Сабақтың тақырыбы: Ұлттар жарастығы- ұлы қазына



жүктеу 29.85 Kb.
Дата12.05.2019
өлшемі29.85 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Ұлттар жарастығы- ұлы қазына

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт-дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт – саналарын хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, слайд, әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері.

Сабақтың барысы: Бүгінгібіздің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда Ассамблеямыздың 20-жылдығына байланысты «Ұлттар жарастығы- ұлы қазына» тақырыбындағы 2-ші сыныптар арасында өтілетін әдеби сазды музыкалық сыныптан тыс іс-шарамыздың куәсі болыңыздар.

Жаса елім, жаса достық бірлікпен

Көштен қалма, қалма және тірліктен

Елім менің Қазақстан Отаным

Алға өрле үшінші мың жылдықпен – деп бүгінгі айтулы іс-шарамызды ашу үшін сөз гимназия директоры Нұрбалтаев Дүйсенбек Кеңесбайұлына беріледі.

Бүгінгі кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығына, «Кең болсаң, кем болмайсың» дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдері тұрып жатқан жайы бар.

Қазақ осы – айтатұғын елге сыр

О, ағайын, халық емес ол кесір

Қазақ осы – аңғал-саңғал жабусыз

Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір

Қазақ осы дала дейтін, күн дейтін

Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін

Қазақ осы- қарасын ба, ақсың ба

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін – деп Қадыр ағамыз жырлағандай ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім.

Тілі басқа тілегі бір біргеміз

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз

Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп

Татулықтан бұзылмасын іргеміз


Қазақ жері достықтың гүлістаны

Дархан өлкем Мерейлі ырыс бағы

Күрестерде еңбекте, мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстаған

Ендешебүгінгі кешке 2-сынып оқушылары қазақ, кәріс, өзбек, орыс, украйн халықтары болып келіп отыр. Әр ұлттың тарихын, өнерін ұлттық бұйымдары мен тағамдарын бірге тамашалайық. Өзге ұлттарды кең құшағына сиғыза білген қонақжай қазақтарды қошеметпен ортаға шақырамыз.

2 «Ә» Айдарбекова Гүлмира

1. Тарихы. Қазақ халқының кешегі мен бүгіні

2. Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын»

3.Би «Қара жорға»

4. Той бастар «Достық » тойын бастайды

5. «Шашу» биі

6. Қазақ халқының көрмесі

7. Ұлттық тағамдары

Тілі бөлек болғанымен тілек бір

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр – деп ортаға кәріс халқын шақырамыз. Кәрістер ортада 2 «А» сынып, сынып жетекшісі: Аршатай Арайлым

Ақ мақтаның мекені

Көңілі болған қарлы шың

Өз ағам деп еркелер

Өзбек ағам армысың - ортада өзбек ұлты.



2 «Б» сынып, сынып жетекшісі: Байкісі Нұлгелді

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін – дей келе орыс халқын қошеметпен ортаға шақырамыз 2 «В» сынып, сынып жетекшісі:Қоштаева Майраш

Жер-анамыз жасайды тарлық кімге

Кетпеу үшін мәңгілікке қалқып түнде

Қайталанып жаңарып айтылады

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

Олай болса бейбіт өмірді аңсайтын украйн халқын ортаға шақырамыз.



2 «Г» сынып, сынып жетекшісі: Төлеутаева Гүлнар

Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік, достық салтанат құрғанда бақыт пен шаттық, ынтымақтастық орнағанда ғана болашағымыз баянды болатынына кәміл сенеді.

Елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, қазақ елінің нығайып өркендеуіне өз үлесімізді өоса берейік.

Бір шаңырақ астында бір үйдің балаларындай болған көп ұлтты Қазақстан халықтарының достығы берік мәңгілік ел болғай!



Хор: «Достық жыры»

Біз сіздермен қоштаспаймыз, еліміз аман, достығымыз берік, бақытты күндеріміз көп болғай.
Каталог: uploads -> doc -> 10dd
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
10dd -> Всероссийский открытый конкурс
10dd -> Е.Үсеновтің қобызға арналған шығармалары. Сұрағанқызы Жансая Қызылорда қаласы
10dd -> Болашақ маман тұЛҒасын қалыптастыруда жаңа ақпараттық технологиялардың маңызы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет