Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне ескерту келіп түскен. Іледен 164 км, Қапшағай су электр стансасынан жоғары гидрологиялық постта мұз жиналуының нәтижесінде су деңгейі күрт көтерілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: advantour.com

21 ақпан күні таңғы сағат 8:00-де су деңгейі – 462 см, қыста су деңгейі 500 см болды.

  • Қазақстанның 10 өңірінде су тасу қаупі төніп тұр
  • Жылына 100 миллион текше метр: Қазақстанда көлік жууға және моншаға қанша су кететіні есептелді

Іле өзенінің сағасынан судың тасу мүмкіндігін бағалау үшін жедел топ жіберілді. Елді мекендерге қауіп төнгені анықталса, шаралар қабылданады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.