Сабақтың тақырыбы: Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлану



жүктеу 45.24 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі45.24 Kb.
түріСабақ
    Навигация по данной странице:
  • Уақыты

«Бекітемін»

______________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлану

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға топографиялық карта бойынша жергілікті жерде бағдарлану туралы жалпы мағлұмат беру

  3. Уақыты: 45 мин.

  4. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.

  5. Өткізілетін күні:

  6. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, карта.

  7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 8 мин.

-Топографиялық шартты белгілер дегеніміз не?

-Шартты белгілер қалай бөлінеді?

-Картаны оқи білу дегенді қалай түсінесіңдер?

-Карталар қандай биіктік жүйесінде жасалады?

- Абсолютті биіктік пен шөгінділер дегеніміз не?


б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлану

Қазіргі жағдайда жергілікті жерде бағдарланудың негізгі түрі топографиялық карта бойынша бағдарлану болып табылады. Карта бойынша бағдарлану — картада бағдарланудан, ондағы тұру нүктесіне берілетін анық-тамадан жөне картаны жергілікті жермен салыстырудан тұрады.



Картаны багдарлау — оны горизонталь тегістік қалпына келтіріп, ондағы бағыттар жергілікті жердегі тиісті багыттарға параллель болатындай ету. Мұндай жағдайда карта жақтауының жоғарғы жағы — солтүстікке, ал төменгі жағы—оңтүстікке, оң жағы—шығыска, сол жағы—батыска бағытталады. Картаның бағдарлануы жуықтап, көзбен, сызғышпен немесе компастың көмегімен дөл орындалуы мүмкін.

Жуықтап багдарлану ушін белгілі тұру нүктесінен картада бейнеленген қоршаған жақын бағдарларға ойша жүргізілген бағыттар жергілікті жердегі осы заттардағы бағыттармен шамамен сөйкес келетіндей етіп картаны бұрса жеткілікті.

Картаны шамамен горизонт жагына қараган багытпен бағдарлайды. Алдын ала горизонт жағын анықтайды, сосын картаның жоғарғы жактауы — солтүстікке, ал он, төменгі жөне сол жақтауын — шығыска, оңтүстікке жөне батыска карайтындай етіп етіп бұрады.

Картаны жергілікті жер сызығы, бағдар мен компас бағыты бойынша негұрлым толық бағдарлауға болады.



Картаны жергілікті жер сызыгы бойынша багдарлау картада бейнеленген түзу сызыкты жергілікті заттар (жолдар, жыралар, байланыс желілері) болған жағдайда қолданылады. Жергілікті жердің қандай да бір сызығында тұрып, картадағы сызықты зат бейнесінін бағыты оның жергілікті жердегі бағьпымен сөйкес келетіндей, ал оның сол не оң жағындағы баска нысандардың бейнесі картаның да сондай жағында болатындай етіп картаны бұру керек.

Егер тұру нүктесі белгілі және картада бейнеленген бағдарлар болса және ол тұру нүктесінен көрініп тұрса, онда картаны сол багыты, бойынша бағдарлайды. Сызғышты картадағы жүру нүктесіне қойып, кандай да бір көрінетін бағдармен сызғыш бойын нысаналап (визируя), таңдалған бағдар нысаналанған сызықтың бойында болатындай етіп картамен бірге бүрады. Нысаналау кезінде сызғыштың соңын өзіне каратып, картада бағдарға карап тұратындай етіп ұстайды.



Өзінің туру нүктесі картада бейнеленген бедерге тән формалар мен бөліктер бойынша темендегі тәсілдердің бірімен: көзбен жуыктап бағдарлау, жүрілген кашықтыкты өлшеу, бағдар бойынша белгіленген таңбалар аныкталады.

Жақын багдар бойынша тұру нүктесін анықтау үшін картаға қарап, ондағы және жергілікті жердегі екі-үш жакын жергілікті заттар мен бедер элементтерін тану керек.

Сосын танылған бағдарға, оған дейінгі бағытқа, сондай-ак олардың өзара орналасуына дейінгі "көзбен" өлшеп анықталған кашықтықты картадағы тұру нүктесінің масштабын ескере отырьш белгілеу керек.

Тұру нүктесін журіп өткен қашықтықты өлшеу арқылы аныктауда бұл кашыктыкты картадағы дәл танылған жергілікті жер нүктесінен бастап өлшеу керек және оны карта масштабындағы козғалыс бағытына қою керек.

Багдар бойынша белгіленген таңбалар өдісінің мәні мынада: бағдарланған картада сызғышпен екі-үш жергілікті затқа белгі койылып, одан бағыттар жүргізіледі; бұл сызықтардың қиылысы тұру орны болып шығады. Мұнда багдарлардың дәл танылуы, ал сызғыш шегі оның картадағы бейнесінің дәл ортасынан өтуі маңызды.

Картаны жергілікті жермен салыстыру жергіпікті заттар мен бедер элементтерінің тұру нүктесінің айналасында орналасқандардың бәрін тауып, сондай-ак картада көрсетілген жергілікті жер нысандарын тану болып есептеледі.

Картада бейнеленген затты табу үшін картаға карап, ондағы езінің тұру орнын анықтау керек. Карта бағдарын өзгертпей бетін затқа қаратьш тұрады да, жергілікті жерден оған дейінгі қашықтыкты көзбен бағалап, ойша карта масштабындағы бұл кашықтыкты өзінің тұру нүктесінен зат бағытына карай кояды. Қойылған кашықтықтан көрінетін жергілікті заттың картадағы бейнесін табу керек.

Картада бейнеленген жергілікті жердегі затты табу картаға қарап, ондағы өзінің тұру орнын аныктағаннан кейін орындалады. Картада бағдарланған жағдайда түру нүктесінің жергілікті затка бағытын табады (сызғышты картадағы түру нүктесіне жөне заттың шартты белгісіне кою арқылы табуға да болады), бұл бағытка картада өлшенген нүктелер арасындағы қашықтыкты апарып, жергілікті жердегі затты іздестіреді.
в) Қорытынды бөлім – 9 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар
- Картамен бағдарлану дегенді қалай түсінесіңдер?

- Картамен бағдарланудың қандай түрлерін білесіңдер?

- Карта жергілікті жермен қандай мақсатта салыстырылады?

- Картадағы зат бейнесін табу үшін не істеу керек?



- Жергілікті жердегі затты карта бойынша қалай іздестіреді?
Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет