Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың типтері: қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу. Сілтеме



жүктеу 71.95 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі71.95 Kb.
түріСабақ




Мұғалімнің аты-жөні

Муханбетжанова Динара Акылбеккызы

Көкшетау қаласы

16 орта  мектебі



Сыныбы

8

12 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық реакциялардың типтері: қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу.



Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина. 8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 жыл.

Жалпы мақсаты

Химиялық реакцияларды реагенттер мен өнімдерге, олардың құрамындағы өзгерістерге қарап, төрт типке бөлетіні туралы түсінік алады. Қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу, реакцияларымен танысады.

Күтілетін нәтиже

Химиялық реакция типтерін, қосылу , айырылу, орынбасу, алмасу реакцияларының анықтамасын біледі, реакцияларын жазады.

Негізгі идеялар

Қосылу реакциясының нәтижесінде екі немесе одан да көп заттар бірігіп, жаңа күрделі бір затқа айналады. Айырылу реакциясының нәтижесінде бір күрделі зат ыдырап, бірнеше жаңа зат түзіледі.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, ЭО. Химия 8 сынып,



Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

БЛУМ таксономиясы негізінде құрылған сұрақтар, топтық жұмыс,


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары



Мұғалімнің іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

а)Оқушылармен амандасып,сыныптағы оқушыларды 4 топқа бөлу.

ә)Сынып құрамын түгелдеп, тақтаға күн ретін жазады.
ІІ.Кіріспе бөлім

Жұптық жұмысқа тапсырма береді.

1-ші тапсырма

Жай және күрделі затты анықта:

Н, Н2О , NаСІ , S , Fе




Жай зат

Күрделі зат


















2-ші тапсырма



Аталған элементтердің химиялық таңбасын жаз:


Элементтің атауы

Таңбасы

Валенттігі

Калий







Күміс







Темір







Мырыш







Натрий








3-ші тапсырма

Қосылыстағы элементтердің валенттігін анықта:
АІ2О3 , Н2О , МgO , CaO, HCL
Тапсырма:

  • Кластер құру

  • Топпен жұмыс

  • Сыныпта әрбір топ өз тақырыбын қорғау /3 мин/

Білу, түсіну- Химиялық реакция типтерін атаңдар.

Қолдану- Анықтама беріңде

Талдау- Химиялық реакция типтерінің теңдеулерін жазыңдар

Жинақтау- Химиялық реакция типтерін анықтайды.
ІІІ. Негізгі бөлім

Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады.

Жаңа ұғымдармен жұмыс жасалады.

Мәтінмен танысып шығады.

І-тапсырма: Мәтін топтарға бөлініп беріледі.

І-топ: Қосылу реакциясы

ІІ-топ: Айырылу реакциясы

ІІІ-топ: Орынбасу реакциясы

ІІ-тапсырма: Алмасу реакциясы.

Эксперименнттік бөлім.

Зертханалық тәжірибе №2 (2.1.2.2)

Оқушыларға реакция типтеріне байланысты тәжірибе көрсетіледі. Көрсетілген тәжірибе бойынша жұпта талқылап, қорытынды шығарады.



IV Сергіту сәті :
V Қорытынды бөлім

Оқушылардан қысқа тест алынады.

1.Айырылу реакциясы

A) K2O + SO3 K2SO4

B) AgNO3 + NaCl  AgCl + NaNO3

C) ZnSO3 + 2HCl  ZnCl2 + H2O +SO2

D) CuCl2 + Fe  Cu + Fe Cl2

E) MgCO3 MgO + CO2

2.Қосылу реакциясы

A) K2O + SO3  K2SO4

B) MgCO3 MgO + CO2

C) CuCl2 + Fe  Cu + FeCl2

D) AgNO3 + NaCl  AgCl + NaNO3

E) ZnSO3 + 2HCl  ZnCl2 + H2O + SO2

3.2HgO  2Hg+O2реакция типі

A) орын басу

B) бейтараптану

C) алмасу

D) айырылу

E) қосылу

4.Айырылу реакциясы:

A) 2KClO3  2KCl + 3O2

B) CuO + 2HCl  CuCl2 + H2O

C) 2H2 + O2  2H2O

D) Fe + CuCl2  Fe Cl2 + Cu

E) 2Na + 2HCl  2Na Cl + H2

5.Реакция типін анықтаңыз:

1) 2KClO3  2KCl + 3O2

2) 2H2 + O2  2H2O

A) 1-қосылу, 2-орынбасу

B) 1-айырылу, 2-қосылу

C) 1-алмасу, 2-қосылу

D) 1-айырылу, 2-алмасу

E) 1-айырылу, 2-орынбасу

Бағалау парағы:

Бағалау парағы


Оқушының аты-жөні

Жай және күрделі затты анықтауы
1 ұпай

Химиялық элеметтің таңбасын жаза білуі

2 ұпай


Қосылыстағы элеметтердің валенттілігін анықтай білуі

2 ұпай


Реакция теңдеулерін жаза білу–
3ұпай

Химиялық реакция теңдеулерін теңестіруі.


3ұпай

Реакция типін анықтай білуі.


3ұпай

Идея қосуы
1ұпай

Топ бағасы

Қорытынды баға

1.





























2.





























3.





























4.





























Кері байланыс:
Үйге тапсырма беру: Химиялық реакциялардың типтері: қосылу, айырылу, орынбасу, айрылу. 53 бет (5-10)

Оқушылардың іс-әрекеті

а)Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.

ә)Тақтадан күн ретін көшіріп алады.

Оқушылар берілген тапсырманы өз жұбымен біріге отырып орындайды.

Оқушыларға бағалау парағы таратылады.

Орындалған жұмысты дайын жауаптар арқылы тексеріп, өздерін бағалап отырады.

Оқушылар тақырып пен жаңа ұғымдарды жазып алады. Берілген мәтінмен таныса отырып, топ ішінде талқылайды. Талқыланған жұмысты топ атынан оқушы қорғайды.

Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Өзін-өзі бағалайды.



Сабақ рефлексиясын жазады.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет