Сабақтың тақырыбы: Карбон қышқылдары Сабақтың мақсаты



жүктеу 67.53 Kb.
Дата12.11.2017
өлшемі67.53 Kb.
түріСабақ



Ы. Сулейменов атындағы орта мектеп




Пәні: Химия

Сыныбы: 9

Мұғалімі: Максутова К

9-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Карбон қышқылдары

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Оқушыларға қаныққан бірнегізді карбон қышқылдарына тән қасиеттерді сірке қышқылы мысалында таныстыру.

Функционалдық топтардың маңызы жайлы түсінікті одан әрі жалғастыру.

Органикалық заттар жөніндегі білімдерін тереңдету.

Дамытушылық : Сарамандық біліктерді , дағдыларды қалыптастыру. Оқушылардың қызығуы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік : Ұқыптылыққа, біреудің жауабын тыңдап, одан қорытынды шығара білуге тәрбиелеу.

Сабатың типі : Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі : І шінара ізденіске ұмтылу

Сабақтың әдісі : салыстыру, жеке , топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс : биология, география

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сірке қышқылы, аскарбин қышқылы, лимон, алма, айран, индикаторлар,электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын сұрау (Ой қозғау)

1.Спирттер деп қандай заттарды айтады?

2. Спирттер қалай жіктеледі, мысалдар келтіріңдер.

3. Этанолдың ағзаға зиянды әсері туралы не білесің?

4. Этанол толық тотыққанда қандай зат түзіледі?

Карбон қышқылдары

жоспар :

1. Карбон қышқылдарына сипаттама

2. Карбон қышқылдарының формуласы

  1. Құрамы, құрылысы

  2. «Іздену» Жеке өкілдері

  3. «Эксперимент» Химиялық қасиеттері

  4. Қолданылуы


1. Карбон қышқылдарына сипаттама
Құрамында міндетті түрде көміртек атомы болғандықтан , бейорганикалық қышқылдардан ерекше органикалық қышқылдарды карбон қышқылдары

деп атайды.

Мысалы, айранның , қымыздың т.б. сүт тағамдарының, қымыздықтың , қарақаттың, лимонның, мүкжидектің және піспеген жеміс –жидектердің қышқыл дәмі – карбон қышқылдарына байланысты.

2. Карбон қышқылдарының жалпы формуласы -

Функционалдық топшалар :

- ОН гидроксил , - СОН карбонил , - СООН карбоксил .

R - COOH н/е CnH2n+1COOH
3. Құрамы, құрылысы
Құрамында карбоксил тобы - COOH бар көмірсутектердің туындылары карбон қышқылдарына жатады.

Н-СООН – құмырсқа (метан) қышқылы

СН3 - СООН - сірке (этан) қышқылы

СН3 – CH2 - СООН - пропион (пропан) қышқылы

СН3 – CH2 – СН2 - СООН май (бутан) қышқылы

  1. Жеке өкілдердері : Іздену жұмысы


1. Құмырсқа қышқылы - НСООН , өткір иісті , суда жақсы еритін , түссіз сұйық зат. Құмырсқа қышқылының тұздары - формиаттар деп аталады.


Құмырсқаның да емдік қасиеті бар







Көктем қылт етіп, күн жылынғалы қара құмырсқа інінен шығып, қауырт жұмысына қызу кірісіп кетті. Тынымсыз осы бір жәндіктің де неше түрлі ауруға таптырмас ем екенін көбіміз біле бермейміз. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден-ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Мысалы, Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған “Бың Цау Гаң Му” кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады. [2]




Қалақай



Шаншарлы қалақай (Urtica dioica)
Қалақай -бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Сабағы мен жапырағы түкті. Өсімдікті түгелдей күйдіргіш безді түктер жапқан. Безді түктер денеге тисе түктің ұшы морт сынып, түбіндегі (ішіндегі) сұйықтық дереу денеге жайылып күйдіреді. Халық аузындағы «қалақай шақты» деген осы. Көктемнің аяғынан бастап, жаз бойы гүлдейді.. Қалақайдың барлық түрінің құрамында белок, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады

2. Сірке қышқылы СН3СООН - өткір иісті, суда жақсы еритін түссіз сұйықтық. Сірке қышқылының 6-9 %-тік судағы ерітіндісі – асханалық сірке суы деп аталады. Сірке эссенциясы құрамында - 70-80% сірке қышқылы болады. Сірке қышқылының тұздары - ацетаттар деп аталады. CH3COOН - сірке қышқылы, CH3COO – ( I ) валентті. Мысалы : CH3COONa – натрий ацетаты, ( (CH3COO)2Сa – кальций ацетаты. Сірке қышқылы әлсіз қышқылдарға жатады.

5. «Экперимент»

Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу

Сірке қышқылының химиялық қасиеттері - бейорганикалық қышқылдардың қасиеттеріне ұқсас.

Жұмыстың орындалуы. 1. №1 Сынауыққа 1-2 мл сірке қышқылының сұйылтылған ерітіндісін құйыңдар. Тапсырма: Сірке қышқылының түсіне көңіл аудар, абайлап иісін байқаңдар. 2. Сынауықтағы ерітіндіге берілген индикатор қағазын батырыңдар. Тапсырма: Не байқадыңдар ? Түсі қалай өзгерді? 3. №2 сынауықтағы сірке қышқылының ерітіндісіне мырыш түйірін салыңдар. Реакция баяу жүрсе , аздап қыздыру керек. Тапсырма: Не байқадың ? 4. №3 Сынауыққа бордың кішкене түйірін салыңдар. Тапсырма: Газ бөлінуін бақылаңдар.

Қасиеттері және реактивтер


СН3СООН

1. Физикалық қасиеттері





Индикаторға әсері





2. Zn ( немесе Mg )





3. Na2CO3 ( немесе CaCO3 )





4. Негіздік оксидтермен :

2 СН3СООН + MgO → (CH3COO)2 Mg + Н2О

магний ацетаты

5. Cілтілермен :

2 CH3COOH + 2NaOH →2 CH3COONa + H2

натрий ацетаты
* Карбон қышқылдары спирттермен әрекеттесіп,

күрделі эфирлер мен су түзеді:
CH3COOH + C2H5OH ↔ CH3COOC2H5 + H2O

Сірке қышқылының этил эфирі

Эфирлендіру реакциясы д.а.

6. Қолданылуы: (өзіндік жұмыс)

  • Еріткіш ретінде

  • Тамақ өнекәсібінде

  • Медицинада

  • Ыдыстарды дезинфекциялауда

  • Матаны, қағазды бояуда


Бекіту:

15-12. (Есептер жинағы)





Немен әрекеттеседі


Тұз қышқылы


Сірке қышқылы

Белсенді металл

HCI + Mg→

CH3COOH+Mg→

?

HCI + MgO →

CH3COOH+MgO→

?

HCI + Mg(OH)2

CH3COOH+Mg(OH)2

?

HCI + MgCO3

CH3COOH+MgCO3

1. Сірке қышқылының қандай қасиеттері бейорганикалық қышқылдарға ұқсас ? 2. Сірке қышқылы күші жағынан қандай қышқылдарға жатады ?

Деңгейлік тапсырмалар

  1. «Қанағат»

Құмырсқа қышқылының құрамындағы көміртектің

массалық үлесін есепте.

  1. «Талап»

Массасы 12 г магний сірке қышқылымен әрекеттескенде неше

грамм магний ацетаты түіледі ?

  1. «Терең ой»

Құрамында 4,35 % сутек, 26,09 % көміртек және 69,56 % оттек болатын карбон қышқылының молекулалық формуласын есептеп шығарыңдар.

Қорытынды :

Карбон қышқылдары – молекуласында көмірсутек радикалымен байланысқан карбоксил тобы бар органикалық заттар. Карбон қышқылдарына тән реакциялардың бірі – эфирлендіру реакциясына қатысуы.

Үйге §57, №4.

Бағалау.





Каталог: uploads -> doc -> 0f66
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0f66 -> Сабақ тақырыбы : Өткенді қайталау
0f66 -> Самостоятельная работа по теме: «Клеточный уровень организации жизни»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет