Сабаќтыњ таќырыбы: Есептеуіш техника кабинетінде техника ќауіпсіздік жєне тєртіп ережелері



жүктеу 0.71 Mb.
бет1/4
Дата22.04.2019
өлшемі0.71 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4

Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техника кабинетінде техника                                        қауіпсіздік және тәртіп ережелері. Алгоритм және оның қасиеттарі.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік Алгоритм ұғымымен таныстыру, оның қасиеттерін пайдалану жолдарын және атқарушы командалар жүйелерін пайдаланып жұмыс істеуге баулу.

Дамытушылық – Оқушылардың іскерлігін, ойлау қабілетін, ізденімпаздық дағдысын қалыптастыра отырып дамыту

Тәрбиелік – Оқушыларды шапшаң ойлауға, өздігінен талпынып жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.

  1. оқушыларды кабинетте сақталатын қауіпсіздік техникасының ережелерін қайталау


Сабақтың түрі: Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ жауап

Сабақтың барысы

Ұйымдастырылу кезеңі

  1. оқушылармен сәлемдесу




  1. келмеген оқушыларды белгілеу




  1. сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру

Техника қауіпсіздік ережесін қайталау
Есептеуіш техника кабинетінде өте күрделі, аса қымбат аппараттар компьбтерлер және басқа құрылғылар орналасқан.

Сондықтан тиым салынатын әрекеттер:



  • Рұқсатсыз кабинетке кіруге;

  • Аппаратураны рұқсатсыз қосып өшіруге

  • Жалғаушы кабельдерді ұстауға

  • Экранға тиісуге

  • Қол сулы кезде ұстауға

  • Аппаратураны орнынан қозғалтуға болмайды


Жұмыс басталардағы талаптар:


  1. жұмыс орныңда зақымданған нәрсе жоқ па соны тексер

  2. экранға нақ орта тұсына келетіндей болып отыр

  3. мұғалім айтқанын мұқият тыңда

  4. жұмысты мұғалім рұқсатымен баста


Жұмысты аяқтауға талаптар:


  1. жұмыс аяқталған соң компьютерді өшіріп, жұмыс орнын реттеп қою

  2. мұғалімнің рұқсатымен кабинеттен шығу


Электр тогымен зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету

Электр тогымен зақымдану шамалы ғана ауырғаннан бастап ІІІ, ІV дәрежелі күйік жағдайына дейін жетуі мүмкін.

Электр тогымен зақымданғанда ең бірінші қосқышты өшіру керек. Содан кейін зақымданған адамды өте үлкен ұқыптылықпен сымнан ажыратып алу керек, көмектесушіге зақым келтірмей ( көмекші қолына резеңке қолғап киіп немесе құрғақ шүберекпен, құрғақ тақтай үстінде тұрып көмектесуіне болады..

Тоқ ұрған кезде ең бірінші адамның тыныс алуына, жүрек қан тамырының қызметіне көңіл бөлу керек. Дем алу, жүрек соғу тоқтаған кезде, тез арада жүрекке массаж жасау, аузына дем беру керек.

Жүрек қызметі әлсіреген кезде таза ауа мен нашатыр спиртін иіскету . Жедел жәрдем шақыру.

Жаңа сабақты түсіндіру
Егер сіз берілген есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек.

Алгоритм деп берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттерді дәл және қарапайым етіп жазуды айтамыз.

Алгоритм ұғымының мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:


    1. Алгоритм дискретті информацияларменжасалатын әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді

    2. Алгоритм біздің қалауымызға қарай өзгертуге болмайтын нақты нұсқау. Алгоритмде не істеу керектігі алдын ала айқын беріледі. Алгортмнің осы қасиетін анықталғандық қасиеті дейміз.

    3. Бір алгоритмнің өзін бірнеше есептің шешімін табу үшін пайдалану мүмкіндігі Алгоритмнің мұндай қасиетін көпшілікке бірдейлік, басқаша айтқанда жалпылық қасиеті дейміз.

    4. Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы деректердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Осылайша, алгоритмнің әрекеттердің белгілі бір санының орындалуынан кейін қажетті нәтиже алу мүмкіндігі алгоритмнің нәтижелілігі деп аталады.

Алгоритм белгілі бір реттілікпен бірінен соң бірі орындалатын бірнеше қадамдардан тұрады. Алгоритмнің әрбір қадамы бір немесе бірнеше қарапайым операцияларды қамтиды.

Мысалы: Компьютерді өшіру алгоритмін құрайық



    1. Барлық ашық тұрған қосымша терезелерін жабу

    2. «Бастау» (пуск) батырмасын шерту.

    3. Басты менюден «Выключить компьютер» пунктін таңдау.

    4. Диалог терезесінде «Выключить компьютер» пунктін таңдау.

    5. «Да» батырмасын шерту.

Мектептік алгоритмдік тілде алгоритмді құру және оларды жазып көрсетуде атқарушыларды басқаратын командалардан тұратын алгоритмдерді оқып үйренуден бастайды.

Атқарушы – бұл нақты әрекеттерді орындай алатын құрылғы немесе адамның өзі. Атқарушының орындай алатын командалар тізбегін оның командалар жүйесі деп атайды. Әрбір атқарушының өзінің жұмыс істейтін арнайы ортасы және командалар жүйесі болады.

Атқарушылардың командаларды орындаудағы жұмысын адам немесе компьютер басқарады.

Тапсырмалар.

Сүт қайнату алгоритмін құрыңыз.


  1. Ыдысқа сүт құю

  2. Ыдысты плитаға қою

  3. Сіріңкені жағу

  4. Сіріңкені от жанатын жерге тосу

  5. Газ кранын ашу

  6. Сүт қайнағанша күту

  7. Газды өшіру


Сабақты қорытындылау:

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритмнің қандай қасиеттері бар?

  3. Атқарушы командалар жүйелерін кімдер атқарады?


Үйге тапсырма: Алгоритм Атқарушы командалар жүйелері   
                   

2 – сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм жазу жолдары                                  

Блок-схема

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Алгоритмдерді негізгі блоктар түрінде көрсету және оның түрлерімен таныстыру Блоктарды пайдалану жолдарын көрсету

Дамытушылық – Оқушылардың ой - өрісін, өздігінен білім алып, ізденімпаздық жүйелілеу қасиеттерін, алгоритм түрлерін пайдаланып жұмыс істей алу дағдыларын дамыту

Тәрбиелік – Оқушыларды тез ойлауға, ойын жүйелей білуге, ізденуге, нақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ жауап

Сабақтың барысы

Ұйымдастырылу кезеңі

  1. оқушылармен сәлемдесу




  1. келмеген оқушыларды белгілеу




  1. сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру


Үйге берілген тапсырманы сұрау


    1. Алгоритм дегеніміз не?




    1. Алгоритм ұғымы қайдан пайда болған?




    1. Алгоритмнің қандай қасиеттері бар?




    1. Атқарушыларды басқару командасы дегеніміз не?


Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритм көрсетімінің ең көрнекі әдісі болып блок схемалар түріндегі графикалық көрсетім саналады. Алгоритм бұл жерде блоктар бірізділігі түрінде бейнеленеді.

Негізгі блоктар мен олардың кескіндерін қарастырайық:

Алгоритмнің үш түрі бар:

1 Сызықтық

2 Тармақталушы

3 Қайталанушы (циклдік)




Сызықтық алгоритм
Егер алгоритмнің N қадамы болса және олардың

барлығы басынан аяғына дейін бірінен соң бірі

тізбектеле орындалатын болса, онда алгоритмді

сызықтық алгортим дейміз.

Т

армақталушы алгоритм.

Егер алгортим қадамдарының тізбектеле

орындалуы қандайда бір шартқа тәуелді

өзгеретін болса, онда алгоритмді тармақ

талушы алгоритм дейміз.Алгоритм орын

далғанда «ия» немесе « жоқ» мәндердің

бірін қабылдай алатын логикалық өрнекті

шарт деп атаймыз
Қайталанушы алгоритм (циклдік).
Егер берілген шамаға тәуелді алгоритмнің

белгілі бір тізбектелген қадамдары бірнеше

рет орындалатын болса, онда алгоритмді

қайталанушы ( циклдік) алгоритм дейміз



Сабақты қорытындылау:

  1. Блок – схемалар не үшін қолданылады?

  2. Алгоритмнің неше түрі бар?

  3. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  4. Тармақталушы алгоритм дегеніміз не?

  5. Қайталанушы алгоритм дегеніміз не?



Үйге тапсырма: Алгоритм түрлері                                      

Графикалық бейнелеулер



3сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм                                     

Атқарушы командалар жүйелері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Алгоритмдерді алгоритм тілінде көрсету және оның түрлерімен таныстыру , пайдалану жолдарын көрсету

Дамытушылық – Оқушылардың ой - өрісін, өздігінен білім алып, ізденімпаздық жүйелілеу қасиеттерін, алгоритм түрлерін пайдаланып жұмыс істей алу дағдыларын дамыту

Тәрбиелік – Оқушыларды тез ойлауға, ойын жүйелей білуге, ізденуге, нақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ жауап

Сабақтың барысы

Ұйымдастырылу кезеңі

  1. оқушылармен сәлемдесу




  1. келмеген оқушыларды белгілеу




  1. сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру


Үйге берілген тапсырманы сұрау


    1. Алгоритм дегеніміз не?




    1. Алгоритм ұғымы қайдан пайда болған?




    1. Алгоритмнің қандай қасиеттері бар?




    1. Атқарушыларды басқару командасы дегеніміз не?

    2. Алгоритмнің графикалық көрсетімі?


Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритмдік тілде өрнектелген әрбір алгоритмнің мазмұндық сипатын ашатын атауы, яғни тақырыбы болады. Тақырыпты арнайы бөліп көрсету үшін оның алдына алг (алгоритм) түйінді сөзі жазылады. Алгоритмнің тақырыбынан кейін, жаңа жолдан оның командалары жазылады. Ал, алгоритм командаларының басталуы мен аяқталуын көрсету үшін басы және соңы түйінді сөздері пайдаланылады.Командалар осы екі түйінді сөздің арасына жазылады.

Алгоритмнің бірінен кейін бірі орындалатын, белгілі бір нәтежие беретін бірнеше командасының тізбегін серия деп атайды.Серия кейде тек бір командадан, ал көбінесе бірнеше командадан құрылуы мүмкін. Бір команда бір жолға сыймаса, онда оны екінші жолға жалғастырып жазуға болады. Керісінше бір жолға бірнеше командаларды жазуға да болады.Бірнеше команда бір жолға жазылса, әрбір командадан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.

Алгоритмнің тақырыбынан кейінгі бөлігі алгоритм тұлғасы деп аталады, ол басы және соңы түйінді сөздерімен шектеліп тұрады.

Сонымен алгоритмнің алгоритмдік тілде көрсетілімі:



алг алгоритмнің атауы (типтері көрсетілген шамалардың атаулары)

арг аргументтер тізімі

нәт нәтежиелер тізімі

басы

алгоритм командалары (серия)



соңы

2.Тармақталған алгоритм. Күнделікті өмірде жиі кездесетін алгоритмдердің бір түріне есептегі белгілі бір шарттың орындалуына не орындалмауына байланысты командалар тізбегінің бірнеше тармақтарға бөлінетін тобы жатады.Алгоритмдерді атқару үшін алдымен тармақталу командасының шарты тексеріледі. Шарт орындалған жағдайда онда және әйтпесе түйінді сөздерінің арасындағы 1-серия командалары орындалады. Ал шарт орындалмаған жағдайда әйтпесе және бітті түйінді сөздерінің арасындағы 2-серия командалары орындалады.

Тармақталған алгоритмнің алгоритмдік тілде көрсетілімі:

Толық түрі



егер шарт

онда 1- серия



әйтпесе 2- серия

бітті

Толымсыз түрі



егер шарт

онда серия



бітті

3.Циклдік алгоритм. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуын цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады.

Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше (әзір), цикл басы (цб) және цикл соңы (цс) түйінді сөздері қолданылады: әзірше сөзінен кейін қойылатын шарт, ал цикл басы (цб) және цикл соңы (цс) түйінді сөздерінің арасына қайталанатын командалар жазылады.

Циклдік алгоритмнің алгоритмдік тілде көрсетілімі:



әзір шарт
цб

серия


цс


Сабақты бекіту:1.Табаны В, биіктігі Н үшбұрыштың ауданын есептейтін алгоритм және блок – схема құрыңдар.



алг үшбұрыштың ауданы

бер В,Н


нәт S

басы


соңы
2. ах2+вх+с =0 квадрат теңдеуін шешу алгоритмін және блок схемасын құрыңдар.




алг квадрат теңдеу

бер а,в,х



нәт х1,х2

басы


егер D >= 0

онда

х1 = (-b+D)/(2a)



x2 = (-b- D)/(2a)

әйтпесе « шешімі жоқ»



бітті

соңы


3. Екі оң бүтін сан а және в (а ≥в) берілсін. Бөлу амалын қолданбай

         а  – ны в – ға бөлгендегі қалатын қалдықты табу.


алг цикл

бер а,в


нәт а

басы


егер а ≥в

онда

а = а – в

бітті

шығару а


соңы



  1. Трапецияның ауданын табатын

алгоритм және блок схема

құрыңдар
Сабақты қорытындылау:



  1. Алгоритмдердің сипатталу үлгісі?

  2. Алгоритмнің неше түрі бар?

  3. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  4. Тармақталушы алгоритм дегеніміз не, алгоритмдік тілде жазылуы?

  5. Қайталанушы алгоритм дегеніміз не, алгоритмдік тілде жазылуы?



Үйге тапсырма: Алгоритм командалары                                      

Алгоритм құрылымы                                     


4сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Программалау тілдері.

Тілдің алфавиті                     

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Программа ұғымымен, программалау тілдерімен және сол тілде пайдаланылатын тілдің алфавитімен таныстыру, жұмыс жасай білуге үйрету.

Дамытушылық – Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен танымын, тілдің алфавитін пайдалануда оның өз бетінше проблемалық ситуацияларды шеше алуын қамтамасыз ету.

Тәрбиелік – Оқушыларды кішіпейілдікке, жекелеп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, сабақта өзін - өзі басқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ жауап

Сабақтың барысы

Ұйымдастырылу кезеңі

  1. оқушылармен сәлемдесу




  1. келмеген оқушыларды белгілеу




  1. сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру


Үйге берілген тапсырманы сұрау


  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Блок – схемалар не үшін қажет?

  3. Алгоритмнің неше түрі бар?

  4. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  5. Тармақталушы алгоритм дегеніміз не?

  6. Қайталанушы алгоритм дегеніміз не?


Жаңа сабақты түсіндіру
Программалау тілі деп деректерді жазуға және оларды белгілі ережелер (алгоритмдер) бойынша өңдеуге арналған адам мен компьютерді байланыстыратын тілді айтамыз.

Программалау тілі символдардың жиынынан, яғни программаларды құру ережелерінің жүйесінен құралады.

Программа дегеніміз – бұл алгоритмді компьютер түсінетін тілде жазып көрсету деген сөз.

Программалау тілдері көптеп саналады, мысалы Visual Basic, Quick Basic6 Pascal және тағы басқалар.

Паскаль тілі дербес компьютерлер үшін программалаудың ең үздік оқу тілдерінің бірі. Әр тілдің өзінің алфавиті, символдар жиыны, операторлар жазбалары мен программаларды бейнелеу ережелері бар.

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады(машина тіліне аударылады) объектік прграммаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі –алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы,ал екіншісі объектік кодтағы жазылған программа.

Паскаль тілінде пайдаланылатын тілдің алфавитіне тоқталайық.

A - Z бас әріптер

а – z кіші әріптер

0 – 9 сандар

бос орын

! леп белгі

# диез

% пайыз


& амперсант

$ доллар белгісі

" қос тырнақша

' апостроф

. нүкте

, үтір


; нүктелі үтір

: қос нүкте

+ қосу белгісі

- азайту


* жұлдызша

/ көлбеу сызық

\ кері көлбеу сызық

^ кірістірме белгісі

= теңдік

< кішілік белгісі

> үлкендік белгісі

() сол және оң жақшалар

? сұрақ белгісі

_ ерекшелеу белгісі

~ тильда

Паскаль тілінде жасалған программа жолма жол жазылған осы тіл операторларының бірізділігінен тұрады. Бір жол бірнеше операторлардын тұруы мүмкін, олар бір – бірінен қос нүктемен « : » бөлінеді.

Паскаль тілінде пайдаланылатын арифметикалық операциялардың символдары:




Арифметикалық операциялар белгілері

Операциялар аты

Паскаль тілінің символдары

Жазу пішіні




Дәрежеге көтеру

^

2^3

Х

Көбейту

*

2*3

:

Бөлу

/

4/2




Бүтін сандық бөлу

\

5\2

+

қосу

+

2+3

-

азайту

-

5-2


Сабақты қорытындылау:

    1. Программалау тілі дегеніміз не?

    2. Паскаль қандай тіл?

    3. Паскаль тілінде тілдің алфавиті не үшін қажет?


Үйге тапсырма:       Программалау тілдері.

Тілдің алфавиті                     

                

5сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________
Сабақтың тақырыбы: Паскаль – программалау тілі. Тілдің алфавиті.
Мақсаты:

Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін түсіндіру.

Жасанды тілдің қалай құрылатынын сезіну.

Тәртіптілік пен жинақылық дағдыларының қалыптасуына әсер ету.



Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер, Паскаль-программа.



Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.
І. Сабақтың барысы: Жаңа сабақ.


  1. Паскаль тілі

ПС. Алгоритмнің бәрі формулалармен ғана емес сөздерменде жазылады. Ол сөздерді компьютер қалай түсінеді? Компьютер деген машина болса, ол командаларды қалай орындайды?

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны машинаға түсінікті тілде жазамыз. Ондай тілдер өте көп. Солардың кең тараған бір түрі Паскаль. Одан басқа АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК, ДЕЛФИ... т.с.с болып кете береді. Паскаль тілін 1968-1970 жылдары швейцариялық ғалым Никалус Врит оқып-үйренуге қолайлы тіл ретінде ұсыған.

Паскал тілінде программа үш бөліктен тұрады:


1. тақырып

2. сипаттау бөлімі

3. операторлар бөлімі

Түйінді сөз – мағанасы алдын ала анықталған, Паскаль тілінің құрамына кіретін ағылшын сөзі. (Оқулықтың 39 бетіндегі 2.2 кестені қара)
Мыс: program, var, begin, while…

Идентификатор – айнымалыларды белгілеу үшін және программалау үрдісінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілер көбінесе латын әріптері және цифрлар).


Мыс:

x=9, y01:=0.1, y02:=0.5, mektep:=’Уалиханов’

мұндағы: x, y01, y02, mektep шамалары идентификатор болып табылады.
2. Тілдің алфавиті.

Паскаль – тіл деп аталған соң оның кәдімгі тілдегідей өз алфавиті бар.

Барлық латын әріптері – A … z;

Сандар: 0...9, 2-лік, 16-лық; (16-лық санды шатастырмау үшін оның идентификаторына $ белгісі тіркеліп жазылады, $1F);

Арифметикалық амалдар: +, -, *, /

Бұларды біз математикадан білеміз. Паскалда бұлардан басқа мынадай да амалдар қолданылады:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет