Сабақтың тақырыбы: Электр тогының химиялық әрекеті. Электролиз заңы



жүктеу 52.53 Kb.
Дата10.03.2018
өлшемі52.53 Kb.
түріСабақ


Мұғалімнің аты-жөні: Ералиев Е. А. Күн: 01.03.2017 ж

Пәні: физика сыныбы: 8 «б»

Сабақтың тақырыбы: Электр тогының химиялық әрекеті. Электролиз заңы

Сабақтың мақсаты: Электр тогының химиялық әрекетін және Электролиз заңының негізін біледі

Сабақтың нәтижесі: Электр тогының химиялық әрекетін және Электролиз заңының негізін білді

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: миға шабуыл, Ой қозғау, БББ стратегиясы

Сабақтың ұйымдастыру кезеңдері: Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер:





Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

уақыт

1

Өткен тақырыптан оқушыларға миға шабуыл жасау бойынша сұрақтар беріледі:

Электрқыздырғыш құралдар дегеніміз не? Қыздыру шамы деп нені айтамыз? Қыздыру шамын алғаш рет кім ойлап тапты? Қысқа тұйықталу деп нені айтамыз? Балқымалы сақтандырғыштар неге қажет?



Мұғалімнің берген сұрақтарына ойланып, ақылдасып жауап береді

5 мин

2

Жаңа сабақтың мазмұнын ашу үшін ой қозғау әдісін пайдалана отырып, Токтын қандай әрекеттері бар деген сұрақ беріледі?

Мұғалімнің берген сұрағына оқушылар жасап беру арқылы сабақтың тақырыбы ашылады

1 мин

3

Жаңа сабақтың мазмұнын БББ стратегиясы бойынша оқушыларға түсіндіру:

Сұйық өткізгіштер – электролиттердегі электр тогының табиғаты металдарға қарағанда өзгеше.

  • Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса, тұздар мен металдардың қорытпалары электролиттер деп аталады.

  • Электролиттер электр тогын жақсы өткізетіндерге жатады.

Зарядты тасымалдаушы қандай бөлшектер болып табылады және «электролиттердегі ток» дегеніміз не? Ыдыстағы тотияйын ерітіндісіне екі көмір электродты батырып, оларды тұрақты ток көзіне жалғаймыз. Біршама уақыттан кейін біз теріс зарядталған электрондардың біреуінің бетінде мыстың жұқа қабаты түзілетінін байқаймыз. Бұл электролиттердегі ток иондар деп аталатын зарядталған атомдардың немесе зат молекулаларының қозғалысымен қамтамасыз етіледі деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Егер электролит ерітіндісінде электр өрісін тудырса не болады? Көптеген заттардың молекулалары өзара тарту күшімен біріккен оң және теріс иондардан тұрады. Суда иондар арасындағы өзара тарту күші азаяды. Молекула иондарға ыдырайды. Бұл процесс электролиттік диссоциация деп аталады:

NaCl Na+ + Cl - CuSO4 Cu2+ + SO4 2-

Әдетте, электролиттерде әр аттас иондардың молекулаға бірігуі сияқты кері процесс те жүреді. Бұл процесс рекомбинация деп аталады. Ерітіндіде диссоциация мен рекомбинация бірін – бірі теңестіріп тұрады. Электр өрісі жоқ ерітіндідегі иондар ретсіз қозғалады.

Егер электролитке қандай да бір потенциалдар айырымы бар екі электродты (катод - теріс зарядталған және анод – оң зарядталған) енгізсе, онда зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы пайда болады, яғни оң иондар – катодқа, ал теріс иондар – анодқа қарай қозғалады. Ендеше, электролиттердегі зарядтарды тасымалдаушылар оң және теріс иондар болып табылады.



  • Электролиттердегі электр тогы дегеніміз – оң және теріс иондардың қарама – қарсы бағыттағы реттелген қозғалысы.

Оң зарядталған иондар теріс зарядталған электродқа (катодқа) жеткенде, бейтарап атомдарға және молекулаларға айналады. Оң зарядталған электрод анодтың маңындағы теріс зарядталған иондармен де осындай процесс жүреді. Сондықтан электродтарда заттардың тұнатынын байқаймыз.

  • Электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесі электролиз деп аталады.

Сонымен, тұз, қышқыл және сілті ерітінділері арқылы ток өткенде, электродтарда зат бөліну құбылысын электролиз деп атайды.

Электролит ерітіндісі арқылы электр тогының өту табиғатын біле отырып, электролиз кезінде бөлінген заттың массасын анықтауға болады.

Әр түрлі электролиттерден түрліше токтарды өткізіп және соның барысында электродта бөлінген зат массасын нақты өлшей отырып, ағылшын физигі М. Фарадей 1832 жылы эксперимент жүзінде мынадай заңдылықты ашты:

  • Электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасы электролит арқылы өткен электр (заряд) мөлшеріне пропорционал.

  • Бұл заң Фарадей заңы деп аталады.

;; ;

мұндағы m – бөлініп шыққан заттың массасы, q – электролит арқылы өткен заряд, k – берілген заттың электрохимиялық эквиваленті деп аталатын пропорционалдық коэффициент

  • Заттың электрохимиялық эквивалентінің сан мәні электролит арқылы 1 Кл заряд өткенде электродтардың біреуінде бөлінетін заттың массасына тең.

, болатынын ескерсек, электрохимиялық эквиваленттің ХБЖ


Оқушылар БББ стратегиясы бойынша өздерінің білмегендерін дәптерлеріне түсіріп отырады

14 мин

4

Жоғарыда айтырған ережелерді оқушыларға көрсету үшін электролиз заңына тәжірибе жұмысын ұйымдастыру және видео роликтер көрсету

Көрсетілген мәліметтер бойынша негізгі ережелерді ұғыну

5 мин

5

Өтілген тақырыптың негізгі өрнектерін қайталау мақсатында оқушыларға есеп жұмыстарын беру:

616(Кем). Электролиз процесінің нәтижесінде күміс тұзының судағы ерітіндісінен катодта 300 мг күміс бөлінді. Электролиттен өткен зарядшамасын табыңдар.

617(Кем). Мыс тотияйынының ерітіндісі арқылы 20 кКл заряд өтті. Осы кезде катодқа қанша мыс бөлінді?

619(Кем). Электорлит арқылы 5 минут ішінде 1,5А ток өткенде катодтан 137 мг зат бөлінген. Ол қандай зат?



620(Кем). Мыс ваннадан 20 минут ішінде 1,98 г мыс бөлінген. Ваннадағы ток күшін табыңдар.


Мұғалымнің берген есептеріне тақтаға шығу және шығарылған есептерді дәптеріне түсіріп отыру

15 мин

6

Сабақты қорытындылау барысында оқушыларға сұрақтар қою:

  • Электролиттерге қандай заттарды жатқызады?

  • Электролиттік диссоциация дегеніміз не?

  • Рекомбинация дегеніміз не?

  • Қандай процесті электролиз дейді?

  • Техникада электролизді қолдпнуға мысалдар келтіріңдер?

  • Фарадей заңын тұжырымда?

  • Заттың электрохимиялық эквиваленті дегеніміз не?




Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру

4 мин

7

Оқушыларды бағалау және үйге тапсырма беру

§46, §47, №23 жаттығу


Үйге берілген тапсырманы күнделікке жазып алу

1 мин

Каталог: uploads -> doc -> 0614
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0614 -> Сабақтың түрі: тәрбие сағаты Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,пікірталас Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет