Сабақтың тақырыбы: Компьютердің аппараттық жабдықталуы. Жад Сабақтың мақсаты



жүктеу 18.84 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі18.84 Kb.
түріСабақ

Күні : 4.10.2016 ж
Сыныбы : 7 «б»
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің аппараттық жабдықталуы. Жад

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларды компьютерлік жадтың міндетімен, оның түрлерімен, қызметтерімен, операциялық жүйелерімен таныстыру.

б) Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту.

в) ЕТ кабинетінде тәртіп сақтауға, жұмыс кезінде қоғам мүлкіне асқан жауапкершілкпен қарауға тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Жаңа сабақ, түсіндіру сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі баяндау, әңгіме түрінде.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі:сурет, кітап, дербес компьютер


I. Ұйымдастыру бөлімі: Сыныпқы кіріп, оқушылармен амандасып, сыныптың тазалығын тексеріп, кезекшілерден «жоқ» оқушылардың тізімін алу. Оқушылар орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу, «жоқ» оқушылардың тізімін беру Зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.
II. Үй тапсырмасын тексеру: Ауызша, сұрақ-жауап


III. Жаңа сабақ

Жад дегеніміз не?

Жад – ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. Жад ішкі және сыртқы деп бөлінеді.

Ақпарат компьютердің ішкі және сыртқы жадында сақталады. Компьютердің ішкі жады негізгі болып табылады, себебі процессор тек осы жадпен тікелей жұмыс істейді. Оны көп жағдайларда жедел жад деп атайды, өйткені ол компьютерді әрқашан ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, үздіксіз жұмыс істейді.


Компьютерді өшіргенде жедел жадтағы ақпарат өшеді.
Тұрақты жадтау құрылғысы (ТЖҚ)- компьютердің жүйелік блогының ішіндегі микросұлба. Бұл жжадқа ақпарат енгізіледі. Ол компьютердің қосылуына қажет. ТЖҚ жұмысын қара экраннан көруге болады. Ол компьютерді қосқан сон пайда болады.

Компьютердің сыртқы жады ақпаратты көп мерзімге сақтауға арналған, ол иілгіш және қатқыл дискілерде, магнитті таспаларда, оптикалық және магнитті - оптикалық дискілерде орналастырылады.


Мәліметтер мен бағдарламалар ішкі жадтың ұяшықтарына байт немесе байттар тобы түрінде орналасады. Олармен ұяшықтардың адрестері бойынша қатынасады..

Көзге арналған жаттығулар




IV. Жаңа материалды бекіту

Сұрақтар мен тапсырмалар



1. Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?
2. ОЖ-нің негізгі функцияларын (міндеттерін) атаңдар.
3. Интерфейс деген не? Қандай интерфейстерді білесіңдер?
4. Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?
5. Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?
6. Мәліметгер ішкі жадта қалай орналасады ?
7. Сыртқы жадтың қандай құрылғыларын білесіндер ?
8. Файл дегеніміз не?
9. Ішкі және сыртқы жадтарда ақпарат қалай іздестіріледі?
10. Файлдармен қандай операциялар жүргізуге болады?
V. Үй тапсырмасы
Компьютер жадысының түрлері. Ақпараттық тасымалдауыштар.
VI. Қортынды Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Каталог: uploads -> doc -> 0b8d
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет