Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық»



жүктеу 48.87 Kb.
Дата24.04.2019
өлшемі48.87 Kb.
түріСабақ

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы

М.Мирманова атындағы ЖББОМ.
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі. Ұйымдастырушы педагог.
Кайрлиева Айнагуль Жаксыгуловна
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық» өлеңдері

Сабақтың мақсаты: А) Білімділік - Оқушылардың алдыңғы сабақта алған Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейте отырып, «Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық» өлеңдерінің мәтінімен таныстыру арқылы тақырыбы мен негізгі ойын ашу, сатылай кешенді талдау жасату.

Ә) Дамытушылық – Оқушылардың көркем ойлау, жүйелі сөйлеу дағдыларын, өзіндік пікірлерін қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.

Б) Тәрбиелік – Ақынның өлеңдері арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа, елінің нағыз патриоты болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Жамбылдың өлеңдерімен таныса отырып, жыршының Отансүйгіштік, достық, бауырмалдық қасиеттерінен сабақ алады. Поэзиялық шығармаларды жан – жақты талдай біледі. Ұлыларды дәріптеп үйренеді. Ұлттық құндылықтарымызға деген құрмет сезімі артады.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтық жұмыс,сұрақ-жауап,өлеңді сатылай кешенді талдау, хронологиялық кесте,мәнерлеп оқу, СТО тәсілдері.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, орыс тілі, тарих, география.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, бейнебаян, кеспе қағаздар,

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқушыларды түгендеу

  • Гүлдер арқылы топқа бөлу( қызғалдақтар, түймедақтар, раушан гүлдер)

  • Топқа бұлай бөлуімнің себебі неде деп ойлайсыздар?

  • Ұлдар қыздарды мерекемен құттықтап, қолымыздағы гүлдерімізді ұсынайық, ал қонақтарға мына гүлдерді сыйлайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Сандар сөйлейді»

1846 жылы ақпан - Жамбыл дүниеге келді.

13 жас – ақын болуға бел байлайды.

14- 15 жас - Сүйінбайдан бата алады.

17- 18 жас – айтысқа түсе бастайды.

20 жас – Жаныс ақынмен айтысып, жеңеді

15 күн, 30 түн – «Көрұғлы» дастанын жырлаған.

1001 түн – Жамбыл жырлаған дастан

1916 жыл - Жамбыл көтеріліске қатысады, «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» , «Халық кегі» өлеңдерін жазды

3000 – Отан қорғау тақырыбындағы жырларының көлемі осындай жолдан асады.

1945 жыл – дүниеден озды.
«Сөздер сөйлейді»

Ұлдан, Жапа – ата - анасы

Екей – руы, елі

Сүйінбай – ұстазы

«Шағым» - ақындық атын шығарған алғашқы өлеңі

«Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» - өзінің дастандары

«Шахнаме», «1001 түн», «Көрұғлы» - жырлаған дастандары

«Кәдірбайдың төбеті» - Абай дәстүрімен жазған сатиралық өлеңі

«Зілді бұйрық» - 1916 жылғы июнь жарлығы туралы өлеңі

«Алғадай туралы ой» - баласы туралы жоқтау өлең

«Менің өмірім», «Замана ағымы» , «Туған елім» - өмір туралы түйгендерін жазған толғаулары
Қызығушылықты ояту.


  • Балалар, экранға назар аударайық(Соғыс туралы бейнекөрініс көрсетіледі)

  • Қане, кімнің ойына қандай сөздер келді, миға шабуыл жасайық.

  • Ендеше, өткен сабағымызда Жамбылдың өмірі, жалпы шығармашылығы туралы айттық, ал бүгінгі сабақта не туралы айтамыз, Жамбылмен қалай байланыстыруға болады деп ойлайсыңдар?

  • Жамбыл осы тақырыпқа қалам тербеді ме? Қандай өлеңдерін білеміз?

  • Жақсы, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ж. Жабаев «Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық» өлеңдері

ІІІ.Жаңа сабақ. Мағынаны тану.

Экраннан бейнебаянды көрсету, аудиожазбаны тыңдату.



  • Бұл тұста Жамбыл ақын жауға қаламмен қарсы шығып, «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті», «Ленинградтық өренім!», «Москваға», «Аттан, батыр, ұрпағым», «Кеңес гвардеецтеріне», «Кеңес жауынгерлеріне», «Майданға хат», «Сыйлық», «Тырналар қайтты көріңдер», «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат», «Воронеж батырларына», «Ленин өреніне», «Қамал бұзған қаһарман», сынды әрбір өлеңін жауға оқ етіп жаудырды. Өмір мен өлім белдескен шақта ақын қуатты жырларымен кеңес жауынгерлеріне жігер берді. Оның жырлары жыл құсындай болып майданға аттанды. Жауынгерлерге Ленинград, Москва, Сталинград сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген ақын жырларында өршілдік рух басым. Кеңес жауынгерлеріне қайратына қайрат, жігеріне жігер қосқан өлеңдерінің ішінен «Ленинградтық өренімді» ерекше атауға болады:


Топтық жұмыстар: 1. «Ленинградтық өренім» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасау( үлгі бойынша).

    1. Географиялық атауларға түсінік беру

    2. 1 шумағын өлең құрылысына талдау

    3. 1- 2 шумағын жаттап айтып беру

2. «Ата жаумен айқастық» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасау( үлгі бойынша).

2.1. 1 шумағын өлең құрылысына талдау

2.2.1- 2 шумағын жаттап айтып беру
3. «Ленинградтық өренім» өлеңінің жазылу тарихы туралы, тарихи сипаты

Сұрақтар бойынша жұмыс істеу.


1. Бұл өлең қай жылы жазылған?
2. Оны кімге арнады?
3. Бұл өлең жауынгерлерге не берді?
4. Ленинградты немен теңейді?
5. Ақынның жауға деген ыза-кегі өлеңнің қай жолдарынан көрінеді?
6. Орысша аудармасын мәнерлеп оқып беріңіз

« Бес жолды өлең»
Соғыс бейбітшілік Жамбыл
1.Зат есім Жамбыл

2.Сын есім - атақты, мәшһүр

3.Етістік - айтысқан, өлең жазған, жырлаған

4. Жамбыл – жүз жасаған бәйтерек.

5. Синоним – ақын


Шығармашылық тапсырма.1. «Жамбыл - менің жай атым,

Халық – менің шын атым....» Өлең құрастыру

2.« Жүз жыл жырлаған жүрек » эссе

3. Жамбылдың екі өлеңінің мазмұны бойынша сурет салу




  • Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімізден кімдерді білеміз?

  • Өздеріңіздің аталарыңыздан қатысқан кімдер бар?

Толғаныс.

«Бұл кісінің жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» деген екен С.Сейфуллин. . Сондықтан біз оның өмірін, жырларын білуіміз керек.


  • Шығармашылығы екі ғасырды қамтып жатқан ұлы жырау туралы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның бас себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз»,- деп сабағымызды аяқтаймыз.

IV. Үйге тапсырма Жамбылдың екі өлеңінің таңдаған біреуін жаттау;

Жамбыл туралы айтылған пікірлерден кітапша жасау;



«Жамбыл атаға хат»

V. Бағалау .

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет