Сабақтың тақырыбы: Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы



жүктеу 51.59 Kb.
Дата01.10.2017
өлшемі51.59 Kb.
түріСабақ

«Бекітемін»

_____________ ______________

Мектеп директоры



  1. Сабақтың тақырыбы: Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы.



  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа қару мен жалпы әскери ұрыс жүргізу принциптерін түсіндіру.



  1. Уақыты: 45 минут.



  1. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.



  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.



  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • шетел мемлекеттеріндегі Қарулы Күштердің құрылуы туралы не білесіңдер?

  • тұрақты әскерлер қандай мемлекеттерде бірінші болып құрылды және оның атқаратын қызметтері қандай?

  • әскерлер хандық дәуірдің әр кезеңінде Қазақстанда қалай құрылып, іріктеліп жинақталғанын айтыңдар.

  • әскерлердің ұрыс мүмкіндіктерінің өсу деңгейі неге байланысты?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы.

ТД. Т. 2. с 1. Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы.

Тактика – бұл әскери өнердің құрамдас бөлігі. Ол адамдарға және қарулануға тығыз байланысты. Сондықтан соғыс жүргізу құралдарының өзгеруіне байланысты тактика да өзгеріп отырады.


Әскер жабдықталатын қару – жарақ неғұрлым жетілдірілген сайын, соғұрлым оның тактикаға ықпал етуі терең және жан - жақты болып келеді. Басқа жағынан алып қарағанда, ұрыс құралдары жаңарған сайын, оған деген тактика–техникалық талаптар да өседі.

Жаңа қарудың пайда болуы ұрыс сипатына өзгерістер енгізілуімен ерекшеленеді. Бірінші дүниежүзілік соғыста тез ататын және алысқа ататын артиллерияны, жаяу әскердің автоматты қаруын, автоматты – пулеметтерді, танк, авиация және басқа да ұрыс құралдарын пайдалану қазіргі жалпы әскери ұрыстың тактика элементтерінің пайда болуы мен дамуының себептері болып табылады. Дүниежүзілік екі соғыстың тәжірибесі ұрыстар мен операцияларды қару мен ұрыс техникасының өсу мүмкіндіктеріне талдау жасау, өмірдің талдау ерекшелігі мен оны жаппай ендіру негізінде тактиканың, әскери өнердің ескі қағидаларын батыл жойып, ұрыс әрекеттерін жүргізудің жаңа тәсілдерін жасаған жақтың табысқа жететіндігіне әбден көз жеткізді. Дүниежүзілік екі соғыс танк әскерлері, әскери әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері тактикасының пайда болуы мен дамуына себепті болды.

Ұрыстың жаңа құралдарының пайда болуына байланысты артиллерия мен авиация әрекетінің тактикасы да өзгерді. Олар дивизия, батареядан атыс жүргізудің дәстүрлі әдісінен басқа тапсырманы взвод және жеке қарудан атыс жүргізе отырып орындайды, ал авиация жаппай және шоғырланған соққылармен қатар жеке ұшақтармен немесе шағын топтармен соққы бере алады.

Ұрыс әрекеттерін орындау кезінде бүркенішке, жеке құрамның жергілікті жердің қорғаныш қасиеттері мен ұрыстық техниканың ебін тауып пайдалануға деген талаптар өсті. Түнде және көрінуі шектеулі жағдайларда ұрыс әрекеттерінің рөлі арта түсті.

Ұрысты ұйымдастыру кзінде бөлімшелерді мүмкін болатын соққылардан дер кезінде шығару, әскер мен басқару пункттерінің ұрысқа қабілеттілігін тез арада қалпына келтіру және беріктігін арттыру, қарсыластың атыс соққысының зардаптарын жою шаралары мұхият ойластыра жасалады. Тактиканың одан ары даму бағытын анықтау үшін жаңа атыс құралдарының алысқа атуының ұлғайуын есепке алу керек.

Бірқатар дамыған мемлекеттер армиясын жабдықтауда жаңа, дәлдігі жоғары өздігінен бағытталатын және басқарылатын ұрыстық жүйелермен толықтырылды. Олардың жою құралдары автоматтандырылған жүйелер базасындағы барлау құралдарымен байланысты. Мысалы, АҚШ және НАТО армияларындағы соққы беру -– барлау кешендерінің, «Ассолт брейкер» және т.б. лазер, инфрақызыл сәулелену немесе радио оқ - дәрілер көмегімен өздігінен бағытталатын кешендердің, лазерлі қашықтық өлшегіштердің «Такфайр» (АҚШ), «Фальке» (ГФР) типті артиллерия атысын автоматты басқару жүйесінің зертеулері нысананы жою дәлдігін 8-10 рет арттыруға, атыс тапсырмасын орындау уақытын 10-15 рет қысқартуға жағдай жасады. Осының нәтижесінде, әскерлер нысананы қысқа мерзімде тауып қана қоймай, оны бірнеше минут ішінде жоғары сенімділікпен жоя алады.

Қазіргі кезде НАТО армияларында түрлі радиоэлектронды, оптика-электронды, инфрақызыл, лазерлі және т.б. жүйелерді даярлауға және оларды ұрыста қолдануға аса зор көңіл бөлінуде. Мысалы, АҚШ армиясында қарсыластың басқару жүйелері жұмысын бұзу жолында радиоэлектронды басымдылықты жеңіп алу жолында, радиоэлектронды күресті тактикалық буында өткізу шаралары жүргізіледі.

Сауытталған ұрыс техникасымен қатар шет мемлекеттер армиясының құрамалары әскерге жерде ғана емес, әуеде де белсенді ұрыс жүргізе алатын әр түрлі мақсаттағы тік ұшақтармен жабдықталған.

Жаңа қарумен ұрыс жүргізу тактикасының артықшылығы – жою күшінің жоғары дәлдігі, олардың шапшаң әрекет етуі, алысқа атумен бірге олардың оқ-дәрілер қуатының ұлғайтылуы.

Егер Екінші дүнйежүзілік соғыс кезеңінде қарсылас дивизиясының екінші эшелонына дүркін-дүркін ғана әсер ете алған болса, ал қазіргі кезде қарсыластың ұрыстық тізілу элементтерін жаппай нақты атыспен үздіксіз ұстап тұруға мүмкіндік бар. Өйткені тікүшақтардың әрекет ету радиусы мол және олар жақсы бүркемеленген нысаналарды тез табуға, жоғары сенімділікпен оларды жоюға қабілетті. Олардың маневр жасауы жинақылықпен, кенеттілікпен, «Әуе-Әуе», «Әуе-Жер» класты басқармалы және басқарылмайтын ракеталарды, зеңбірек-пулемет қару-жарақтарын, бомбалар мен миналарды тиімді қолдануына негізделеді.

Қазіргі жағдайда бір уақытта атыспен әсер ету тереңдігі 300км-ден астам болады. Бұл кезде алысқа ататын артиллерияны – 40км-ге дейін, жорық жасайтын тікұшақтар топтарын 50-60км-ге дейін, оперативтік-тактикалық ракеталарды-200км-ге дейін, тактикалық авиацияны 300км-ге дейін пайдалану жоспарланады. Бұл көрсеткіштер қарсылас атысымен тек қана бірінші эшелон емес, екінші эшелонды, резервтерді, ракеталық әскерлер мен артиллерия топтасуын, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін, басқару пункттері мен тыл объектілерін жою қаупі ұлғаятынын көрсетеді. Осыған байланысты ұрысты дайындауға және оның барысында жауынгерлік күшті сақтауға, әуе шабуылына қарсы қорғанысты ұйымдастыруға мұхият көңіл бөлу талап етіледі.

Жаңа қарудың пайда болумен байланысты командирлер мен штабтардың ұрысқа дайындық және оны жүргізудегі жұмыс мазмұны түбегейлі өзгерді. Олардан қарсыласты талқандаудың, оны атыспен жоюдың, ұрыс тәртібін құрудың, бөлімшелер мен бөлімдерге ұрыс міндеттерін айқындаудың және т. б. ұйымдастырудың неғұрлым тиімді стандартқа сай емес, жаңа тәсілдерін іздестіру талап етіледі.

Мұның бәрі қазіргі кезде өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтары бар жалпыәскери ұрыстың жаңа тактикасы туып, дамып келе жатқанын көрсетеді.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:


  • ұрыс жүргізу тактикасының дамуына жаңа қарудың әсер етуі туралы айтыңдар.

  • шетел мемлекеттерінде қазіргі қарудың қандай түрлері бар.

  • жаңа қарумен ұрыс жүргізу тактикасының жаңа формаларының артықшылығын түсіндіріңдер.

Бастапқы әскери даярлық пәнінің



ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет