Сабақтың тақырыбы: Линза және оның оптикалық параметрлері. Оптикалық аспаптар. Көз оптикалық жүйе ретінде Сабақтың мақсаттары



жүктеу 124.1 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі124.1 Kb.
түріСабақ

Сабақ жоспары
Оқытушы: Аппазова А.Ж.

Пән: Физика

Топ: __________

Сабақтың тақырыбы: Линза және оның оптикалық параметрлері. Оптикалық аспаптар. Көз оптикалық жүйе ретінде

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Жарық құбылыстарының жаңа қасиеттерімен танысу, сыну және шағылу ұғымын қалыптастыру, сыну және шағылу заңы мен формуласын үйрету, оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру, сыну және шағылу құбылысының схемалық суретін сала білу;

Дамытушылығы:студенттердің сауаттылықтарын, логикалық ойлану қабілеттерін дамыту; қабылдау, есте сақтау қабылеттерін лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерту;

Тәрбиелілігі:жан-жақты білімді, мәдениеттілікке, әдептілікке, өзгеге деген сыйластыққа, ұжыммен жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақ әдісі:сұрақ-жауап, баяндау, үлестірмелі жаттығу сабағы.

Көрнекілігі:Сабақ жабдығы, интерактивті тақта, оқулық, слайд, суреттер, етістік шақтарының кестесі, интернет ақпараттары, текстер, диалог, сөздік, үлестірмелі материалдар.

Сабақты оқыту түрі: жаңа білім беру.

Пәнаралық байланыс:математика.

Әдебиет:

Негізгі әдебиет

Кронгард Б.А. Кем В.И., Қойшыбаев Н. Физика /Жалпы беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/.-Алматы: Мектеп, 2014

Қосымша әдебиет

1. Физика 11 сынып есеп жинағы
Сабақтың барысы және уақытының өлшемі:




Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі


Амандасу, оқушылардың қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу жоспары.

2 мин

2

Үй тапсырмасын тексеру


Генераторлардың құрылысы?

Жұмыс істеу принципі?

Трансформаторлар не үшін қажет?


8 мин

3

Жаңа сабақты жеткізу әдісі

  • Жарықтың сыну және шағылу заңдары.

  • Толық шағылу құбылысы.

  • Сынудың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштері.

  • Линза және оның оптикалық параметрлері.

  • Линзада кескін алу.

  • Оптикалық аспаптар.

  • Көз оптикалқ жүйе ретінде.

15мин

4

Білім деңгейін пысықтау


Семантикалық карта толтыру

10мин

5

Сабақ қорытындысы Тақырыпты бекіту


тест

20мин

6

Оқушылардың білімін бағалау.


Сабақта көрсеткен деңгейі бойынша бағалау.

2 мин

7

Үй тапсырмасы

Б.Кронгарт, В.Кем,Н.Койшыбаева

Физика 11 сынып §



3мин



Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

  • Жарықтың сыну және шағылу заңдары.

  • Толық шағылу құбылысы.

  • Сынудың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштері.

  • Линза және оның оптикалық параметрлері.

  • Линзада кескін алу.

  • Оптикалық аспаптар.

  • Көз оптикалқ жүйе ретінде.

Геометриялық оптика

Физиканың жарықтың электромагниттік толқындарының шығарылуына, таралуына және затпен өзара әсерлесуіне байланысты құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейтін бөлімі оптика деп аталады. Жарық толқындары электромагниттік толқындар шкаласында ультрақысқа миллиметрлік радиотолқындардан бастап, гамма – сәуле шығаруға дейінгі орасан зор диапазонды қамтиды.

Геометриялық оптикада жарықтың біртекті ортада таралу заңдылықтары қарастырылады.

Егер ортаның сыну көрсеткіші оның барлық жерінде бірдей болса, онда орта оптикалық біртекті орта деп аталады.

Жарықтың вакуумдегі жылдамдығының оның берілген ортадағы жылдамдығына қатынасын осы ортадағы сынудың абсолют көрсеткіші деп аталады.

Екінші ортаның біріншіге қатысты салыстырмалы сыну көрсеткіші n21 деп жарықтың бірінші және екінші ортадағы сәйкес 1 және 2 жылдамдықтарының қатынасын айтады: . Егер n211 болса, онда екінші орта біріншіге қарағанда оптикалық тығызырақ орта деп аталады. Жарық екінші ортаға өтерде ол бөлу шекарасына перпендикуляр түспеген жағдайда оның таралу бағыты өзгереді.



Оптикалық біртекті ортада жарық түзу сызық бойымен таралады.

Жарықтың сыну заңдары:

Түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөліп тұрған шекарадағы түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуля бір жазықтықта жатады.

түсу және сыну бұрыштары синустарының қатынасы тұрақты шама, және ол салыстырмалы сыну көрсеткішіне тең болады.


Бұл заңды Синелус заңы деп те атайды. Оны ХVІІ ғасырда (1621ж) В Синелус тұжырымдаған. Ал 1630 жылы Р. Декарт оған теориялық негіздеме жасаған.






Жарықтың шағылу заңдары:

Түскен сәуле, шағылған сәуле және екі ортаны бөліп тұрған шекарадағы түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуля бір жазықтықта жатады.

Түсу бұрышы шағылу бұрышына тең болады.

Жарықтың сыну және шағылу заңдары жарық жұтылмайтын біртекті орта үшін дұрыс.






Егер жарық сәулелері оптикалық неғұрлым тығыз ортадан оптикалық тығыздығы аздау ортаның шекарасына, мысалы, шыныдан суға түссе, онда жарық екінші ортаға өтпейді. Бұл құбылыс толық шағылу деп аталады.

Егер линзаны шектеуші беттердің қисықтық радиустары R1 және R2 олардың қалыңдықтарынан анағұрлым аз болса, онда ол жұқа линза деп аталады.




Жинағыш (a) және шашыратқыш (b) линзалар.


Линзалар. Екі сфералық бетпен шектелген молдір дене линза деп аталады. Жеке жағдайларда бір беті жазық болуы мүмкін, практикалық маңызы бар көптеген жағдайларда линзаны шектеуші беттердің екеуі де сфералық бет болып келеді.Егер линзаны шектеуші беттердің қисықтық радиустарды Rжәне Rолардың қалыңдықтарынан анағұрлым аз болса, онда ол жұқа линза деп аталады.

Линзаны шектеуші сфералық беттердің қисықтық Cжәне C центрлері арқылы өтетін түзу линзаны оптикалық бас осі деп аталады.

Жұқа линзадағы оптикалық бас осътің екі жақ бетпен қиылысу нүктелері О мен Олинзаның оптикалық центрі деп аталатын О нүктесінде түйіседі деп есептеуге болады. Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін, бірақ оптикалық қосымша осьтер деп аталады. Оптикалық осьтердің кез-келгенінің бойымен таралатын жарық сәулесі линзадан сынбай өтеді.

Праксиал жарық шоғының оптикалық бас оське параллель таралатын сәулелері осы осьте жатқан және линзаның фокусы деп аталатын нүктеде қиылысады.

Линзаның фокусы арқылы оптикалық бас оське перпендикуляр түсірілген MN жазықтық фокустық жазықтық деп аталады.



Линзаның оптикалық центрінен оның фокусына дейінгі OF=f қашықтық линзаның фокус аралығы деп аталады:
Жұқа линзаның формуласы параксиал сәулелер үшін дұрыс.

Егер линзаның фокус аралығы оң болса, , онда линза оң (жинағыш ) деп, фокус аралығы болса, онда теріс (шашыратқыш) деп аталады.

Ауадағы шыны линзалар үшін қос дөңес, жазық дөңес жинағыш линзалар болып табылады.

Шашыратқыш шыны линзалар:қос ойыс, жазық ойыс, және дөңес ойыс линзалар болып табылады. Жинағыш линзалардың фокусы шын, ал шашыратқыш линзалардыкі – жалған болады.

Параксиал сәулелер үшін жұқа линза формуласының тағы бір түрі:

немесе ,

мұндағы , ,линзаның фокус аралығы, плюс таңбасы-жинағыш линза үшін, минус таңбасы шашыратқыш линза үшін. (5.5) шамасы линзаның оптикалық күші деп аталады. Жинағыш линза үшін , шашыратқыш линза үшін . D оптикалық күші f=1 м болғанда бір диоптрияға тең.


Заттар

Ауаға қатысты сыну көрсеткіші

  Су

  глицерин

  Алмас

  Мұз


  Тұз

  Кварц


  Лағыл

  Қант


  Шыны сорттары

1.33

1,47


2,42

1,31


1,54

1.54


1,76

1,56


1,47 до 2.04


Суда дененің геометриялық өлшемдері 1,33 есе өзгеріп (үлкейіп) көрінеді.

Бекіту сұрақтары:

  1. Геометриялық оптика нені оқытады?

  2. Жарық сәуелесі және сәуленің түсу жазықтығы деген не?

  3. Шағылу заңын кім айтады?

  4. Оның матемтаикалық өрнегін тақтаға кім жазып көрсетеді?

  5. Жазық айнада айнадағы кескіннің шын кескіннен қандай айырмашылықтары бар?

2. Есептер шығарту: Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. 1022, 1023, 1033 есептер.

3. Тест.

4. Семантикалық картаны толтыру.

Тест сұрақтары

Геометриялық оптика

1. Жарықтың толық шағылу заңы төмендегідей жазылады:












2. Затқа жарық 450 пен түсіп, 300 пен сынған болса, заттың сыну көрсеткіші неге тең?


  1. 1,4

  2. 1,3

  3. 1,5

  4. 1,6

  5. 1,2


3. Егер жарық судан шыныға өтсе толық шағылу құбылысы болуы мүмкін бе?


  1. Жоқ.

  2. Иә.

  3. Мүмкін.

  4. Білмеймін.

  5. Дұрыс жауабы жоқ.


4. Геометриялық оптика дегеніміз -


  1. Оптиканың бөлімі.

  2. Оптиканың мөлдір ортада жарықтың таралу заңдылықтарын зерттейтін бөлімі.

  3. Оптиканың тығыз ортада жарықтың таралу заңдылықтарын зерттейтін бөлімі.

  4. Оптиканың тығыз емес ортада жарықтың таралу заңдылықтарын зерттейтін бөлімі.

  5. Жарықтың таралу заңдылықтарын зерттейтін бөлімі.


5. Жарық жылдамдығы -


  1. 300 000 км/сағ

  2. 300 000 мм/с

  3. 300 000 м/с

  4. 300 000 км/с

  5. E. 300 000 мм/сағ


6. Жарықтың шағылу заңына сәйкес:


  1. Жарық түзу сызықты таралады.

  2. Жарық шағылмайды.

  3. Түсу бұрышы кіші болады.

  4. Жарықтың түсу бұрышы сыну бұрышына тең.

  5. Жарықтың түсу бұрышы сыну бұрышына тең болмайды.


7. Егер жарық айнаға 600 бұрышпен түссе сыну бұрышы –


  1. 690

  2. 660

  3. 00

  4. 900

  5. 600


8. Егер жарық айнаға 300 бұрышпен түссе айна мен шағылған жарық арасындағы бұрыш –


  1. 690

  2. 600

  3. 00

  4. 900

  5. 300


9. Жарықтың сыну заңы бойынша –












10. Жарықтың салыстырмалы сыну көрсеткіші дегеніміз -

  1. Бірінші ортаның екінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші.

  2. Екінші ортаның бірінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші.

  3. Екінші ортаның бірінші ортаға қатысты сыну көрсеткішін алғанға тең.

  4. Бірінші ортаның екінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші алғанға тең.

  5. Бірінші ортаның екінші ортаға қатысты сыну көрсеткішін қосу.




Семантикалық карта.

Сұрақ пен дұрыс жауаптың қилысына «+» таңбасын қойыңыз.



(екі сұрақтың жауабы біреу болуы мүмкін)



Сұрақ

Шағылу

Сыну

Шағылу заңы

Сыну саңы

Сындыру көрсеткіш

1

бұл ненің формуласы?
















2

Көл бетінен күн көрініп тұр. Бұл қандай құбылыс?
















3

бұл ненің формуласы?

-түсу, -шағылу бұрышы
















4

Судағы балықтар үлкен болып көрінеді. Бұл қандай құбылысты көрсетеді?
















5

Вакумдағы жарық жылдамдығының ортадағы жарық жылдамдығына қатынасына тең тұрақты шама:
















6

бұл ненің формуласы?
















7

бұл ненің формуласы?


















-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Семантикалық карта.

Сұрақ пен дұрыс жауаптың қилысына «+» таңбасын қойыңыз.



(екі сұрақтың жауабы біреу болуы мүмкін)



Сұрақ

Шағылу

Сыну

Шағылу заңы

Сыну саңы

Сындыру көрсеткіш

1

бұл ненің формуласы?
















2

Көл бетінен күн көрініп тұр. Бұл қандай құбылыс?
















3

бұл ненің формуласы?

-түсу, -шағылу бұрышы
















4

Судағы балықтар үлкен болып көрінеді. Бұл қандай құбылысты көрсетеді?
















5

Вакумдағы жарық жылдамдығының ортадағы жарық жылдамдығына қатынасына тең тұрақты шама:
















6

бұл ненің формуласы?
















7

бұл ненің формуласы?




















Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет