Сабақтың тақырыбы: «Жеті атасын білмеген жетесіз»



жүктеу 35.82 Kb.
Дата15.05.2019
өлшемі35.82 Kb.
түріСабақ

Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі


Сыныптан тыс шара

Тақырыбы:



«Жеті атасын білмеген – жетесіз»

(7сынып)


2018- оқу жылы,

Сабақтың тақырыбы: «Жеті атасын білмеген – жетесіз»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жеті ата туралы білім беру.Тақырып бойынша оқушылардың ой – пікірлерін еркін айтуын, ойлауын, тіл байлығын дамыту.

Әр оқушыға өздерінің жеті атасын біліп жүруге тәрбиелеу.



Сабақтың әдісі: «ББҮ» кестесі, сұрақ – жауап, ойындар, сәйкестендіру, түсіндіру

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Қолданылатын құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: Тақырыптың аты

және жеті атаның таралуы туралы жазылған плакаттар, арнайы карточкалар



Сабақтың өту барысы:

I. Қызығушылығын ояту.

а) Оқушылармен амандасу, түгендеу.

1. Саусақтар

Оқушылар дөңгеленіп отырады. Қолдарын тізеге қойып, айқастырып, бас бармақты бір – біріне тигізбей айналдырады. Сол кезде (5 – 15 минут) кей оқушылардың қолдары тітіркеніп, қапалана бастаса, бұл қиыншылықтар объектінің дәл көзделіп, негізделуінен болады.

2. Корректура

Оқушыларға негізгі түбірі алынып тасталған сөздер беріледі. Әрі қарай оқушы өзі толықтырып, қосып жазып екі оқушыға береді. Олар оның қатесін қасына жазады немесе толықтырады.

Мысалы: 1. Жеті ... сын ... ген ... сіз. 2. Жеті ... ның ... і, ... мылтық. 3. Адам ... мен Хауа ... ның ... қы ... гі – ит. 4. ... сіз ел – тұл, ... сіз – жер тұл. 5. Жетіқарақшы - ... ның ... түстік жарты ... ындағы шоқжұлдыз. 6. ... і ... ы - ... ты сан.

III. Жаңа сабақ.

Жеті санына тоқталып кету:

Дүние жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден -ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын ұлттар да бар. Біздің ата – бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным – түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.

Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйретіп, жаттатып отырған. Мұның әлеуметтік зор мәні бар. Оның себебі, біріншіден, әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Екіншіден, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір – бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Сондықтан әр қазақ баласы өз ата – тегін білу тектілік әрі ұлттық тәртіп пен жөн білудің бір саласы болып саналған.

Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты - жөнін білуге міндетті. Мұны әке – шешесі немесе ата - әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.

Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Оның дәлелі: «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген қазақ даналығына тоқталсақ, әр адам өзінен кейінгі баласының, немересінің, әрі кетсе шөбересінің атын білер. Одан әрі білу үшін адам 100 жылдан астам өмір сүруі керек емес пе? Ал, ғасырдан аса беретін адам бар ма?

Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Сондай – ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстық атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайы. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие. Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата – бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген – жетесіз», « Ата-тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен.



IV. Біліміңді тексер. «Сәйкестендір»

Әкеден жоғары қарай таралуы



  1. ата

  2. әке

  3. бала

  4. немере

  5. шөбере

  6. шөпшек

  7. немене

Атадан төмен қарай таралуы



  1. жүрежат

  2. туажат

  3. жұрағат

  4. жат жұрағат

  5. жегжет

  6. жамағайын

Туыстық атаулардың таралуы



  1. бала

  2. әке

  3. ата

  4. арғы ата

  5. баба

  6. түп ата

  7. тек ата


V. Қорытынды.

а) «ББҮ» кестесін аяқтау («үйрендім» кестесін толтыру)

в) 5 жолды өлең

1) 1 сөз зат есім

2) 2 сөз сын есім

3) 3 сөз етістік

4) 4 сөзден тұратын сөйлем

5) зат есімге синоним



с) Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу, әр оқушы өздерінің жеті аталарын біліп келу.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет