Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылыстарын қорытындылау «Жылу құбылыстары Шық бермес Шығайбайдың үйінде»



жүктеу 28.84 Kb.
Дата13.05.2019
өлшемі28.84 Kb.
түріСабақ

Жунусова Айман Ибрагимқызы

Физика пәнінің мұғалімі

Абай ауданы,Архат ауылы, «С.Бекбосынов атындағы орта мектебі»КММ

Сыныбы: 8-сынып

Пәні: физика

Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылыстарын қорытындылау

«Жылу құбылыстары Шық бермес Шығайбайдың үйінде»



Сабақтың мақсаты: а)Жылу құбылыстары тарауы бойынша оқушылардың

алған білімін қортындылау

ә)Оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық



қабілеттерін дамыту

б) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Пән аралық байланыс: Әдебиет, математика
Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, фотосуреттер, ертегі кітап
Сабақтың барысы:

Шығайбай ертегісіне байланысты салынған суреттер жиыны тақтаға рет-ретімен тақтаға ілінеді.


Мысалы:

а) Шығайбайдың үйі .Жақтауынан Алдаркөсе сығалап тұр. Киіз үйдің есігі ашпалы-жаппалы ғып тілінеді. Ішкі жағына қалта желімденіп тиісті сұрақ салынады.

ә)Киіз үйдің ішінде жұмыс істеп отырған бай, бәйбішесі,тоқалы, қызының суреті.Бай қазы айналдырып отыр, бәйбішесі нан илеп, қызы қаздың жүнін жұлып, тоқалы қойдың басын тазалап отыр.

б) Қазан-ошақтың басында отырған Шығайбайдың суреті.

в)Қоштасып жатқан Алдаркөсе мен Шығайбайдың суреттері.Қолдарында қарма нан.

г)Ат үстінде тұрған Алдаркөсе мен бай суреті.

Жылу берілудің 3 түрі бар:


  • Жылу өткізгіштік-қатты денелердегі молекулалардың тербелісі арқылы ішкі энергияның таралуы.

  • Конвекция-сұйықтар мен газдардың ағыны арқылы ішкі энергияның тасымалдануы.

  • Сәуле шығару-дененің сәуле шығару арқылы ішкі энергиясының өзгеруі

Енді оқушылардан Шық бермес Шығайбай ертегісінің мазмұны сұралады.

Міне, балалар, бүгін біз күндегі сабақтан ерекше сабақ саяхат сабағын өткізгелі отырмыз. Шығайбай үйіне саяхат жасап көрелікші.Жылу құбылыстарын Шығайбай үйінен де іздеп табуға болады екен.

Қане, балалар Шық бермес Шығайбай ертегісі қалай басталады?



  1. Ертегіні бастаған оқушы жабықтан сығалаған Алдаркөсемен бірге киіз үйдің есігін ашып ішіндегі қалтадан сұрақты алып, жауап береді.

а) Ауылы Шығайбайдың жотада екен

Басқұры байекемнің ноқа ма екен?

Туылдырық шиімен сәйкес келіп

Уығын киізбенен жапқан екен.
Неліктен?

ә) Жаз айларында ыстық кезде, неліктен киіз үйдің туырлығын орта белден

түріп қойған? (Конвенция құбылысы).

2) Киіз үйдің ішінде жұмыс істеп отырған бай, бәйбішесі,тоқалы, қызының суреті.Бай қазы айналдырып отыр, бәйбішесі нан илеп, қызы қаздың жүнін жұлып, тоқалы қойдың басын тазалап отыр. Қандай физикалық құбылыстарды кездестіресіңдер?



( Шығайбайдың үй-ішіндегі адамдар жұмыс істеп отыр. Олардың ішкі энергиясы артады, терлейді. Демек ішкі энергияны жұмыс істеу арқылы өзгертуге болады)

1слайд бойынша сұрақ:


Шығайбай от басында қалғып отыр

Алдар көсе көз жұмып аңдып отыр.

Қызуы шым тезектің екі жанға

Қандай тәсіл-түрменен жетіп отыр.




(сәуле шығару)
2 слайд бойынша сұрақ:

Бай неге тоңып келеді?


( ішкі энергияның аздығынан,себебі ішкі энергия қозғалыстың әсерінен артады))
3 слайд бойынша сұрақ:
Айлакер Алдаркөсе келіп қалды,

Айламен байдың тонын шешіп алды.

Өз тонын шешіп беріп Алдар көсе

Неліктен байдың тонын киіп алды?




( Әр түрлі заттардың жылу өткізгіштігі тақырыбы бойынша , түлкі ішік, түлкі тымақ жүндерінің арасында ауа болатындығы, ал ауаның жылуды нашар өткізетіндігі белгілі)

4 слайд:



Ет қазанның қақпағын ашып қойса тез пісе ме? Жауып қойса , тез пісе ме? Неліктен?

(Кебу және конденсация құбылысы арқылы түсіндіріледі)
Сабақ соңында оқушылардың алған білімдері қортындыланып, баға қойылады.
Каталог: uploads -> doc -> 06ca
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
06ca -> тапсырма көлемі жағынан деген хабар қандай мөлшердегі ақпаратты қамтиды. 5-Тапсырма
06ca -> 1 класс – нұсқа Еуропа Еуразияның қай бөлігінде орналасқан?


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет