Сабаќтыѕ таќырыбы: Кїй атасы-Ќўрманєазы



жүктеу 54.36 Kb.
Дата01.03.2018
өлшемі54.36 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы жайлы бір толғау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Атақты күйші Құрманғазы Сағырбаевтың күйлері арқылы оқушылардың білім-таным қасиетін арттыру. Хамит Ерғалиевтің «Құрманғазы» поэмасында қандай оқиғалар бейнеленгенін білу. С.Бәйтерековтің «Дос туралы жыр» әнін үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, әнді мәнерлеп орындау қабілеттерін дамыту, есту арқылы тыңдай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларға рухани-танымдық тәрбие беру, композиторлардың әндеріне, күйлеріне қызығушылығын және музыка мен туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, музыка.

Сабақтың көрнекілігі: Құрманғазы Сағырбайұлының портреті, Хамит Ерғалиевтің портреті, Сейдолла Бәйтерековтың портреті, презентация, смайликтер,фортепиано,баян аспабы, кластер, интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық (оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады).

2.Үй тапсырмасын тексеру. ( «Қайран Нарын»)

Сұрақтар:

1)Не себепті Баймағамбет сұлтан Махамбетпен қастасады?

2)Махамбет «Мен, мен едім, мен едім» атты толғауын кімге арнайды?

3)«Кайран Нарын» атты күйі дүниеге қалай келді?

4)Махамбеттің қандай толғауларын білесің?

Махамбет-елінің жоғын жоқтап, рухын көтерген күрескер ақын, жорықты бастаған табанды батыр, хан-сұлтандардан қаймықпай сөз айтқан от ауызды, өткір тілді жырау болса, Құрманғазы да сондай тарихи тұлға болды.



3 слайд

2.Жаңа сабақ.

-Балалар, күй атасы – Құрманғазы Сағырбаев (1823-1896)-қазақтың ұлы композиторы, күйшісі; бұрынғы Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.Кішкентай кезінде, яғни алты жасар Құрманғазы байдың малын бағып жүріп, қолынан домбырасын қалдырмайды екен.Сөйтіп жүріп, күйші атамыз қазақ даласының сұлулығын суреттеп, «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», «Қайран шешем», т.б. күйлерді шығарған.

(интерактивтік тақтадан Құрманғазы туралы мағлұматты оқу)

4 слайд

3.Топтық жұмыс: оқушыларды 4 топқа бөлу. Оларға тапсырма беріледі.

1-топ. «Аман бол, шешем, аман бол» күйі туралы айтады.

2-топ. «Кішкентай» күйі туралы мағлұмат.

3-топ. «Не кричи, не шуми» күйі туралы мағлұмат.

4-топ. «Адай» күйі туралы айту.
5 слайд

«Аман бол, шешем, аман бол» күйін Құрманғазы анасына арнаған. «Торы атты ерттеп, жолға жиналған Құрманғазы үйден шығар алдында домбырасын қолына алады да, анасымен қоштасып бір күй тартады. Шығарып салуға жиналған достары күйдін атын сұрамай-ақ білді.Өйткені бұл күйдің басындағы бірінші бастамасының өзі «Аман бол, шешем, аман бол» деп айтып тұр еді.

6 слайд

«Кішкентай»- Құрманғазының бірінші тырнақалды күйі.Күйдін басты арқауы- XIX ғасырдың 30 жылдарындағы Бөкей хандығында етек алған шаруалар көтерілісі. Хан мен султандар кедейлерге егістік, шабындық, қысқы-жазғы жайылым бермеген.Қара халықты жан-жақты қысқан. Осының бәрі еңбекші шаруаның наразылығын тудырып, ақыры шаруалар көтерілісі басталды.Бұл көтерілісті Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастайды.Исатай 1838 жылы 12 желтоқсанда Ақбұлақ жеріндегі ұрыста қаза табады. Бұл күйді кішкене інісінің үлкен ағасы – Исатайға арнауы депті.Содан кейін «Кішкентай» атанып кеткен.

7 слайд

«Не кричи, не шуми» Құрманғазы тек ұлы күйші ғана болып қоймай, қарапайым халықтың қорғаушысы, жақтаушысы да бола білді. «Құрманғазыны алып келе жатқан арба бір судан өту үшін паромға тиеледі. Онда бір шаруа ат-арбасымен паромның шеттеу жағына орналасады. Қасында әйелі бар урядник әлгі жерден өтем дегенде шаруаның аты делең-деген урядник әйелінің көйлегінен үркіп, әйелге дертенің басы қатты тиіп кетеді. Урядник шаруаға айқалап, паромнан түсіріп жіберем деп қорқытып, паромдағылардың бәрін балағаттап болады. Сонда Құрманғазы өзінің арыстандай ақырған қатты даусымен урядникке ақырып жібереді. Одан әрі қайрат көрсетуге қол бос болмаған соң, бармағын шайнап қала береді. Бірақ урядник едәуір жасқанып қалады. Паромнан жұрт шығып көліктерін, киім, саймандарын тәртіпке келтіргенше Құрманғазы домбырасын алып, бір күй тартады. Жүрісінен шаршаған халық домбыра даусымен күйшіге жақындап келіп, күйдін атын сұрайды. «Бұл анау жүгенсіз урядникке «Не кричи, не шуми» деп тартқан күйім ғой»,-дейді.Оған тіпті Құрманғазыны айдап келе жатқан солдаттарға дейін күліп, күйді тағы бір –екі рет тартқызады».

8 слайд

«Адай» Құрманғазы жолаушылап келе жатып, бір үйге түседі.Үйдің иесі Адай руынан екен. Үйге кіргесін ілулі тұрған домбыраны көреді. Оны алып, шегін дұрыстап, қайтадан іліп қояды. Сол кезде үйге бір қыз кіріп келіп: «Менің домбырамда кім ойнады?» деп, сұрады қыз. «Мүмкін келген қонақ шығар» деді әкесі. Сол кезде қыз отыра қалып өзінің күйін ойнады. « Қалқам, Ақмандай, (Ақмандай-қыздың аты)-бұл ойнаған күй өте жақсы емес» деп Құрманғазы өзінің күйін ойнады. Бұл күй «Адай-қыз» деп Ақмандайға арналған еді. Ел ішінде ол күй «Адай »күйі деп аталып кетті.(күйді тыңдау).
Оқушыларға «Сарыарқа»күйін тындату.Тыңдаудың алдында сұрақтар :

1.Осы күйден нені аңғарасыңдар?

2.Күй сендерше қандай жайларды баяндап тұрғандай?

9 -10 слайд

«Сарыарқа» күйінің шығуы туралы көз көрген қариялардан тарап, ел аузында жүрген мынадай аңыз-әңгімелер бар. Неше рет жер аударылып, Сібір түрмелеріне қамалып, аяғына кісен салынып, «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» күйлерін шығарған Құрманғазы «бірде түрмеден қашып келе жатып, Арқа, Алатауды басып өтіп, өз еліне жеткен екен, «Сарыарқа», «Алатау» күйлерін сол жерлерде жол-жөнекей қона-түней жүрген кездерінде шығарыпты » деген әңгімелер бар. Сол әңгіме желісі бойынша Құрманғазы бір түрмеден қашқан жолында Арқадағы атақты күйші Тәттімбетке соғып, күй тартысып, сауық-сайран құрып, ұзақ күндер қадірлі қонағы болыпты. Сонда Тәттімбеттің сый-сияпатына риза болған Құрмагғазы Тәттімбетке «Сізге арнаған сыйым болсың» деп осы «Сарыарқа»күйін шығарып, тарту етіпті дейді. «Сарыарқа» күйіне айызы қанып, рақаттанған Тәттімбет, «ендеше мен де саған бір күй арнайын» деп «Көкейкесті»күйін Құрманғазыға арнаған екен.Осыдан соң Тәттімбет Құрманғазының астына ат мінгізіп, жанына жүз қаралы жігіт ертіп, жүз шақырымдай жерге шығартып салдырған екен деседі.Құрманғазының күйлері алғаш оркестрмен 1934 жылдан бастап орындала бастады. «Балбырауын», «Қызыл қайың», «Серпер», «Ақсақ киік», «Назым», «Балқаймақ», «Түрмеден қашқан», «Сарыарқа», «Алатау», «Жігер», «Байжұма», «Адай», «Итог», «Төремұрат» т.б. шығармалары бар.Осындай күйлердін авторы, саусағынан саз тамған Құрманғазы-күй атасы демей, кім дейміз.(күйді тыңдау)

11 слайд

4.Кластерді толтыру. Құрманғазының жан-жақтылығы.

12 слайд

5.Сергіту сәті. «Қара жорға» биін билеу.

13 слайд

6. Алдын ала оқушыларға тапсырма беріледі. (дарынды балалармен жұмыс)

Хамит Ерғалиев (1916-1997) –белгілі ақын, Қазақстанның халық жазушысы. Атырау облысы Махамбет ауданы Аққыстау ауылында дүниеге келген. 30-ға тарта жыр жинақтарының авторы. Х.Ерғалиевтің «Әке сыры», «Күй дастан», «Құрманғазы», «Жайық жырлары», т.б.көптеген өлеңдер, балладалары мен поэмалары бар.



14 слайд

7.Оқулықпен жұмыс 10-11 бет. оқу. сұрақтар қоямын:

1)Хамит Ерғалиевтің «Құрманғазы» атты поэмасында қандай оқиға бейнеленген?

2)Құрманғазыға орыс патшалығы қандай айып тағады?

Ақын Хамит Ерғалиев Құрманғазының «Балбырауын» атты күймен айтқан ойын сөзбен жеткізеді. Күй мен күйшіні тыңдаушымен тілдестіре алды.



Тыңдау Құрманғазының «Балбырауын» күйін

15-16 слайд

7. Дауысты жаттықтыру. Ән үйрету- «Дос туралы жыр». Өлеңін жазған Т.Молдағалиев, әнін жазған С.Бәйтереков. Ол-атақты композитор. Оның әндері: «Әлия», «Дос туралы жыр», «Күнге табыну», «Түркістан» .

17 слайд

8.Қорытынды.

1.Құрманғазы қай ғасырда өмір сүрген?

2.Қандай жанұядан шыққан?

3.Ол кім, күйші деп неге айтамыз?

4.Қолына қару алып күреспесе де, оны күрескер деп айта аламыз ба?

5.Не себепті Құрманғазының аты аңызға айналды?



6.Күй қандай шығарма?

9.Бағалау. Релаксация (оқушылардың алдында көңілді және көңілсіз смайликтер бар) соның біреуін алып тақтаға іледі. «Сабақ ұнады ма ?», «Несімен ұнады?», «Әлде ұнаған жоқ па?».

18 слайд

10.Үйге тапсырма -10-11 бет мазм. 6-7 бет әннің сөзін үйрену.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет