Сабақтың тақырыбы: Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері



жүктеу 53.98 Kb.
Дата20.03.2018
өлшемі53.98 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері.

Сабақтың мақсаты: 1. Логикалық пайымдаулардың, логикалық операциялардың негізгі ұғымдарымен таныстыру. Оқушыларға логикалық алгебра туралы мәлімет беру.

2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту. Логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету.

3. Жүрген орталарында кішіпейіл, сыйымды бола білуге, өз уақытын дұрыс пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ЕТ кешені, оқулық, тестілер, карточкалар, кроссворд, дәптер мен қалам.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқу процесін ұйымдастыру әдістері: Жеке өзіндік, топтық. Оқушы -компьютер, оқушы –мұғалім.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды жеке- өзіндік және топтақ әдістер арқылы өткен сабақтарды қорытындылау үшін төрт топқа бөліп отырғызамын.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Бірінші топқа ( төрт адамнан құралған) «Ақыл ойды шынықтырамыз» атты кроссворд шешу тапсырылады.

  • Екінші топ ( төрт адамнан құралған) сандарды бір санау жүйесінен екінші бір басқа санау жүйесіне түрлендіру есептерімен, екілік санау жүйесінде орындалатын арифметикалық амалдарға есептер шығарумен айналысады.

  • Үшінші топ ( төрт адамнан құралған) мұғалімнің сұрақтарына жауап берумен айналысады.

  • Төртінші топ ( үш адамнан құралған) тест жұмысымен айналысады

Қойылатын сұрақтар:

(Үшінші топ сұраққа жауап берумен айналысады).



  1. Ақпаратты өлшеудің минимальді бірлігі, бұл...

  2. Санау жүйелері дегеніміз не? (Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын-санау жүйесі деп атайды)

  3. Кибернетиканың негізін салушы кім? (Ноберт Винер)

  4. Ақпараттық процесс деген не? (Ақпарат сақтау, беру және оны өңдеу)

  5. 1Байтта қанша бит бар? (8 бит)

  6. Ақпарат деген не? ( Ақпарат-қоршаған орта мен ондағы болып жатқан процестер туралы хабарлар мен мәліметтер)

  7. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады? (позициялық санау жүйесінің негізі деп онда қолданылатын цифрлар санын айтады)

  8. Ақпарат сөзінде қанша байт, қанша бит бар? ( 7 байт, 56 бит)


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Логика бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.

Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нұсқалары дараланады: формальді логика, математикалық логика, ықтималдылықты логика, диалектикалық логика және т.б. Адам әр түрлі кесте құрғанда, бір-біріне қайшы келетін куәлар жауаптарының дұрысын анықтағанда және басқа көптеген жағдайларда логиканың көмегіне жүгінеді.

Пікір дегеніміз-жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау.

Пікірлер: жалпы және жеке болып бөлінеді.

Жеке пікір нақты фактірлерді көрсетеді.

сипа Жалпы пікірлер объектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін ттайды.

Күрделі жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық жалғаулықтарын пайдаланып, құрамды пікірлер арқылы беріледі. Мысалы: «Бұл оқушы ақылды және зерек» пікірі қарапайым «Бұл оқушы ақылды» және «Бұл оқушы зерек» деген пікірлерден тұратын құрамды пікір болып табылады.

Логикалық жалғаулықтардың көмегімен басқа пікірлерден құрастырылған пікірлерді құрамды деп атайды. Құрамды емес пікірлерді қарапайым немесе элементар деп атайды.

Құрамды пікірлерге ЖӘНЕ жалғаулығы әрқашан құраушы пікірлердің бәрін ақиқат деп ұйғарады.

Математикада НЕМЕСЕ жалғаулығы бар құрамды пікірді құрайтындардың кемінде біреуі ақиқат болса, ол ақиқат деп есептеледі, ал егер оны құрайтындардың бәрі жалған болса, ол жалған деп есептеледі.

Егер бастапқы пайымдау жалған болса, онда терістеу ақиқат және керсінше, егер бастапқы пайымдау ақиқат болса, онда терістеу жалған.
ІV Қорытындылау

Сабақты қорытындылау мақсатында мына кестені оқушыларға толтыртамын.



Ү. Бағалау. Оқушылардың білімін бағалаймын.

ҮІ. Үйге тапесырма.

Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері. Кітаптағы практикумның 3-тапсырмасы

Келесі пайымдаулар үшін олардың құрама немесе жай, ақиқат немесе жалған, жалпы немесе жеке екенін анықта


Пайымдаулар

Жай немесе құрама

Ақиқат немесе жалған

Жалпы немесе жеке

Күн ашық

жай

А,Ж

жеке

2 жай сан емес

жай

ақиқат

жеке

Қабырғалары тең болатын үшбұрыш теңбүйірлі емес

құрама

жалған

жалпы

Келесі сабақта не сурет саламыз, не пласталинмен мүсін жасаймыз

құрама

А;Ж

жеке

Не мен үйге барамын, не сен дүкенге барасың

құрама

А,Ж

жеке

Барлық үй қояндары сәбізді жақсы көреді

жай

ақиқат

жалпы

Ит –мысық емес

жай

ақиқат

жеке

Иттердің бәрі төрт аяқты, мысықтарда төрт аяқты

құрама

А,Ж

жалпы

Жер жазық

жай

жалған

жеке

Кез келген квадрат ромб болады

жай

ақиқат

жалпы

Қосуды орында және ондық санау жүйесіне аудар:


0110 1101

+ +


0110 0110

1100 10011

(12) (19)

Азайтуды орында және ондық санау жүйесіне аудар:


1010 1101

- -


110 110

100 111


(4) (7)
Қосуды орында және ондық санау жүйесіне аудар:
11001 1010

+ +


10111 0101

110000 1111

(48) (15)
Азайтуды орында және ондық санау жүйесіне аудар:
1001 1101

- -


111 10

10 1011


(2) (11)

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы

Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің

математика және информатика пәнінің мұғалімі

Жанбырбеков Айбол Тлеубекович

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет