Сабақтың тақырыбы Жай бөлшектерді қосу және азайту Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



жүктеу 130.54 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі130.54 Kb.
түріСабақ


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.2 A Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Мектеп: Приозерск қаласы, №1 ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Болат Айымгүл Қуатқызы

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жай бөлшектерді қосу және азайту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.2.17 бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

5.1.2.18 бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;



Сабақтың мақсаты

Барлығы: бөлімдері бірдей және бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу мен азайтуды орындау;

Көпшілігі: бөлімдері бірдей, бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу мен азайтудың қасиеттерін қолдана отырып, есептер шығару;

Кейбіреуі: жай бөлшектерді қосу және азайтудың қасиеттерін қолданып мәтінді есептерді шығару

Бағалау критерийі

Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосындысын табады.

Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтады.

Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосып, азайта біледі.


Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер.

Жай бөлшек, бөлімдері бірдей, бөлімдері әртүрлі бөлшектер, қосу амалы, азайту амалы, бөлшек, ЕКОЕ

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

 түріндегі санды ... деп атайды.

Бөлшек сызығын ... белгісі деп түсіну керек.



ЕКОК дегеніміз…( ЕКОЕ деп осы сандарға еселік болатын ең кіші натурал санды айтады)

Бөлімдері бірдей екі бөлшекті қосу(азайту) үшін, … керек.

Бөлімдері әртүрлі бөлшекті қосу(азайту) үшін, … керек.

Құндылықтарға баулу


Жай бөлшектер туралы алған білімдерін тереңдете отырып, топпен жұмыс барысында төзімділікке, ұқыптылыққа, өзара бағалауға машықтану.

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығы бойынша өз бетімен жұмыс істей алатын, отбасылық құндылықты түсіне алатын, өмір сапасын тұрақты жақсартуға әрекет ете алатын тұлға қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Биология-физика

Алдыңғы білім


Оқушылар жай бөлшек, жай бөлшектің негізгі қасиетін, ЕКОЕ, дұрыс және бұрыс бөлшектерді біледі.



Сабақтың жоспарланған

кезеңдері



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ басы

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

Оқушылармен сәлемдесіп, бүгінгі көңіл күйлеріне ауызша түрде сұрап кету.



Топқа бөлу (1минут)

«Қосу», «Азайту», «Көбейту», «Бөлу»

Оқушылардың топқа бөлінулерін қадағалайды.

Жұппен жұмыс (2 минут)

«Ширату сұрақтары»

Күнделікті өмірде кездесетін бөлшектерге мысал келтіру?



Оқушылар амандасады.

Бүгінгі көңіл күйлерін айтып шығады.

«Қосу», «Азайту», «Көбейту», «Бөлу» амалдарын таңдау арқылы топқа бөлінеді.
Оқушылар алманы тең екі бөлікке бөлу, тортты тең 6 бөлікке бөлу деген сияқты өз пікірлерін ортаға салады.





Жарайсыңдар!


«Қосу»

«Азайту»


«Көбейту»

«Бөлу»


топ аттары

Смайликтер





Сабақтың ортасы

35 минут


Топтық жұмыс (5минут)

«Орамал тастау»

Нұсқау: Әр топтан 2 оқушы бір-біріне қарама-қарсы тұрып, бір-біріне орамал тастау арқылы сұрақтар қояды. Сұраққа жауап берген оқушы келесі оқушыға сұрақ қояды. Осылай сұрақтар жалғаса береді.

*Бөлшек дегеніміз не?


*Жай бөлшек деген не?

*ЕКОЕ дегеніміз не?




Топпен жұмыс (10минут)

«Ойлан, жұптас, талқыла»

Нұсқау: топтарға жаңа тақырыпты бір оқып шығып, өз түсінгенін постерге түсіру тапсырылады.

«Қосу, азайту» топтары бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу мен азайтуды қорғау тапсырылады.

«Көбейту, бөлу» топтары бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу мен азайтуды қорғау тапсырылады.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.

Жұптық жұмыс (20 минут)
421-423

№1 Бөлшектерді қосуды және азайтуды орындаңдар:



1 топ 1) 2)

1)

2 топ 4) 3)



4)

3 топ 5) 2)



5)

4 топ 6) 3)

6)

Дескриптор:

Ортақ бөлімге келтіре алады

1

Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосады

1

Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтады.

1

Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосады.

1

Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді азайтады.

1

Амалдардың орындалу реттілігін біледі

1

№2 Бәліштің 3/10 бөлігіне 7/10 бөлігін қоссақ, қандай бөлігі шығады?

Дескриптор:

Шартын құра біледі

1

Бөлшектерді салыстыра алады

1

Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосындысын таба алады.

1

№3 Бақшадағы гүлдердің 2/7 бөлігі раушан гүлі, қалампыр гүлінің одан 1/7 бөлігі артық. Қалампыр гүлі бақшадағы гүлдердің қандай бөлігін құрайды.

Шартын құра біледі

1

Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосaды

1

Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтады

1

4) Анам әр түрлі бәліш дайындады.

Етпен 10 дана,

Сүзбемен 12 дана,

повидломен 9 дана.

Барлық бәліштің қанша бөлігі



*етпен

*сүзбемен

*повидломен дайындалған?

Қалыптастырушы бағалау: Жалаушалар арқылы

5) Бірінші күні жолдың 1/7 –і, екінші күні 2/7-і асфальтталды. Жолдың қандай бөлігі асфальтталмаған.

Дескриптор:

-есептің шартын құрады;

-бөлімдері бірдей бөлшектерді қосады;

-натурал санды бөлшек түрінде жазады;

-бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтады.



Оқушылар өткен тақырыптар бойынша бір біріне сұрақтар қояды.

*Бөлшек сызығын бөлу белгісі деп түсіну керек.



 түріндегі санды жай бөлшек деп атайды.

*ЕКОЕ деп осы сандарға еселік болатын ең кіші натурал санды айтады.

Оқушылар оқулықтан өздері оқып, түсінгенін топпен ақылдаса отырып, постерге түсіреді.

«Қосу, азайту» топтары бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу мен азайтуды қорғайды және бірін бірі толықтырып отырады.

«Көбейту, бөлу» топтары бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу мен азайтуды қорғайды.

Егер пікірімен толық келіссе, жасыл түсті, орташа келіссе сары, мүлдем келіспесе қызық түсті көтереді.




1)

2топ





4)

3 топ 5)
2)

5)

4топ 6)

3)



6)

Оқушылар есептерді жұп болып тексеріп, дескриптормен бағалайды.

Жауабы:  бөлігі шығады

Оқушылар дескриптормен бағалайды.

Раушан гүлі -2/7

қал-р гүлі 1/7 бөлігі артық.

Бақшадағы гүлдердің қандай бөлігі-?

Ш:


Жауабы: Қалампыр бақшадағы гүлдердің 5/7 бөлігін құрайды.

Оқушылар сағат тілі бағытында бірін бірін тексеріп, дескриптор бойынша бағалайды.
Етпен 10 дана,

Сүзбемен 12 дана,

Повидломен 9 дана

Ш: 10/31 бөлігі етпен

12/31 бөлігі сүзбемен

9/31 бөлігі повидламен







Жауабы: 4/7-бөлігі асфальтталмаған







Стақандар

Орамал

Ватман


маркер

Әбілқасымова оқулығы,

«Мектеп» баспасы 2017ж


Сабақтың соңы

(5мин )



Топтық жұмыс (3минут)

«Жұмыс столы»

Шарты: Оқушылар тақырып бойынша стикерге сұрақтар жазып, қарсы топқаң партасына жабыстырады. Қарсы топ сол сұраққа жауап беруі керек екенін айтады.

Мысалы:


1.Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу үшін, … керек.

2. Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту үшін, … керек.

3.Бөлімдері әртүрлі бөлшекті қосу үшін, … керек.

4. Бөлімдері әртүрлі бөлшекті азайту үшін, … керек.
Кері байланыс: (2 минут)

«Тазалық»

Мақсаты: сабақтан алған әсерді анықтау.



Чемодан сабақ бойыынша қажет ақпарат

Қоқыс жәшігі қажеті жоқ ақпарат

Ет тартқыш әлі де толықтыруы қажет ақпарат

Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын түйіндейді.

Үй тапсырмасы беріледі

421-423



Топтар бір-біріне сұрақтар қояды.
Бөлімдері бірдей бөлшектердің қосындысы алымы бөлшектердің алымдарының қосындысына, ал бөлімі өзгеріссіз қалдырылған бөлшекке тең болады.

Оқушылар топ өз ойларын жазады

Үй тапсырмасын жазып алады


Формативті бағалау:

Жарайсыңдар

Рахмет сен сұраққа жақсы жауап бердің?

Жарайсыңдар!








Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ барысында қолданылатын «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі оқушылардың жас ерекшелігі мен қабілеттерін ескере отырып алынады. «Жұппен жұмыс» әдісі оқушылардың қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.

Кері байланыс «Тазалық» әдісі арқылы оқушылардың бүгінгі тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау және сыныптың қанша оқушысы жаңа сабақты неше пайызға меңгергенін ескере отырып, келесі сабақта басшылыққа алу

Тірек мүшелерін бірқалыпты ұстау, топпен жұмыста оқушының дұпыс отыруы







Каталог: uploads -> 2017 -> post10
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г
post10 -> Әдістемелік баяндама Тақырыбы: «Компьютерлік желілер туралы түсінік, оның тағайындалуы»
post10 -> «Қант және оның пайдасы мен зияны» Дайындаған: ТҰ-43 топ студенті : Жамбыл д жетекшісі арнайы пән оқытушы: Закираева Р. Шардара
post10 -> Бастауыш сыныптарда информатиканың элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі
post10 -> Балтасап негізгі мектебінің бастауыш сыныптары бойынша аналар мерекесіне арналған танымды да тәр
post10 -> Баяндама:"Балабақшада ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы " Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде
post10 -> Кіріспе I. Теориялық бөлім
post10 -> Жубаниязова Гульнара Камановна


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет