Сабақтың тақырыбы: «Кішкентай гномдар»



жүктеу 28.47 Kb.
Дата26.04.2019
өлшемі28.47 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: «Кішкентай гномдар»

Мақсаты: балалар табиғатты қорғай білуге, табиғат сырын ұғуға, бір - бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету, бала тілін дамытып ойын арқылы дыбыстарын жетілдіру.

Балалар музыкамен ішке кіреді.
Тәрбиеші: Балалар бізге бүгін қонақтар келіп отыр, қане қонақтармен амандасайық.
- Сәлеметсіздер ма?
- Енді осы жақсы көңіл - күйімізді бір - бірімізге қарап күлімдеп шын жүрегімізбен сыйлайық. ( Бір - біріне қарап күлімсіреп көңіл - күй сыйлау)
Сол жақсы көңіл - күйімізді енді қонақтарға сыйлайық.

Енді балалар біздер табиғатқа саяхат жасайық..


Табиғат дегеніміз - бізді қоршаған орта. Тау, тас, өсімдік, ауа, ағаш т. б.
Балалар біз табиғаттың, өлі табиғат, тірі табиғат болып бөлінетінін білеміз.
- Қане ендеше кім айтады тірі табиғатқа нелер жатады?
Өлі табиғатқа нелер жатады? ( балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Кішкентай гномдар біз саяхатқа шығамыз. Алдарынан көп кедергілер кездеседі, бірақ біз бәрін жеңуге тиіспіз. (Үзын жолмен орман арсынан келе жатып. Таңқалады.


- Балалар қараңдаршы мына жерде мүңайып шырша тұр ғой.

Балалар шыршаға жақындап, не болғанын сұрайды.


Шырша сөйлейді:

-Мені адамдар кесіп алады. Адамдардың жаңа - жыл мейрамы тіпті жаман. Себебі мені кесіп алып үйлеріне апарып, ойыншықтар, неше түрлі шамдар жағып мәз болады. Ал мен болсам азайып барамын, кесіп алғаннан соң шырша көп тұрмайды өліп қалады.

- Қане, балалар шыршаға көмектесеміз бе?
- Көмектесеміз.
- Балалар шырша салқын жерде, шыршалы ормандарда өседі.

- Ал, ендеше біз кішкентай сиқыршы гномдармыз деп ойлайық. Қазір адам аяғы баспаған жерге саяхатқа шығамыз. Ондай жер тек шөл дала. Себебі, сулы, нулы жерлерде адамдар өмір сүреді. Ал адам аяғы баспаған жер шөл дала - құмды. Сол айнала құмды, шөл даланы біздер сиқырлап гүл егіп, жол салып, үй салып ғажайып ертегіге айналдырамыз.


Ендеше жолға шығайық. (құрсаудың ішімен жүріп отырғышқа отыру)
-Қане біз алдымыздағы құмға шырша отырғызайық. (Дайын қиылып тұрған шыршаны құмға отырғызу).

Жұмбақ жасыру.


Тікен, тікен тік пісте,
Қысы жазы бір түсте. (шырша)

Ойын « Дауыстап, қимылмен сал»


Балалар музыкаға билейді, музыка тоқтаған кезде бір нәрсенің суретін көрсету. Бала көрген затын қимылмен дауыстап салу.
Мысалы: 1. Ара. З - З - З - ұшу (қолын екі жаққа қағып бір - бірінің артынан жүру)
2. Ұшақ. Р - Р – Р 3. поезд. ш - ш - ш
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар біз шөл даланы құлпыртып жібердік. Қалай?.

Балалар бір аяқ жолмен келе жатып , көлге кездеседі.»Балалардың назарын көлге аудару)

Балық тұр мұңайып. Судың бетінде қоқыстар.
Балық сен неге мұңайып тұрсың?
Балық:

Адамдар суды ластады, завод, фабрикалардың қалған қалдықтарын төкті адамдар судың жағасына демалуға келіп тамақтың қалдықтарын жинамай лақтырып кетеді.

Тәрбиеші: Сиқырлы гномдар не істеу керек, қалай балықтарды құтқарамыз?
- Балалар: . Судың бетіндегі қоқыстарды тазартып алып тастау керек.
Міні біз балықтарға көмектесіп оарды аман алып қалдық.

Ойын: «Теңіз толқиды 1, 2, 3,»


Балалар тәрбиешінің командасын тыңдайды.
Тәрбиеші: теңіз толқиды 1, теңіз толқиды 2, теңіз толқиды 3 теңіз денелері қатып қал – деген командасын естіген кезде теңіз денелерін салып қимылдамай тұрып қалады. 2 - 3 рет ойнау.
Тәрбиеші : балалар табиғаттың көркі не? (гүл)
. Гүлдің суреті бейнеленген қартина.
- Балалар жылдың қай мезгілі бейнеленген?
- Жаз
- Оны қайдан білдіңдер?
- Себебі көбелек ұшып жүр.
Гүл сөйлейді:

-Мен де азайып барамын, мерекелерде адамдар мені жұлып алып бір - біріне сыйлайды. Су құйып мені баптамайды.


- Балалар біз гүлге көмектесейік. (орындарына отырып пласталиннен гүл жасап алдарындағы құмға отырғызу)
Тәрбиеші: Тыңдаршы қандай әдемі тақпақ.
Гүлді үзбе.
Кешкілік пе, күндіз бе?
Өсіп тұрған гүлді үзбе.
Туған жерді далаға,
Тастағалы жүрміз бе?
Үзіп алсаң сен бір гүл,
Үзіп алсам мен бір гүл.
Не қалады сиқынан,
Қызыл - жасыл жердің бұл.

Ендеше тиым сөздерді есімізге түсірейікші.

Табиғат туралы тиым сөздер.

Гүлді үзбе. Көкті жұлма .Суды төкпе. Суға түкірме. Ұяны бұзба. Құмырсқаның илеуін бұзба.

Табиғат туралы тақпақтар.

Табиғатты қорғау үшін бәріміз,


Күресейік, бір - бір ағаш егейік.
Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Сүйейік табиғатты аялайық,


Біз одан жақсылықты аямайық.
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша дем алайық!

Қортынды:


Шөл даланы гүлдендіріп, шырша ектік. Түншыққан балықтарды құтқардық, даланы гүлдендірдік. Тәрбиеші: Сиқырлы гномдар сендерге рахмет.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет