Сабақтың тақырыбы: Жорықтық-шеру және жорық күзеті. Сабақтың мақсаты: оқушыларды жорықтық-шерудің мақсатымен және оның



жүктеу 43.59 Kb.
Дата20.02.2018
өлшемі43.59 Kb.
түріСабақ

Бекітемін

Директор М.Сағатбеков



Жоспар-конспект

Сабақтың тақырыбы: Жорықтық-шеру және жорық күзеті.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жорықтық-шерудің мақсатымен және оның

жүргізілуімен таныстыру.

Оқу сұрақтары.

1.Жорықтық-шеру, оның мақсаты.

2.Жорықтық күзет негіздері.
Бөлінген уақыт: 45 мин.

Өтетін орны: АӘД пәні бөлмесі.

Өткізу әдісі: баяндау

Көрнекілік құралдар: Плакаттар,АӘД оқулығы, Ұрыстық жарғы.

Кіріспе бөлім8 мин.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:



  • Барлау дегеніміз не ?

  • Барлаушының бірінші міндеті не?

  • Барлау жүргізу тәсілдерін ата ?

  • Бақылаушы жауынгерде не болуы керек?

Негізгі бөлім30 мин.

Взводтың жорық-шеруі, оның мақсаты және жорық күзетінің негіздері.

Жорық(шеру) – негізгі қозғалыс тәсілі. Мотоатқыштар мен танк бөлімшелері әрқашанда жорық жасауға және көліктің кез келген түрімен тасымалдауға дайын болуы керек. Жорықты жүзеге асыру кезінде шынжыр табанды техника сондай-ақ, қозғалуы баяу техникалар тасымалдануы мүмкін .

Жорықтың негізгі мақсаты – қарсыласқа шабуыл арқылы ұрыс міндетін орындау үшін,ұрыста қимыл үстіндегі әскерді күшейту үшін,қарсылас соққысын тойтару немесе ұрыс қабілетін жоғалтқан әскерлерді ауыстыру үшін берілген шепте немесе көрсетілген ауданда әскерлерді дер кезінде шоғырландыру.

Жорық сондай-ақ толықтыру,қалыптастыру, әр түрлі жұмыстар мен демалыс өткізу үшін жаңа ауданға шығу мақсатында да жүргізілуі мүмкін. Барлық жағдайда жорық жасырын , көру мүмкіндігі төмен жағдайда жүзеге асырылады.Жағдайға сәйкес жорық жасайтын әскерлер көрсетілген аудан немесе шепке дер кезінде және ұрыстық міндетті орындауға толық дайын болуы тиіс.

Қарсыласпен қақтығысу қатері жоқ жағдайда жорық жасау кезінде жорықтық реті қозғалыс ыңғайлылығын, жорықтың жоғары жылдамдығына қол жеткізу ,жеке құрамның күшін неғұрлым аз қолдану және ұрыстық техниканы сақтауды есепке ала отырып құрылады.

Мотоатқыш взводы рота легінде немесе өз бетінше жорық жасайды. Лектегі машиналар мен взводтардың арақашықтығы 25-50 метр.

Көру шектеулі жағдайда ,көктайғақта сондай-ақ, жоғарғы жылдамдықпен қозғалған жағдайда арақашықтық ұлғаяды.. Жорықтағы взводтың жорықтық реті - лек . Ол қозғалыстың жоғары қарқындылығын және ұрысқа кіру, ұрыстық ретке тез жазылуды қамтамасыз етеді.

Жорық жүргізудегі ұйымшылдықтың, тәртіптің ,басқарудың жоғары деңгейін қолдау үшін бастапқы пункт, реттеу пункті, демалыс аудандары мен аялдамалар анықталады. Бастапқы пункт бөлімшелер легінің түзуленіп созылуын қамтамасыз ететін, қашықтықтағы күндіз де түнде де жақсы көрінетін бағдарға жақын жерден таңдалып алынады. Реттеу пункті 3-4 сағат қозғалған сайын қойылады,қарсыласқа байқалатын жергілікті жер заттарға немесе нысандарға жақын орналастыруға болмайды. Аялдамалар 3-4 сағат қозғалыс сайын жасалады,оның ұзақтығы 1- сағат, тәуліктің екінші жартысында 2 сағат аялдама жасалады.

Аялдамаларда, күндізгі , демалыс кезінде қару жарақ пен ұрыс техникасының техникалық жағдайы тексеріледі,жанар-жағармайлармен толықтырылады, жеке құрамның тамақ ішуі мен демалысы ұйымдастырылады. Демалыс аудандары үшін жасырынуға ыңғайлы ,қарсыластың ядролық қару мен авиацияны қолдануынан сақтайтын, су көздері мол жерлер болуы тиіс.Аялдамаларда взвод жолдың оң жақ шетіне тоқтайды, машиналар арасындағы қашықтық 10 м. кем болмауы керек.

Жорықтағы барлау жүргізудің негізігі тәсілі - бақылау.Жергілікті жер мен қарсылас туралы мәлімет алудың басты көзі – командирден және барлау органдарынан алынған ақпарат.Взвод командирі әуе, жер үсті қарсыласына үздіксіз айнала бақылауды ұйымдастыруға сондай-ақ жергілікті жер және рота командирінің белгілерін бақылап отыруға міндетті.Бақылауды взвод командирі өзі , ал әрбір ұрыс машинасынан бақылауды бөлімше командирі жүргізеді. Взводтағы күзет күзетілетін бөлімшелерді қарсыластың кенеттен шабуылынан ,оның жер үсті барлауының енуінен сақтау және лектің ұрысқа кіруі үшін қолайлы жағдай туғызу мақсатында бас заставасы тағайындалады.Жаяу ретпен қозғалу кезінде тікелей күзет үшін шолғын бөлімшесінен шолғыншылар жіберіледі.

Жорықтағы взводтың ЖЖҚ қорғану және химиялық қамтамассыз етілуі қойылған міндетті табысты орындауға ықпал етеді.Осы мақсатта взвод командирі басшылықтың ұйымдастыру шараларын еске ала отырып, радиациялық,химиялық және бактериологиялық барлау жүргізудің тәртібі мен әдістерін анықтайды.

Қарсылас тұтандырғыш қару қолданғанда және өрт ауданынан өту мәжбүр болған жағдайда взвод командирі жеке құрам мен ұрыс техникасын сақтауға қатысты шараларды, ал бұл аудандардан шығу кезінде машинадағы өрт ошақтарын сөндіруді, жарақаттанғандарға тиісті көмек көрсетіп,оны батальонның медпунктіне жеткізуді ұйымдастырады.

Жорықтың жасырын өтуін қамтамасыз етуде бүркемелеу жұмыстарын жүргізу әуе және жер үсті қарсыластары соққысын азайтудың аса маңызды жолдарының бірі.Оны взвод командирі алынған міндеттер мен қалыптасқан жағдайға байланысты өз бөлімшелерін орналасқан жерінде де, жорық кезінде де қарсыластың барлық барлау құралдарынан жасыру үшін ұйымдастырады. Взводтағы бүркемелеу өз күшімен үнемі және барлық жағдайда жүргізіледі.Ұрыс техникасы мен машиналар жергілікті жер ыңғайына қарай тасаланады.

Инженерлік қамтамасыз ету взводтың жорықты табысты жүргізіп, жеке құрам мен ұрыс техникасын жою құралдарынан сақтандыруды арттыру мақсаттарында ұйымдастырылады.

Жорықты техникалық және тылдық қамтамасыз етуді взвод командирі рота командирінің шешімі мен аға командирдің нұсқауымен ұйымдастырады. Онда взвод командирі: техникалық күтім көлемін, оны өткізу орны мен уақытын, жанар-жағар май құю, арнайы заттармен толықтыру нормасын , мерзімін, орны мен тәртібін,ұрыс техникасын жөндеу мен жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыруды нақтылайды.

Қорытынды бөлім7 мин.


Бекіту сұрақтары:

  • Жорықтық-шеру ұғымын қалай түсінесің?

  • Жорықтың мақсаты не?

  • Жорықтық күзет, оның мақсаттарын ата?

АӘД пәнінің ұйымдастырушы-мұғалімі _________ М.Иманжанов
Каталог: doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Егемен Қазақстан. – 2014. №176. – 10 қыркүйек Біржан С. Елім менің – Қазақстан
doc -> Республиканский форум «Технологические инновации библиотек для информационного общества», Усть-Каменогорск, 10-11 октября 2012 г
doc -> Әож 373. 016;821. 512. 122 Қолжазба құқығында
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет