Сабақтың тақырыбы: Газдың қысымы



жүктеу 42.37 Kb.
Дата07.04.2019
өлшемі42.37 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Газдың қысымы.

Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым.



Сабақтын мақсаты: 1) Білімділік: Оқушыларға газ қысымының ыдыс қабырғаларына түсіретін қысымы туралы және сұйықтын ыдыс түбіне түсіретін қысымы туралы түсінік беру.

2) Дамытушылық: сұрақ- жауап, дидактикалық ойындар, есептер, шығару жолдары арқылы логикалық қабілетін дамыту.

3) Тәрбиелік: Оқушыларды жылдам шешім қабылдауға, іскерлік пен нақтылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: Интерактивті тақта, сызба нұсқалар, электронды оқулықтар, дидактикалық материалдар.

Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, есеп шығару.

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Психологиялық дайындық .

Көзді жұмып жақсы нәрсе туралы ойландар. Барлықтарыңа және өзіңе- сәттілік, жақсы көңіл- күй тілеңдер. Көздеріңді ашып бір- бірлеріңе күле қараңдар.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

«Кім жылдам?». (Тест тапсырмалары.)
1. Күштің өлшем бірлігі.

А) м , Ә) кг Б) Н



2. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қайтадан қалпына келетін болса мұндай деформация қалай аталады.

А) пластикалық ә) серпімді.



3. Гук заңының формуласы

А) F= R• X ә) F= m • g б)



4. Жердің өзіне тарту күшін қалай атайды.

А) ауырлық күші ә) серпімділік күші б) үйкеліс күші



5. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш

А) ауырлық күші ә) серпімділік күші б) үйкеліс күші



6. Қысымның формуласын көрсет.

А) P= mg ә) F=Rx б)


7. Қысымның өлшем бірлігі

А) Н ә) см² б) Па


«Шығармашылық жұмыс»

1.Адам жұқа мұздан қалай өте алады.

(Адам өзінің денесінің салмағын үлкен ауданға түсіру үшін жұқа мұздан еңбектеп өтеді).



2. Футбол добын үрлеу барысында қандай заң орындалады?

(Паскаль заңы. Себебі үрлеген кезде ауаның бір бағытта берілетіне қарамастан, доп барлық бағытта біркелкі ұлғаяды, газға немесе сұйыққа түсірілетін қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. )



4.Жаңа сабақ баяндау

Оқушылар өткен сабақтан білесіңдер газдардың қатты денелер мен сұйықтардан өзгеше қандай қасиеттері бар?

Еңдеше газдардың қатты денелер мен сұықтардан айырмашылығы олар өздері тұрған ыдыстың көлемін түгел алып тұратынын білдік. Мысалы газ болат баллонда, волейбол доптардың камерасының т.б. ыдыстардың ішіне түгел жайылады. Сонда газ аз орналасқан ыдыстың қабырғасына қысым түсіреді. Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы газ молекулаларының соқтығысуынан пайда болады.

Мына тәжірибені қарастырайық (электрондық оқулық арқылы беріледі). Бұл тәжірибеден түсінгеніміз алғашқыда ауаның қозғалыстағы молекулалары шардың қабырғасын ішінен де, сыртынан да үздіксіз соққылайды. Қалпақтың ішіндегі ауаны сорып шығарғанда шардың айналасында молекулалар саны азаяды. Бірақ аузы байлаулы болғандықтан шардың ішіндегі молекулалар саны өзгермейді. Сондықтан шардың ішкі бетіне соқтығысатын молекулалар санынан көбірек болады. Сөйтіп резеңке қабырғасының серпімділік күші газдың қысым күшіне теңелгенше шар торсия береді. Бұдан шар қабығы керіліп, пішінделе түседі. Бұл газдың шар қабырғасына барлық бағытта бірдей қысым түсіретінін көрсетеді.

99,100 суреттерді интерактивті тақта арқылы көрсетіп, мынадай қортындыға келетіндігімізді айту.

1) Газдың массасы мен температурасын өзгертпей газдың көлемін кішірейтсек оның қысымы артады, ал көлемін ұлғайтса қысымы кемиді.

2) Газдың көлемін өзгертпей температурасын арттырса оның қысымы соғұрлым үлкен болады.

Бұл тәжірибеден мынадай қорытынды шығады:

Газ молекулалары ыдыс қабырғаларына неғұрлым жиірек соғылатын болса, соғұрлым газ қысымы арта түседі.

Газдарды сақтағанда және тасымалдағанда қатты сығылатындықтан олардың қысымы артады. Сондықтан газдарды өте берік болат балондардың ішінде ұстайды.

Біз енді сұйықтың өз ішінде де қысым болатынын қарастырайық.

Саңылауы бар цилиндр ыдыспен жасалған тәжірибені көрсету (электрондық оқулық).

Сұйық ең жоғарғы саңылаудан жақынға, ал ең төменгі саңылаудан неғұрлым алысқа шапшиды. Бұл құбылыстан түсінгеніміз сұйық қабаты неғұрлым төмен орналасса, онда ауырлық күші әрекетінен болатын қысым анағұрлым үлкен болады. Ал газдың да салмағы бар. Бірақ газдың тығыздығы сұйықтың тығыздығынан жүздеген есе кем. Сондықтан оның қысымын көп жағдайда елемеуге болады.

Енді ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымын қарастырайық.

F = p ; P= mg.

p=_P немесе p=_mg_

S S


m=P∙ V; p=_P∙S∙ hg_= Ph∙ g

V=S∙ h S
Ауырлық күші әрекет ететін сұйықтың қысымының ыдыс табаның ауданына тәуелді болмайды. Тек сұйық бағаның биіктігіне және оның тығыздығына тәуелді. Мысалы

сынап суға қарағанда ыдыс табанына 13,6 есе артық қысым түсіреді.
5. Бекіту.

А) Графикалық диктант. Сұрақтарға жауап бергенде дұрыс жауап ____ түзу сызық, қате жауап болса қисық сызық салады.

1. Қысымның барлық бағытта бірдей болуы газдарға тән қасиет.

2. Газдың массасы мен температурасын өзгертпей, газдың көлемін кішірейтсе оның қысымы артады.

3. Көлемін ұлғайтса қысымы артады.

4. Газ температурасы неғұрлым жоғары болса, оның қысымы үлкен болады.

5. сұйық ішіндегі қысым тереңдікке тәуелді.

Ә) «Дәлелдей біл».

1.Ыдыстың түбіне түсетін қысым аз болу үшін бір литрлік ыдыстағы сүтті шелекке құю керек пе,әлде бөтелкеге құю керек пе?

2. Екі ыдыс берілген, біреуінде су, екіншісінде керосин құйылған. Сұйықтардың деңгейі бірдей ыдыс табанына түсетін қысым бірдей ме?

(800< 1000)



Б) «Есептер сыры»

№ 2, 17 жаттығу.



шығарылуы :

h= 10900м P=Pg h

P=1030 кг| м³ P=1030∙10∙10900= 103*102*109*102 =11227*104Па

P

3. формуласы шығарылуы



h= 9м P=Pgh P=9∙10∙1030=92700Па

P=1030кг|м³



P-?

6. «Бағалау сәті».

Жақсы баға алып, алдыңғы қатардан көрінген оқушыларды шын жүректен құттықтаймын. Тек алға қойған мақсаттарына жете беріңдер.


7. Үйге тапсырма. §36,37. 17 жаттығу №1.
Каталог: uploads -> doc -> 0410
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0410 -> Балуан Шолаќ атындаѓы мектеп-лицей
0410 -> Мақсаты: Жыныс генетикасы, адам генетикасы және жыныс генетикасымен адам генетикасын зерттеу әдістеріне толық түсінік беру. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, зерттеулер жүргізу қабылеттерін дамыту. Окушыларды адамгершілікке
0410 -> Сабақтың тақырыбы: Санды 7-ге көбейту, бөлу. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет