Сабақтың тақырыбы: Графтар теориясы, сәйкестік және қатыс элементтерін оқыту әдістемесі Сабақтың мақсаты



жүктеу 68.42 Kb.
Дата17.04.2019
өлшемі68.42 Kb.
түріСабақ

Калиева Салтанат Абужаровна,

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің жоғары санатты информатика пәнінің оқытушысы

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Пәні: Информатиканың теориялық негіздері және оқыту әдістемесі

Мамандығы: 0105000 - «Бастауыш білім беру»

Курс, тобы: 2, ИБ-21
Сабақтың тақырыбы: Графтар теориясы, сәйкестік және қатыс элементтерін оқыту

әдістемесі



Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Студенттерге графтар теориясы туралы түсінік беру және сәйкестік және қатыс элементтерімен таныстырып, тәжірибе кезінде қолдануға үйрету;

Дамытушылық: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін және

танымдық белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін арттыру, тәжірибе кезінде үй тапсырмасын әртүрлі тәсілмен тексеруге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Студенттерді компьютерлік сауаттылыққа, жауапкершілікке, бір – бірін тыңдауға, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Тренинг сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру

Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы, ақпараттық оқыту технологиясы,

деңгейлеп оқыту технологиясы



Сабақтың әдіс – тәсілдері: Жұптық және топтық жұмыс, диалог арқылы оқыту, «Жигсо» әдісі, зерттеушілік әңгіме, көршіңе әңгімелеп бер, интербелсенді әдіс, ойын түрлері, өзін – өзі бағалау

Пәнаралық байланыс: информатика, математика

Сабақтың көрнекілігі: ДК, проектор, интербелсенді тақта, cлайд, Prezi, үлестірме қағаздар,

бағалау парақшасы, жетондар (теңге арқылы), флипчарт, маркер



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру (3 мин)

«Түрлі – түсті қағаз» арқылы топқа бөлу

Студенттер қобдишаның ішінен (жасыл, қызыл, сары, көк) таңдайды.



Көңіл-күй симфониясы 

Топтар шаттық шеңберін жасап, бір – бірінің қолдарынан ұстап, табиғатпен байланыстырып көңіл – күйін білдіреді.

Әр топтан топ басшы топ мүшелерінің келісімімен тағайындалады. Топ басшысы қарсы топтың мүшелерін жетон (теңге арқылы бағалау) арқылы бағалап бағалау қағазын толтырып отырады.

Бағалау критерийлері:

«3» - 200 теңге

«4» - 500 теңге

«5» - 1000 теңге

(500 – 800 теңге жинағандар «3», 1000-1200 теңге жинағандар – «4», «1400-2000 теңге жинағандар –«5» бағаларымен бағаланады)

«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:


  1. Қызығушылықты ояту

    • Шығармашылық жұмыс

    • Кім жылдам? (Сәйкестендіру тесті)

  2. Мағынаны ашу

- «Жигсо» әдісі

  1. Ой толғаныс

    • Біліміңді шыңда (постер жасау және қорғау)

    • Тыңдап отырған үштік

    • Қалай ойлайсың?

    • SWOT талдау (Бастауыш сынып оқушыларына графтар теориясы, сәйкестік және қатыс элементтерін информатика сабағында үйретудің тиімді және тиімсіз тұстары)

Мұндағы


1 - бөлім бойынша студенттердің өткен тақырып бойынша білім деңгейін анықтау;

2 - бөлім бойынша жаңа ақпаратпен танысу;

3 - бөлім бойынша жаңа өтілген тақырып бойынша студенттердің жаңа үйренген білімді меңгергенін анықтау.

II. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)


    • Шығармашылық жұмыс

Әр топтың мүшесі үйден жасап келген жұмысын басқа студенттермен бірге талдайды.

III. Жаңа сабақ (15 мин)

«Мағынаны тани білу»

«ЖИГСО» әдісі (өзі оқи отырып, өзгені оқытады)

Графтар теориясы (ағылш. graph theory) — түйіндері нүктелер жиыны, ал түйіндердің жалғасуы (қабырға деп аталатын) парлы екі нүкте болып келетін тор түрінде бейнеленеді. Егер түйіндердің жалғасу реті айтарлықтай маңызды болса — бағытталған граф, әйтпесе бағытталмаған граф болады. Графтар информатикада кеңінен қолданылады, айталық, алгоритмдер схемасы немесе программалар бағытталған графтарға жатады.

Көптеген қолданбалы есептерде айналамызды қоршаған ортаның әртүрлі объектілер арасындағы байланыстар жүйесі зерттеледі. Объектілер төбелер деп аталып, нүктелер арқылы белгіленеді, ал төбелер арасындағы байланыстар доғалар деп аталып, сәйкес нүктелерді қосатын бағытталған түзулермен белгіленеді. Қала көшелерін граф арқылы кескіндеуге болады: көше қиылысуларын графтардың төбесі деп, ал көшелерді доғалар деп алуға болады;

Блок-схемаларды да граф түрінде кескіндеуге болады: блоктар — граф төбелері, ал операцияның орындалу кезегін көрсететін стрелкалар доғалар.

Бұтақ ұғымы сияқты граф ұғымы да алгоритм теориясының негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Граф нүктелері оның төбелері, ал төбелерін жалғайтын сызықтар граф қабырғалары деп аталады.

Екі жиынның элементтерінің арасындағы қандай да бір байланыс жиі қарастырылады. Осындай байланысты сәйкестік деп атайды. Мысалы, кесінділердің ұзындығын өлшегенде кесінді мен нақты сандардың арасында, жазықтықтағы нүктелер мен нақты сандар қосының арасында сәйкестік бар.

  Сынып оқушылары Арманға, Еділге, Қайратқа, Динаға, Талғатқа және Сәулеге: Сендер футбол, волейбол, жүзу, гимнастика және теннис сияқты спорт түрлерімен шұғылданасыңдар ма? деп сұрақ қойылған. Олардың жауаптары кестеге орналастырылды.



 

Футбол

Волейбол

Жүзу

Гимнастика

Теннис

Арман

 

 

 

 

 

Еділ

 

 

 

 

 

Қайрат

 

 

 

 

 

Дина

 

 

 

 

 

Талғат

 

 

 

 

 

Сәуле

 

 

 

 

 

Кестеден Арманның волейболмен және тенниспен шұғылданатынын, Динаның, Қайраттың, Еділдің волейболмен шұғылданатыны және Сәуленің жүзу және волейболмен шұғылданатыны, ал Талғаттың спорттың ешбір түріне қатыспайтындығы көрініп тұр. Сонымен қатар, сұралған оқушылардың арасында спорт түрінің ең әйгілісі волейбол екені, ал гимнастиканың оларды қызықтырмайтындығы да таблицада көрініп тұр.

Бұл мысалда екі жиын берілген: оқушылар аттарының жиыны және спорт түрлері аттарының жиыны. Бірінші жиынды Х, ал екінші жиынды У арқылы белгілейік. Сонда Х={Арман, Еділ, Қайрат, Дина, Талғат, Сәуле}, ал У={футбол, волейбол, жүзу, гимнастика, теннис} деп жазуға болады. «Спорттың қайсыбір түрімен шұғылдану» деген сөз арқылы осы екі жиын элементтерінің арасында қандай да бір байланыс тағайындалып отыр. Осындай байланыс математикада сәйкестік деп аталады. Кестеде бұл сәйкестілік штрихталған клеткалармен көрсетілген. Осы таблицадағы барлық клеткалардың жиыны Х және У жиындарының декарттық көбейтіндісі болатындығы белгілі. әрбір штрихталған клетка осы жиынға тиісті болғандықтан, штрихталған клеткалар жиыны декарттық көбейтінді Х´У жиынының ішкі жиыны болады. Сонымен, Х және У жиындарының арасындағы сәйкестікті біз үш жиынды пайдаланып тағайындадық: оқушылар аттарының Х жиыны, спорт түрлері аттарының У жиыны және Х´У декарттық көбейтіндінің ішкі жиыны.

Жиындар арасындағы сәйкестік ұғымы математикадағы негізгі ұғымдарының қатарына жатады. Олай болатын себебі: бұл ұғым математикадағы функция және бейнелеу сияқты аса маңызды ұғымдарды анықтаудың негізі болып табылады. Сонымен қатар арасындағы кез келген ғылымда объектілердің өздері ғана емес, олардың арасындағы байланыстар да зерттеледі.



IV Жаңа сабақты бекіту (13 мин)

Жаңа сабақты пысықтау мақсатында төмендегі бөлімдер бойынша студенттер тапсырмалар орындайды:



    • Біліміңді шыңда (постермен жұмыс және қорғау). Әр топ мүшелері постер жасап қорғайды.

    • «Тыңдап отырған үштік» ойыны

Тәжірибелік жұмысты жасау үшін топ басшысы топтан 2 мүшені қалауы бойынша таңдайды.

Бүгінгі өтілген тақырып бойынша бастауыш сынып оқушыларына тапсырма дайындап, қорғайды.



    • «Қалай ойлайсың?» ойыны

Қалған топтағы мүшелер өтілген тақырып бойынша берілген тапсырманы орындап, тақта тапсырмаларды орындайды.

    • SWOT - талдау (Бастауыш сынып оқушыларына графтар теориясы, сәйкестік және қатыс элементтерін информатика сабағында үйретудің тиімді және тиімсіз тұстары)




Рефлексия (Кері байланыс)

    • Қоржын (Меңгердім)

    • Ет тартқыш (Толықтай меңгермедім)

    • Себет (Үйренген жоқпын)

V Бағалау (2 мин)

Топ басшылары бағалау парағы бойынша студенттердің жинаған ұпайларын қосып, бағалау критерийіне сәйкес студенттердің бағасын анықтайды және қай топтың жеңіске жеткенін анықтайды.



VI. Үй тапсырмасы (2 мин)

Тапсырма студенттердің деңгейіне қарай беріледі:

1 – деңгей. Сөзжұмбақ құрастырып келу. Оқып келу;

2 - деңгей. Бүгінгі тақырыпқа сәйкес дидактикалық материал дайындау;



3 – деңгей. Сабақ жоспарын құру.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. К.З. Халықова «Информатиканы оқыту әдістемесі» Алматы, 2000 ж.

  2. Е.Қ. Балапанов «Ақпараттық мәдениет негіздері», Алматы, 2005 ж.

  3. Е.Ы.Бидайбеков «Информатикадан оқушылардың білімін бақылау, бағалау», Алматы, 2003 ж.



Каталог: uploads -> doc -> 103e
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
103e -> Оқушыларды кітап оқуға қалай үйретуге болады?
103e -> Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет