Сабақтың тақырыбы Ұйқы безі,жыныс бездері мен бүйрекүсті бездері 2 Cілтеме



жүктеу 113.83 Kb.
Дата25.10.2017
өлшемі113.83 Kb.
түріСабақ

Аты-жөні: Четкельбаева Айжан Болатовна

ІІІ-деңгей

Мектебі:Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп МДШО

Пәні: Биология

Сыныбы: 8"б"


1

Сабақтың тақырыбы

Ұйқы безі,жыныс бездері мен бүйрекүсті бездері

2

Cілтеме

Биология оқулығы 8 сынып, ғаламтор көздері

3

Мақсаты

1.Оқушыларға ұйқы безінің инсулин гормондарың қандағы глюкоза мөлшерін реттеудегі рөлі,қант диабеті,бүйрек үсті безі, гипофиз және қалқанша без және жыныс бездері гормондарының жыныстық жетілуді реттеудегі рөлі туралы білім беру.

2.Өз ойларын еркін жеткізе алатындай биологиялық сөздік қорларын дамыту

3.Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бірін-бірі тыңдай білуге,еркін сөйлеуге, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу


4

Қолданылатын модульдер

1.Диалог

2.СТО


3.АКТ

4.Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен бағалау

5.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

6. Оқытуды басқару және көшбасшылық



5

Оқыту нәтижесі

Оқушылар ұйқы безінің инсулин гормонының қандағы глюкоза мөлшерін реттеудегі рөлін біледі және бездердің жұмысы бұзылғанда қандай ауруға ұшырайтынын түсінеді. Аурудың алдын алу шараларын өмірде пайдалана алады

6

Түйінді идея

Аралас бездердің қызметін білу

7

Көрнекіліктер

Электронды оқулық, слайдтар, смаиликтер,әр түрлі жапырақтар,бағалау парақшалары

8

Оқыту әдістер

Топтастыру, бір қадам артқа, ой қозғау, диалогтік оқыту, суретпен жұмыс, кесте толтыру, мақал-мәтелдер


Психологиялық ахуал
Топқа бөлу

(жапырақ түстеріне қарай)





Мақсаты: Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

-Оқушылармен амандасу

-«Әріптер сөйлейді» тренингі арқылы әр оқушыға өзінің атының бірінші әрпіне сәйкес қасындағы оқушы тілек айтады
Сары жібек көйлегін желбіретіп

Жапырағын ағаштардың селбіретіп-дегендей балалар қазір күз мезгілі. Күзде айналаның бәрі әр түрлі жапырақтарға толады. Бүгін осы жапырақтарды мен сендерге сыйға тартқым келеді. Қане менің жұмыс столыма келіп өздеріңе ұнаған жапырақты таңдап алыңдар.






Үй тапсырмасын сұрау

1.«Бір қадам артқа»

2.« Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп! »

3.« Ақылдассаң шешерсің , ақылдаспасаң

кем көсерсің !»

Тапсырмалар

(Блум токсономиясы

бойынша )



Білу кезеңі:

Түсіну кезеңі:
Сергіту сәті:

Қолдану кезеңі:

Талдау кезеңі:


Жинақтау кезеңі:«Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір!»


Мақсаты: Оқушылардың өткен материалдар бойынша алған білімдерін тексеру

І топ


1.Қалқанша безінің құрылысын сипатта

2.Эндемиялық зоб қандай ауру? Белгілерін ата

ІІ топ

1.Қалқанша без бөлетін гормон және оның қызметін қандай?



2.Кретинизм ауруларының белгілері қандай?

ІІІ топ


1.Миксидема ауруына қай жағдайда душар болады және белгілері қандай?

2.Базедов аурeы және күресу жолдарын ата

ІV топ

1.Қалқанша маңыбезінің құрылысы мен атқаратын қызметі қандай?



2.Қалқаншамаңы безі гормонының қызметі артқанда немесе төмендегенде ағзада қандай өзгерістер болады?

V топ


1.Тимус немесе жасөспірім безіне сипаттама бер

2.Бүйрекүсті бездеріне сипаттама бер



Тест сұрақтарына жауап

1.Қалқанша безі гормонының құрамындағы элемент

а) Натрий

ә) Йод

б) Фтор


в) Бром

2.Адреналин бөлетін без

а) Бүйрекүсті безі

ә) Қалқанша без

б) Айырша без

в) Сілекей безі

3.Бүйрекүсті безінің қыртыс қабатынан түзілетін гормон

а) Тимозин

ә) Глюкагон

б) Кортизон

в) Парат гормоны

4.Тағамның құрамындағы кальций мен фосфордың ішке тез сіңуіне әсер ететін қандай без?

а) Қалқанша без

ә) Айырша без

б) Гипофиз

в) Қалқаншамаңыбезі

5.Ішкі секреция бездерінің ауруларын зерттейтін ғылым

а) Экология

ә) Неврология

б) Эндокринология

в) Хирургия

6.Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық

а) Гипофиз

ә) Гипоталамус

б) Тимус


в) Нейроглия

7.Қай без ішкі секреция бездеріне жатпайды?

а) Гипофиз

ә) Айырша без

б) Тері безі

в) Қалқанша без

8.Қан қысымын жоғарлатып ағзадан судың бөлінуіне тосқауыл болатын гормон

а) Тимозин

ә) Вазопрессин

б) Окситоцин

в) Тироксин

9.Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы артып,бұлшықеттердің сіресіп қалуы қандай гормонныңжетіспеуінен болады?

а) Тимозин

ә) Паратгормоны

б) Кортизон

в) Адреналин

10.Айырша без дененің қай бөлігінде орналасқан?

а) Кеңірдекте

ә) Көмейде

б) Мида


в) Бүйректе

(жауаптары : 1-ә, 2-а, 3-б, 4-в, 5-б,

6-ә, 7-б, 8-а, 9-ә, 10-а)

(Әр топ жауаптарын алмастырып тексереді,бағасын бағалау парақшасына қояды)



Оқушы сұрақтарына жауап беру (топпен)

1. И. С. Тургеневтың “Живые мощи” әңгімесінде мынадай аурудың белгілері суреттелген.
Басы солып қалған, бір түсті денесінің әр жерінде қола түсті дақтар пайда болған, мұрыны жіңішкерген пышақтың қырындай, еріні көрінбейді – тек тісі ағарады, көзінің жүдеулігі байқалады. Тірі аруаққа ұқсайды.Қандай ауру туралы Тургенев суреттеген, бұл аурудың себебі неде?

Жауабы: Адиссон ауруы немесе қола ауру деп аталады.
Бүйрекүсті безі сыртқы және ішкі қабаттан тұрады. Ішкі қабаты адреналин гормонын бөледі, ал сыртқы қабатта гормондар көп болады. Соның бірі кортикоидтер. Кортикоидты гормон жетіспегенде адам Адиссон ауруына шалдығады. Тургеневтің “Тірі аруақтар” әңгімесінде суреттелген адам “қола

аурумен ” ауырады.

2. Дәрігер күнделігінен : Қара суық күз күнінің 9 қарашасы. Ауруханаға таңғы сағат тоғызда жас әскер ауыр күйде жеткізілді.Оқыс ойламаған жер­ден 19 жастың ой­ы­нан 20-ның қырқасына шығар шағында Ғалымжан опат бо­лар еді. Шұғыл түрде опе­ра­ция бөлмесіне жүгіріп бар­дым. Әріптестерім жас жігіттің өміріне ара­ша түсуге ешқандай мүмкіндік жоқ де­ген­де, тұла бой­ым мұздап кетті. Ке­нет оның бір саусағы қимылдағанын байқадым.Ғалымжан «клиникалық өлімге» ұшыраған. Әдетте, мұндай өлім бес минутқа дейін бо­ла­ды, осы уақыт аралығында науқасты құтқарып қалмасаң, биологиялық өлімге ұласады. Тез ара­да жүрегіне  екі рет «көңіл-күй» гормонын енгіздім. Ол тірі қалды.Оның өмірін сақтап қалуға бар күш-жігерімді салғаныма өзімді бақытты сезінемін.

Сұрақ: Дәрігер науқасқа қандай гормон екті және неліктен деп ойлайсыздар?

Жауабы: Адреналин гормоны, себебі ол жүректің соғуын жылдамдатады?

«Ой қозғау»

Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын ояту

(Диалогтік оқыту,түрткі сұрақтар,қайта бағыттау)

Мақсаты : Ойды дамытып жинақтау

-Адам ағзасында сонымен қандай бездер болады екен?

-Аралас бездерге қандай бездер жатады?

-Бүйрекүстібезі қандай гормон бөледі?

-Ұйқы безі қандай гормон бөледі?

-Қант диабеті ауруы туралы естігендерің бар ма?

«Мәтінмен жұмыс»

Мақсаты:оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрету

(Тақырыпты оқып шығып топ арасында талқыланады және әр топ көшбасшысы басқа топқа түсіндіреді)

Би

(Тақырыпты оқып шығып топ арасында талқыланады және әр топ көшбасшысы басқа топқа түсіндіреді)



1. Кесте толтыру



Аралас бездер

Бөлетін гормондары мен қызметі

Пайда болатын ауру түрлері

1










2










2.Диагноз қоя білесіз бе?

(әр топ тақтадағы суреттерге қарап диагноз қояды)

19 ғасырдың соңында неміс физиологтары Минковский және Фон Меринг асқорыту жүйесінің қызметін талдаумен айналысты.
Эксперимент барысында иттің ұйқы безі алынып тасталды. Бір күні, қызметші, ота жасалынған иттің кіші дәретіне шыбындардың көп үймелейтінін байқады. Физиологтарға бұл факт қызық әсер қалдырды.
Соңында физиологтар қандай шешімге келді, өз ойларыңды түсіндіріңдер?

«Ой-толғаныс »

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін бекіту



1.Салмағыңызды білу не үшін керек?

(дене массасының индексін табу керек.Ол үшін кг-мен есептелген салмағыңызды бойыңыздың квадратына бөлесіз. Мысалы: бойы 170 см,салмағы 100 кг адамның ДМИ 34-ке тең. Ер адамда ДМИ 25-тен, нәзік жандыларда 24-тен аспағаны жөн.)



2.Сәйкестендіру кестесі

1.Ұйқы безі

2.Жыныс бездері


-қантты диабет

-сақал-мұрттың пайда болуы

-инсулин

-глюкагон

-сүйек және бұлшықеттің дамуының төмендеуі

-Ер адамға табандылық,өжеттілік қасиет береді






3. Мақалдың жалғасын тап

Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылығын дамыту

1. Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

2. Ауру батпаңдап кіріп,

Мысқылдап шығады.

3. Ауру кісі күлкі сүймес,

Ауыр жүкті жылқы сүймес.

4. Дауды елемеген төлейді,

Ауруды елемеген өледі.

5. Айналдырған ауру алмай қоймас,

Бұлттанған күн жаумай қоймас.

6. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

7. Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса

аузыңды тый.

8. Жаман ауруға – жақсы ас.

9. Ауру аздырады,

Суық тоңдырады.

10. Үшнәрсенің алдынал: 
Аурудың алдын ал, 
Жаудың алдын ал, 
Қайта қозған даудың алдын ал. 

11. Қотыр қолдан жұғады

Таз тақиядан жұғады

12. Тыйылмаған ауызда пәле бар

13. Ауруын жасырған өледі

14. Денсаулық зор байлық


10

Бағалау

1.Ынталандыру

2.Сыныпты және өзін-өзі бағалау

(бағалау парақшасы)

3.Формативті бағалау



11

Үйге тапсырма

§ 13 қайталау

1. Ұйқы безі және жыныс бездеріне Венн диаграммасын құру

2.Жүйке жүйесіне жалпы сипаттама


12

Кері байланыс

1.Екі жұлдыз бір тілек

2.Смайликтер арқылы



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет