Сабақтың тақырыбы: «информатикалық саяхат»



жүктеу 48.5 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі48.5 Kb.
түріСабақ

Жунусова Альбина Бахытовна

"Атбасар ауданы білім бөлімінің кешкі орта мектебі"ММ

информатика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «ИНФОРМАТИКАЛЫҚ САЯХАТ»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету; операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру. Дамытушылық: компьютерде тест тапсырмаларымен жұмыс жасау машықтарын қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуларына жағдай жасау.

Тәрбиелік: алған білімдерін жүйелі түрде қалыптастырып, пәнге қызығушылығын арттыру.

Құрал-жабдықтар: компьютер, презентация, тапсырмалары бар карточка, таратпа материал СИН бағдарламасымен құрылған тестік тапсырмалар, Excel-де жасалған сөзжұмбақтар, электронды оқулық.

Сабақ түрі: қайталау, жалпылау сабақ

Сабақ жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.

2. Сабақтың тақырыбын, жүргізу формасын және мақсатын хабарлау. Сабақ кіріспесі

3. Бекеттер бойынша жұмыстар

Билетке тапсырыс беру – «Тест тапсырмалары»

1. Бекет– «Программалық жабдықтама»

2. Бекет – «Компьютер құрылғылары»

3. Бекет – «Сөзжұмбақ»

4. Бекет - «Windows операциялық жүйесі» электронды оқулығымен жұмыс



4. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы. Бағалау.
Сабақтың барысы

  • Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.

Сынып бөлмесі мен оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақ басталмастан бұрын, үй жұмысын тексеріп алу.

2. Сабақтың тақырыбын, жүргізу формасын және мақсатын хабарлау.

Кіріспе

Сабақ ойын түрінде өтетінін және ойынның жүргізілу тәртібімен таныстыру. Сабақ соңында әр оқушының «Білім» қаласына қай вагонмен келгенімен бағаланатынын ескерту. Ол үшін алдымен билетке «тапсырыс береді»: оқушылар компьютерде Easy Qizzy бағдарламасымен құрылған тест тапсырмаларын орындайды. Білімдерін компьютер бағалайды. Алған бағалары бойынша поездың сәйкес вагонына орналасып, «Білім» қаласына аттанады.



«5» деген баға алған оқушы купе вагонымен;

«4» деген баға алған оқушы плацкарт вагонымен;

«3» деген баға алған оқушы жалпы вагонмен аттанады,

ал «2» деген баға алған оқушы «Білім» қаласына сапарға аттана алмайды.


Сонымен қатар әр бекеттегі тапсырмаларды орындау арқылы өз вагондарынан басқа вагондарға ауыса алады. Мысалы деңгейлік тапсырма дұрыс орындалса, жалпыдан→ плацкартқа; плацкарттан→купеге ауыса алады; ал дұрыс орындамаса өз вагонында қалады.
3. Бекеттер бойынша тапсырмалар орындау

  • Бекет– «Программалық жабдықтама»

Компьютер іске қосылған соң, ол жүктелгенге дейін біраз күту керек екенін білесіңдер. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.

Жүйелік ПЖ –ға мына программалар жатады:

Операциялық жүйе. Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады.

Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа-драйвер керек. Драйверді- құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады.

Утилиталар – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.

Қолданбалы программалық жабдықтама

Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар, фотографияларды қарау, Интернет желісіндегі жұмыс болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.

Программалау жүйелері

Жаңа программалар – олар операциялық жүйелер болсын немесе қосымшалар болсын, бәрібір – құру үшін, програмалаушыға арнайы программа керек. Ондай программаларды программалау жүйелері деп атайды.

Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.

Деңгейлік тапсырмалар:

А деңгей- жалпы вагондағы оқушыларға

Оқулықта 290 бет бар, әр бетте 37 жол бар, әр жолда 65 символ бар. Оқулықтың ақпараттық көлемі қанша байтты құрайды?



В деңгей- Плацкарттағы оқушыларға

Оқулықта 310 бет бар, әр бетте 41 жол бар, әр жолда 72 символ бар. Оқулықтың ақпараттық көлемі қанша Кбайт?



С деңгей- Купедегі оқушыларға

Оқулықта 250 бет бар, әр бетте 38 жол бар, әр жолда 55 символ бар. Оқулықтың ақпараттық көлемі қанша Мбайт? Оны көлемі 1,44 Мбайт дискіге сыйғызуға бола ма?



  • Бекет_–_«Компьютер_құрылғылары»'>Бекет – «Компьютер құрылғылары»

а) Топтастыру. Компьютер құрылғыларын енгізу және шығару құрылғылары бойынша топтастыру(флипчарт)

ә) Компьютерде жұмыс істеу. Мәтіндік редакторда төмендегі мәтінді теру:



Сергіту сәті. Жаттығулар жасау (музыканың сүйемелдеуімен)


  • Бекет – «Сөзжұмбақтар»

Excel программасында деңгейлік сөзжұмбақтар шешу

  • Бекет«Windows операциялық жүйесі» электронды оқулықпен жұмыс.

SinKaz электронды оқулығының 2 модулі бойынша жұмыс істеу



Сабақты қорытындылау.

Компьютерді программамен қамтамасыз ету деген не?

Операциялық жүйе жүктеуі қашан болады?

Программалық драйвер не үшін қажет?

Программалық утилитаға мысал келтір.

Сапар соңында «Білім» қаласына оқушылар қандай вагонмен келді, соған байланысты білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма.

Егер «Білім» қаласына:

Купе вагонымен келсеңіз:

«Қазіргі кездегі операциялық жүйе түрлері» тақырыбына баяндама дайындау



Плацкарт вагонымен келсеңіз:

Сөзжұмбақ құрастыру



Жалпы вагонымен келсеңіз:

«Windows операциялық жүйесі. Windows объектілері. Терезелер» тақырыбын қайталау



Рефлексия. Оқушылар шам жағу арқылы өз көңіл-күйлерін көрсетеді

Оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет