Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика. Графикалық редакторлардың түрлері. Сабақтың мақсаты



жүктеу 73.63 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі73.63 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика. Графикалық редакторлардың түрлері.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Графикалық редактордың түрлері. Графикалық деректердің негізгі көрінісі. Графикалық ақпараттың нүктелік, векторлық және фрактальды көрінісі туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын, ой - өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа (ашық) сабақ


Сабақтың әдісі: түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ - жауап әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі:  компьютер, слайдтар, бағалау парақтары


Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын қайталау

3. Жаңа сабақ түсіндіру

4. Практикалық жұмыс

5. Сабақты бекіту.

6. Оқушыларды бағалау

7. Үй тапсырмасын беру

Үй тапсырмасы: Слайдтарды безендіру. Жан бітірімді баптау. Көрмелерді көрсету. «Тәуелсіздігімізге 25 жыл» тақырыбында слайд

Сабақ жүрісі

Адам өмірінде суреттің орны ерекше. Бұрынғы уақытта жазуды білмейтіндер сурет арқылы өз өмірлері туралы жеткізетін болған және де кез-келген затқа сурет салатын болған. Олар үшін суреттің орны ерекше. Неге балалар кітаптарында суреттер көбірек бейнеленген? Себебі сурет арқылы ең қиын деген мәліметтің өзін оңай игеруге, яғни қабылдауға болады.

Ал, информатика пәніндегі сурет – бұл компьютерлік графика. Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыз: «Компьютерлік графика. Графикалық редактордың түрлері».

Графика дегеніміз – бұл сызба құралдарының көмегімен жасалған сурет. Ал, графикалық редактор дегеніміз – графикалық бейнелерді құруға немесе өзгертуге арналған программа.
Компьютерлік графика – компьютер көмегімен құрылған кескіндерді айтамыз. Компьютерлік графика әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.


Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:ғылыми графика, іскерлік графика , конструкторлық графика , суреттеу графикасы (көркем графика), жарнамалық графика.

Кескіндердің құрылу әдістеріне байланысты компьютерлік графика екі өлшемді және үш өлшемді графикаға бөлінеді.

oval 2

autoshape 10


autoshape 11

autoshape 5autoshape 6
autoshape 12autoshape 13autoshape 14

autoshape 7autoshape 8
autoshape 9


Компьютерлік графиканың бірінші түрі – растрлық графика. Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.     

Пайдаланушы тұрғысынан қарағанда оның мағынасы жеңіл қабылданады. Кішкене тастар көп болған сайын, әсіресе, егер оған алыстан қарасаңыз сурет анық алынады.

Растрлық кескіндер де дәл мозаика сияқты. Тек шыны немесе пластмасса тастарының орнына пиксель алынады.

Пиксель – монитор экранындағы кескіннің минимал элементі, әлбетте ол квадрат пішінді. Растрлық кескіннің сапасы кескіннің өлшеміне горизонталь және вертикаль бойынша пиксель саны және әрбір пиксель үшін беруге болатын түстер 16,256 және одан да көп түстер санына тәуелді.

Растрлық кескін үлкеюге де, кішіреюге де сезімтал. Растрлық кескінді кішірейткенде көрші орналасқан бірнеше нүкте бір нүктеге тиүрленеді, сондықтан кескіннің ұсақ бөлшектерініңи айырмашылғы жойылады. Кескінді үлкейткенде әрбір нүктенің өлшемі үлкейіп, сатылы эффект пайда болады, оны оптикалық құралсыз көзбенде көруге болады.

Растрлық графиканың артықшылықтары:

  • Сурет салу қарапайымдылығы және айқындылығы.

  • Масштабтау қажет болмаған жағдайда күрделі бейнені жылдам өңдеу мүмкіндігі.

  • Бейнені құру қарапайымдылығы – кез келген ұнаған бейнені сканерден өткізсе болғаны.

  • Бейнені оңай баспадан шығаруға болады.

Растрлық графиканың кемшіліктері:

  • Бейнені айналдырудағы және басқа да түрлендірудегі қиындықтар, себебі растрлық бейне бір тұтас объект түрінде беріледі.

  • Масштабтаудағы, яғни пикселдеудегі қиындықтар, яғни бейнені үлкейткенде бейненің бұзылуы.

  • Растрлық бейне сақталған файлдың көлемінің үлкен болуы.


Векторлық графика. Векторлық графикалық кескіндер айқын және анық контурларды сақтауды қажет ететін маңызды графикалық обьектілерді (сызбалар, сұлбалар және т.с.с) сақтаудың тиімді құралы болып табылады.

Векторлық кескін – бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және басқа геометриялық примитивтерді пайдаланып, компьютерлік графикаға кескінді өрнектеу.

Сапаны жоғалтпай шексіз үлкейтуге болатыны векторлоық кескіндеудің негізгі құндылығы.

Кескіндердің векторлық өрнеткелуі растьырлықтан қатты ерекшеленеді. Егер растрлық графикада кескіндердің базалық элементі нүкте болса, ал векторлық графикада – сызық болып табылады. Сызық математикада тұтас обьект болып сипатталады, сондықтан растрлық графикаға қарағанда векторлық графиканың құралдарымен обьектіні өрнектеуге қолданылатын дерек көлемі әлдеқайда аз.

Векторлық графиканың артықшылығы:

  • Көлемінің шағын болуы;

  • Оңай масштабтауға болады;

  • Оңай түзетуге болады.

Векторлық графиканың кемшіліктері:

  • Шынайы бейнелерді құрудағы қиындықтар;

  • Тұтас аймақты бейнелеу мүмкіндігінің болмауы, себебі объектілер «сым» қаңқа түрінде ұсынылады;

  • Суреттеу алдында алдын ала өңдеуді қажет етеді;

Фракталдық графика - математикалық есептеулерге негізделген. Кескіндердің негізгі элементі болып математикалық формула табылады. Фракталдарда детальді сипаттау жады талап етілмейді, сондықтан ол кесікіндердің бүтін бір бөлігін сипаттауға мүмкіндік береді. Бір жағынан бұл топтан тыс кескіндерге фракталдар көп қолданылмайды. Фракталдың аз бөлігі барлық фракталдар туралы мәлімет береді.

Компьютерлік графикада фракталдар табиғи құбылыстарды, мысалы, бұлттар, қарлар, жағалаулар және т.с.с күрделі кескіндерді салу үшін пайдаланылады.

Компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар – графикалық редакторлар пайдаланылады. Қазірге кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторды да екі категорияға бөлуге болады: растрлық және векторлық.

Графикалық редактор – бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға және қарап шығуға арналған программа.

Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге көбіне растрлық графикалық редакторлар қолайлы, себебі растрлық кескіндер түстер градациясын және көмескі бояуларды жоғары дәрежеде беруді қамтамасыз етеді.

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.

Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint

Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз .

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер

СorelDRAW, Adobe illustrator  секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Үш өлшемді графика: Үш өлшемді графика (3D Graphics) — көлемді объектілерді бейнелеуге арналған тәсілдер мен құралдардың жиынтығынан тұратын компьютерлік графиканың бөлімі.

Үш өлшемді графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар: - 3D Studio MAX 5; - AutoCAD;

Практикалық жұмыс

1 деңгейлік тапсырма

«Ия, Жоқ»



2 деңгей тапсырмасы «Графиканың қай түрі?»


3 деңгейлік тапсырма «Кім мықты?»



4 деңгейлік тапсырма Paint графикалық редакторында натюрморт салу



autoshape 1



Үйге тапсырма: Компьютерлік графика, түрлері. Растрлық кескіндер, пиксель дегеніміз не? Векторлық графика, векторлық графиканың негізгі обьектілері.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет