Сабақтың тақырыбы: Киелі киіз Сабақтың түрі: Аралас сабақ Әдісі: Түсіндірмелі. Типі: Баяндау



жүктеу 54.83 Kb.
Дата01.03.2018
өлшемі54.83 Kb.
түріСабақ

Сынып : Күні:

Пәні: Технология

Сабақтың тақырыбы: Киелі киіз

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

 Әдісі: Түсіндірмелі.



Типі: Баяндау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының қонысы киіз үй туралы түсінік беру, киіз үйдің ішкі бөлшектерімен таныстыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой өрісін , ойлау қабілетін арттыру ,саяхатқа шығу .

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.слайд т.б.

Пән аралық байланыс: Әдебет,тарих.математика

Көрнекілігі: интерактивті тақта, киіз үй макеті

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

. Жаңа сабақ түсіндіру.

Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді.

Киіз үйді жасауда әр түрлі шеберлер тартылды. Ағаш шеберлері үйдің сүйегін жасаса, әйелдер киіз бастырды. Киіз үйдің жиһаздарына қажетті ілінетін түрлі заттарды тоқымашылар, киіз басушылар, тері өңдеуші шеберлер дайындайды.Киіз үй 4-қанаттан 30қанатқа дейін көбейтіледі екен.30- қанатты киіз үй хан ордасы деп аталады екен.Киіз үйдің түрлері көп.Осының ішінде біз пайдаланатын қара үй.Балалар киіз үйді қай кезде көре аламыз? Наурыз мерекесінде, ауылға барғанда, тойларда, үй салғандар қолданады.

Абылайша – керегесіз, уықтан тігілген шағын киіз үй.

Ақ шаңқан үй – сүттей ақ, аппақ киіз үй.

Ақтағыр – екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй.

Жаппа – керегесіз, киізбен жабылған баспана.

Жолым үй – уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй.

Қара құрым үй – киізінің тозығы жеткен, ескі үй.

Қара үй – киіз үйді кейбір жерде қара үй деп атайды.

Қараша үй – қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй.

Орда – еңселі, салтанатты киіз үй.

Отау – ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй.

Төңқайма – бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй.

Ұраңқай – уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.

Балалар киіз үйді тігетін кезде көрші ауылдағы ер адамдарды шақырып тігеді екен Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау

Сықырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді.

Киіз үйді тігу үшін ең алдымен ауыл азаматы сықырлауықты құрып ұстап тұрады. Одан соң оң босаға жақтан бастап кереге керіліп байланады.

Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды.

Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.

.Шаңырақты сол үйдің ер адамы көтереді. Көтеріп жатқанда сөйлемеу керек.

Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.

1 – тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі.

2 – күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады.

3 – беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі.

4 – шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.Балалар шаңырақ рәміз белгілеріміздің қайсысында кездеседі? Елтаңбамызда.

Киiз үй – ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы.

Шаңырақ – күннiң символы.

Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi – төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз. Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, кұт құйылады деп есептеген. Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ – адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды дейді үлкендер.

Енді шаңырақ көзіне иілген уық қадалады.Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады. Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.

Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.

Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.

Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады.

Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр.

Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл – арқан.

Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.

Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді.Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.

Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр.

Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.

Бел-бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.

Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жылуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Қой жүнін бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға да тұтылады.

Киіз үйдің сыртқы жабдықтары – күн сәулесін және тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Оларды пісірген ақ шаңқан киізден пішіп, ою – өрнектермен безендіреді.

Киіз есік – сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады. Киіз есіктің сыртқы киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады.

Туырлық – керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты жауып тұрады.

Үзік-уықтың үстіне жабылатын жабуы.Оның баулары үйдің ішкі бөліктеріне тасталып айқастырылып керегеге байланады. Түндік – шаңырақты, киіз есікті туырлық шетін бастыра жабылады. Түндіктің төрт бұрышына түндік бау байланады. Түндікті ық жақтан қайырып ашады, әйтпесе жел көтеріп, желпіп кетуі мүмкін. Азанда ерте тұрған әйел түндікті ашу керек.

Киіз үйдің маңызды көрсеткіштерінің бірі ішкі көрінісі. Ішкі жиһаздары:

Абажа – тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен, былғарымен қапталған.

Кебеже – сүр ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһазы.

Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық. Сырты қаңылтырмен әшекейленіп қапталады.

Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһазы.

Асадал-тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеже.

Жастықағаш – ерте кезде жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ.

Адалбақан – киім ілуге арналған үй жиһазы.

Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш зат.

Сандық – киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы.

Алайда тоқыма бұйымдары арасында тықыр және түкті кілемдер, алаша, қоржындар ерекше орын алады. Әсіресе көшпелі тұрмыста қоржындардың орны ерекше болды.

Қазақтың дәстүрлі өнерінің көне нұсқаларының бірі – түскиіз, төсек жапқыш. Түскиіз де әдемілік үшін киіз үйдің керегесін айналдыра ілінеді.Сонымен балалар мына әженің қасына демалып алайық. Әже сіздерге мынадай сұрақ қоям дейді. 1.Киіз үйдің қазақ халқы үшін маңызы қандай? 2.Киіз үйдің ағаштары туралы айтып бер? 3.Домбыра киіз үйдің төрінене себепті ілінеді? Енді балалар сыныпқа оралайық . Сабағымызды пысықтау үшін осы сабақтан қандай әсер алдыңдар соны дәптерлеріңе түсіріп , оқып бересіңдер.



4.Қорытынды: Сабағымызды қорыта келе біз киіз үйдің қазақ халқы үшін өте маңызы зор екенін білдік. Қыста жылы жазда салқын.Қазіргі таңда өзіміздің наурыз мерекемізде киіз үй тігіп қонақ жайлайды екенбіз.

5.Үйге тапсырма беру: 1.Қазақ халқы үшін киіз үйдің маңызы туралы оқып келу.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет