күдіктілер ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші шетел азаматтарына полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді. 

“Бізді қатты қорқытты. Полиция қызметкерлері жарады. Қылмыскерлерді тез қолға түсірді. Оларға өз атымнан және еліміздің атынан шексіз алғысымды білдіргім келеді”, – деді жәбірленушілердің бірі.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.