Сабақтың тақырыбы: «Көгершін -бейбітшілік құсы»



жүктеу 42.6 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі42.6 Kb.
түріСабақ

Үйірме атауы: «Орнитология экология негіздерімен»

Тобы: ІІІ топ оқушылары

Өткізілетін күні: 29 қараша, 2016 жыл

Өтетін уақыты: 11.00

Өтілетін орны: Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы

Сабақтың тақырыбы: «Көгершін –бейбітшілік құсы»

Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға бейбітшілік құсы туралы мағлұмат беру. Көгершін құсының түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кітап көрмесі, көгершін суреттері, мақал - мәтелдер.

Сабақтың барысы: «Ой ашар» сұрақтары:

А) Қалалық жас натуралистер стансасында қандай жануарлар мекендейді?

 Ә)   Қалалық жас натуралистер стансасында қандай құстар бар?

Б) Қалалық жас натуралистер стансасына барғанда қандай жануарларды азықтандырдыңдар? Немен қоректенеді?


Жаңа сабақ:

- Көгершін құсы. Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адамға үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар. Олардың танау тесіктері терілі қаппен бүркелген.

Көгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған. Олардың өте көбірек тараған жерлері Малай архипелагы мен Австралия. Жалпы үш жүздей түрі белгілі. СССР-де 11 түрі кездеседі. Мысалы: клинтух, вяхирь иығында және мойнының бүйір бөлімінде ақ дақтары болады.

Осы кездегі көгершіндердің жабайы түрлері- ағашты, таулы жерлерде тіршілік етеді. Олар ағаштардың үстіне, қуысына немесе жарлардың қуысына қалай болса солай шөптесін заттардан салады. Ұясында бір –екі жұмыртқасы болады. Жұмырқаларын еркегі де, ұрғашысы да баса береді. Жұмыртқадан 14-тен 30 күннің ішінде балапан шығады.

Қорегінің көпшілігі өсімдік дәндері, жемістері мен тұқымдары. Бұлар аздап құрттарды да жейді. Кейбір түрлері күзге қарай бірнешеуі топтасып, астық дәндерін жеп шаруашылыққа зиянын тигізеді.

Көгершіндерді қолға үйрету біздің заманымыздан бірнеше мыңдаған жыл бұрын басталған. Көгершіңдердің қолда үйретілген түрін халық арасында –кептерлер деп атайды. Қазақстанда екі түрі кездеседі: 1. кептер

2. түркептер.

Кептерлердің қанатының ұзындығы 180 -250 мм, салмағы 240-350 гр.

Басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа болады. Кептерлердің көпшілігінің қауырсындары құлпырып тұратын алуан түсті келеді. Үнемі топтанып жүреді. Жұбын жазбайды. Көбі жылына екі рет, кейбірі төрт бес рет жұмыртқалайды. Жұмыртқадан жарып шыққан қызылшақа балапан әбден қанаттанғанша 25 тәулік бойы ұядан ұшпайды.
Қолда үйретілген кептерлердің құрылысы:

- Бас: кеуде тұсымен салыстырғанда кішігірім. Ол тұмсықасты, тұмсықүсті тұмсықтарынан тұрады.

- Көзі: пішіні дөңгелек. Көзінің түстері: ақ, қызғылт, сарғылт, қара болады.

- Мойыны: Кептердің мойыны жылжымалы, шапшаң қимылдайды, 14 омыртқадан тұрады.



- Терісі: Сүтқоректілерден ерекшелігі, жұқа, құрғақ, қозғалмалы, тері асты қатпарлығының қатты дамығанымен ерекше.

-Қауырсыны: сабағынан, өзек және желпуіштен тұрады. Төменгі желпуіші очин деп аталады.

- Асқорыту мүшесі: бірнеше бөлімнен тұрады. Өңеші төменгі және жоғары болып бөлінеді. Кептердің маңызды ас қорыту аппараты: жемсау. Тамағы жемсауға жиналып, жемсау сүтімен балаларын 8-10 күн тамақтандырады.

- Тамақтандыру: жүгері, бидай қоспаларын қосып азықтандырады. Қыс айларында аптасына 2-3 рет ұсақтап туралған чеснокты творогқа қосып беруге, қызыл бұрыш, күріш беруге болады. Витаминді қоспа ұсақ туралған капуста, салат, морковь, алма, редиска беруге болады. Мысалы, 20 кептерге 500-600 гр азық керек. Тәуліктік азық нормасы қыста 25-30%, жазда 10-15%.
Кептерлердің ауру белгілері: әлсіздік, үрпиген түрі, тамақтан және ұшудан бас тартады. Оларды бөлек жерге торға ұстау керек.
Кептерді ветеринарлық тексеру әдісі: Құсты сол қолға алып, оң қолыңмен барлық жерін тексереді, құсты құлаққа жақындатып дем алу жолдарын тыңдайды. Ауырып тұрғанын байқаған жағдайда алдын ала көмек көрсетіледі.
Кептерлердің түлеуі: Жануарлардың даму кезіндегі жас ерекшеліктеріне, маусымдық өзгерістерге байланысты және тіршілікте тұрақты түрде жүріп отыратын биологиялық процесс. Әрбір түлеу аралығын түлеу кезеңі, ал сол кезеңдегі жануарлардың дамуына кететін уақытты түлеу жасы деп атайды.

Түлеп түскен қатты хитинді жабын қайта түзілгенше жануарлардың дене мүшелері қарқынды түрде өседі.



Кептерлердің түлеуі кезінде ескі қауырсындар түсіп, оның орнына жаңа қауырсындар шығады. Олардың түлеуі көбінесе балапан басып шығарған соң байқалады. Бұл кезде олар ұша алмайды, сондықтан адам бармайтын жерлерде шоғырланып жасырынады және де олардың жыл маусымдарына байланысты түлеуі кезінде қауырсындарының тығыздығы да өзгереді.


ІІІ. «Артық болмас білгенің!» қызықты мәліметтер:


  • Көгершін – кептердің қолға үйретілген түрі.

  • Сағатына 60-70 шақырым ұша алады. Кез келген қашықтықтан өз ұясына адаспай тауып келетін ерекше қасиетін білген адамзат оны ерте заманнан қолға үйреткен.

  • Ежелгі Египетте, Рим мен Грекияда пошташы көгершіндер әскери және сауда саттық байланыс үшін пайдаланған.

  • Дүниежүзінде көгершіндердің шамамен 800 ден астам түрі бар екен.

  • Әлемдегі ең ірі көгершін – Тәжді көгершін. Ұзындығы 75 см, салмағы 2кг тартады. Австарлия маңында тіршілік етеді.

  • Д\ж ең қымбат көгершін- былтыр 2015 ж Бельгияда сатуға шығарылған хат тасушы көгершін. Бағасы 400 мың АҚШ долларына бағаланған. Аукционда 5,5 млн АҚШ долларына бағаланып, 530 құс сатылып кетті.

  • Кептерлер адамның келбетін айыра алады. Екі адам жақындап біреуі жақсы қарап тамағын береді, ал екіншісі тордың ішінде қуып маза бермейді. Бірнеше күннен кейін әлгі маза бермеген адам құстарды тамақтандырайын десе оған жақындамай мазасызданады екен.

Кептерлердің есте сақтау қабілеті өте жақсы дамыған. Зерттегенде, оларға бірнеше түстер мен ассоциация беріледі. Кептерлер соның 800- ден 1200 ассоциацияны есте сақтаған.
ІV. Сергіту жаттығуы: «Көгершін бейнесі»

V. Ребус құрастыру.

Бекіту. Түсіндірілген сабақ бойынша сұрақтарға жауап беру.
 

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет