Күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді әлеуметтік желіде белсенді. Ол марқұм қарындасы туралы естеліктермен жиі бөлісіп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлі күнге дейін марқұмның ағасы қарындасының қайғысынан ес жия алар емес. Жақында қарындасы туралы айтқан бейтаныс әйелдің хатын жариялады. Оған әйелдің күйеуі жазған.  

“Әйелім хабарландыру арқылы қарындасыңыздың үйін тазалауға барған. “Өте керемет жан” деді.  Жолына ақшасын төлеп, таксиге салып жібереді екен. “Жүрегі сондай аппақ болатын” деп отыр. Үйінде жолдасы да болған. Сол айтыпты: “Ақша төледің бе, аямай тексер. Ол – еден жуушының міндеті” депті. Әйелім сол сөзге ренжіп қалған. Ал қарындасыңыз ақшамен бірге азық-түлік беріп жіберіпті. Көп балалы ана екенін біледі екен. Жақсылығы көп дейді. “Адам деген темір емес, үйіңізге ертерек қайта беріңіз” деп қамқорлық та танытыпты. Әйеліме “көмек керек болса ұялмай хабарласа беріңіз” депті. Қарындасыңыздың қазасын естігенде әйелім қатты жылады. “”Мына қыздың үйін жақында барып тазалап кеттім. Менің “хозяйкам” деп қайғырды. Бірақ жолдасының оңбаған екенін көзбен көріп, құлағымен естіген ”, – деп хат жазған марқұмның ағасына. 

Еске салайық, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын жазған болатынбыз. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.