Сабақтың тақырыбы: КҮрделі эфирлер және майлар. КӨмірсулар, олардың жіктелуі сабақтың түрі: Аралас сабақ



жүктеу 107.16 Kb.
Дата26.06.2018
өлшемі107.16 Kb.
түріСабақ


АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, ШАЛҚАР АУДАНЫ

ЖАНДОҢҒАРОВА АЛМАГҮЛ СЕРІКҚЫЗЫ

6 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ



Пәні : ХИМИЯ

Класы : 9

Сабақтың тақырыбы: КҮРДЕЛІ ЭФИРЛЕР ЖӘНЕ МАЙЛАР. КӨМІРСУЛАР , ОЛАРДЫҢ

ЖІКТЕЛУІ


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:

БІЛІМДІЛІК: Күрделі эфирлер, майлар көмірсуларға жалпы сипаттама беру,

олардың молекулалық құрылыс ерекшеліктерін түсіндіру



ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Жеке және топтық жұмыс істеуде біліктілігін қалыптастыру, ойын

қорытындылап, салыстыра білуге үйрету



ТӘРБИЕЛІК: Уақытты бағалап, қорытындылай білуге үйрету, жинақылыққа

ұқыптылыққа тәрбиелеу



2.Сабақтың мазмұны: І-ІІІ кезеңдегі тапсырмалар

3.Сабақтың әдіс-тәсілі: І кезеңде сұрақ-жауап; ІІ кезеңде

а)оқулықпен жұмыс;

ә)дискусия

в) практикада бекіту әдісі; ІІІ кезеңде –үшдеңгейлік тапсырмаларды

өз бетімен орындату арқылы бағалау әдістері.

4. Сабақтың формасы: І кезеңде – фронтальды жеке, ІІ кезеңде- топтық , фронтальды, ұжымдық

ІІІ кезеңде-жеке.



5.Сабақтың көрнекіліктері: жұмыс дәптері ашық журналдар, оқулық-слайдтар, тақта,

оқулық,


Сабақтың өту барысы:

І кезеңде а)ұйымдастыру;

б) үй тапсырмасын тексеріп, тақтадағы журналға белгілеу;

в) көпір тапсырмаларын тексеру.

ІІ кезеңде а) оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші

тапсырмаларға оқулықтан жауап іздеуі. Бағалау арқылы тақтадағы ашық

журналға және оқушының жеке журналына қою.

б)мұғалімнің көмегімен күрделі эфирлер және майлар, көмірсулардың химиялық


қасиеттері, қолданылуы туралы ерекшелігін байланысты дискусcия жүргізуі.

в) тақтамен, оқулықпен жеке жұмыс.



ІІІ кезеңде- дұрыс орындалған деңгейлік тапсырмаларды журналға белгілеп отыру, жиналған

алғашқы ұпайлармен қорыту, жеке журналдарына тіркету қалған тапсырмаларды

үйден аяқтап келуге беру.


1-кезең

«КӨПІР» тапсырмалары

(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)

1-кезең. Ұйымдастыру кезеңі

Сұрақтарға жауап бер.

1.Эфирленудіру реакциясы дегеніміз не?

Жауабы: Карбон қышқылдарының спирттермен әрекетесіп, күрделі эфир түзу реакциясы эфирлендіру реакциясы деп аталады:



О

R1- -R2

C

2. Кучеров реакциясы деген не?



Жауабы: Сірке альдегидін алудың ең көп тараған әдісі –Кучеров реакциясы.

O

НС=CH+H2O=CH3-C



Ацителен су сірке альдегиді H

3. Этил спиртінің физикалық қасиеттері қандай?

Жауабы: Этил спирті С2 Н5 ОН-өзіне иісі бар, түссіз сұйықтық, суда жақсы ериді, аузы ашық ыдыста буланады.


ІІ кезең Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар

Теориясы:

«БІЛУ»

(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)

Сұрақтарға жауап жаз.

1.Күрделі эфирлердің жалпы формуласы қандай ?

Жауабы: Күрделі эфирлердің жалпы формуласы.

O

R1-C-O-R2

2. Табиғатта күрделі эфирлер қайда кездеседі?

Жауабы: Күрделі эфирлер табиғатта хош иісті жемістер мен көкөністерде гүлдерде, т.б өсімдіктерде болады.

3. Майлар деген не, олар қайда кездеседі?

Жауабы: Майлар –судан жеңіл суда ерімейтін, тек органикалық еріткіштерде еритін заттар. Күнделікті тұрмыста майлардың қатты, сұйық жұмсақ түрлері болады.

4.Көмірсулар қандай қосылыстар?

Жауабы: Көмірсулар –адамдар, жануарлар және өсімдіктер тіршілігінде маңызы рөл атқаратын табиғи қосылыстар.

5.Көмірсулар қайда кездеседі?

Жауабы: Көмірсулар өсімдік массасының 80 -ні құрайды, сондай-ақ басқа тірі организмдер клеткаларының маңызды құрам бөлігі болып табылады.


Теориясы:

«ТҮСІНУ»

(Неге?

Неліктен? Себебі? Не үшін?)

Бос орынға тиісті сөздерді жаз.

1.Майларды неліктен қоректік зат деп атайды?

Жауабы: Майлар тірі организмдерге –энертикалық құрылымдық және қорғаушы функцияларды атқарады, 1 кг май ыдырағанда, 38, кДж энергия бөледі.

2. Көмірсулар деп аталу себебі неде?

Жауабы: Көмірсулардың көбінің құрамы Сn2О) жалпы формумасымен белгіленеді, бұл формула бойынша көмірсулар көміртек пен судан құралады


Теориясы:

«ТАЛДАУ»

(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек )

Көмірсулардың жіктелу сызбанұсасын келті

Көмірсулар



Жай көмірсулар

Күрделі көмірсулар

Анықтамасы

Моносахаридтер қарапайым құрылысы, әрі қарай көмірсу түзіледі гидролизденбейтін көмірсулар

глюкозо, фруктоза


Анықтамасы

Молекуласы екі немесе бірнеше моносахарид қалдықтарынан құралған көмірсулар

сахароза кархмал целюкоза

Көмірсу түрлері

Көмірсу түрлері



Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ»

(Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т.б. түрінде)


Венн диаграммасын толтыр




Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(қарапайым тапсырмалар

Оқулықпен жұмыс №6,7 есептер.

Сірке қышқылы мен метанолдың эфрилену реакциясының теңдеуін жазып, алынған затты атаңдар.

СН3СООН+СН3ОНСН3ООСН32О

диметилэфирі су

Құмырсқа қышқылы мен метанолдың эфирлену реакциясының теңдеуін жазып, эфирді атаңдар.

О О

Н-С +ОН –СН НС

ОН О-СН3

Құмырсқа қышқылы мен метил эфирі



Практикасы:

«БАҒА БЕРУ»

(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

«Сен қалай ойлайсың?»

Фотосинтез процесінің табиғаттағы маңызы неде?

Менің ойымша : Фотосинтез процесінде қоректі зат синтезімен қоса тыныс алуға өте қажет оттек түзіледі және көмірқышқылы газын сіңіріп экологияға да пайдасын тигізеді.


ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау

І-деңгей (5 балл)

Теориясы:

«БІЛУ»

(Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)

Бос орынға тиісті сөзді жаз .

1.Күрделі эфирлер өкілдерінің физикалық қасиеттері қандай?

Жауабы: Қарапайым өкілідері –түссіз, тез қайнайтын хош иісті (жемістер сияқты) сұйықтықтар, олар суда нашар ериді.

2.Глюкоза қандай зат?

Жауабы: Глюкоза –кристалдық зат, дәмі тәтті суда жақсы ериді, керісінше спиртте, эфирде ерімейді, оның молекуласында екі түрлі топ бар : альдегидтік және спирттік


Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(қарапайым тапсырма)


Есепті шеш.

Лабораторияда жұмыс істегенде лаборант таразының бір иініндегі табақшаға 0,3 моль сахароза (С12Н22О11) салды . Таразы тепе-теңдікте болу үшін екінші иініндегі табақшаға глюкозаның (С6Н12О6) неше молекуласын салу керек екенін табыңдар.

Бер:  (C12H22O11)=0,3 моль Шешуі: Мr (C12H22O4)=144+176+22342

342г -1моль

Т/К NA(C6H12O6)=? Хг-0,3 моль Х=102,6 г

Mr(C12H12O6)=72+12+96=180г

180г 1 моль

102,6 Х моль Х=0,57 моль

Жауабы: NA(C6H12O6)=?0,57 моль



ІІ-деңгей (5 балл +4балл =9 балл)

Теориясы:

«ТҮСІНУ»

(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)

Сұрақтарға жауап бер.

1.Крахмал дегеніміз не?

Жауабы:

Көмірсулардың өкілі крахмал (С6 Н10 О5)n . Ол полисахарид күріште (80), картопта (20) дәнді дақылдардың құрамында болатын маңызды зат.



2.Майларды алған ашқан ғалымдар кімдер ?

Жауабы: Майларды гидролиздеп, құрамын ашқан француз ғалымы Э. Шеврель және француз ғалымы М. Бертло ашты




Теориясы:

«ТАЛДАУ»

(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде?

4. Тақырыптың басты идеясын жаз, - деген тапсырмалар болу керек. Немесе, 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.


Кестені толтыр.

Салыстыру белгілері

Көмірсу атауы

Глюкоза

Сахароза

Крахмал

Молекулалық формула

С6Н12О6

С12Н22О11

6Н10О5)n

Көмірсу түрі

Жай көмірсу

Күрделі көмірсу моносахарид

Күрделі көмірсу полисахарид

Физикалық қасиеттері

Дәмі тәтті, суда жақсы ериді кристалл зат

Дәмі тәтті, суда жасқы еридін ақ кристалл зат

Суда ерімейтін, дәмсіз ақ ұнтақ зат




Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(2-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады)

Есепті шығар .

18 гр глюкоза спирттік ашғанда неше гр этанол түзіледі?



18г Xг

Бер: m(C6H12O6)=18г Шешуі: C6H12O6 спирт алу 2C2H5OH+2CO2



180г 92г

Т/к m(C2H5OH)=?  = ; X= =9,2г

Жауабы: m(C2H5OH)= 9,2г


ІІІ-деңгей (5балл +4 балл +3 балл =12 балл)

Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек )


Суретке қарап, жүретін процесті анықта және проустік теңдеу құр

Бұл процесс фотосинтез деп аталады. Ол өсімдік жапырағында жарықтық әсерінен бейорганикалық заттардан органикалық заттар синтезді



6СО2+6Н2О=C6H12O6+6O2

глюкоза оттек

Сонда өсімдіктерді «жасыл фабрика» деп атайды.

Практикасы:

«БАҒА БЕРУ»
(сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

Медицинада глюкозаның ерітіндісі үнемі қолданылады . Сен қалай ойлайсың осы ерітіндіні не үшін қолданады? Көмірсуларға бай тағамдарды

күнделік қалай қолданасын?



Менің ойымша: Адам ауырып әлсіреген

кезде оның организмін қалпына келтіру

мақсатында ауырған адамның күре

тамырын глюкозаның 40 -тік ерітіндісін

тамшылатып жібереді деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет